Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

25 Қазан, 2025

Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды

25 Қазан, 2025

Алматы облысында Республика күні кең ауқымда аталып өтті

25 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады
  • Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды
  • Алматы облысында Республика күні кең ауқымда аталып өтті
  • SABA Group компаниясы Республика күніне арналған мерекелік шара өткізді
  • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне 600-ден аса тұрғын қатысты
  • Қызылорда облысында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті
  • Республика күніне орай Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды
  • Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 26 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Алматылық нейрохирургтер туғанына 4 күн болған сәбиге ота жасады

14 февраля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Іштей өкпесі қабынып, омыртқа, жұлын ақауларымен туған қыз бала Талдықорғандағы Облыстық балалар ауруханасынан санитарлық авиация арқылы жеткізілген. Алматыдағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының кезекші дәрігерлері нәрестені қарап шыққаннан кейін бірден жан сақтау бөліміне ауыстырды. Компьютерлік томография нәтижесінде оның іштей омыртқа кемістігімен туылып, жұлынында үлкен жарық бары анықталды.

Аурухана баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, айы-күні жетіп туған баланың дүниеге келгеніне 4-ақ күн болған. Анасының айтуынша, нәресте бел омыртқасы мен сегізкөз тұсындағы ісік тәріздес өскін салдарынан қатты мазасызданған.

«Нәресте аса ауыр халде болды. Себебі іштен бел омыртқа мен сегізкөз тұсында ми-жұлын жарығымен туған. Оның үстіне,  аяқтарының қозғалысы шектелген (төменгі парапарез); аяқ-қолында қан айналымы бұзылып, бұлшық еттері семе бастаған; жамбас қуысындағы бұзылыс салдарынан дәреті тұрмайды; басының көлемі кішкентай болып туылатын немесе туғаннан кейін өспей қалатын   микроцефалия ауруы; екі жақты полисегментарлы пневмония диагнозы жағдайды қиындата түсті. Сегізкөз тұсындағы жарық омыртқа жолын жауып тастаған», — деді №2 БҚКА директоры Марат Рабандияров.

Жетекші балалар нейрохирургтері М.Рабандияров, А.Жарасов, А.Жайлғанов, Д.Сәбденалиев, Р.Танцарова, К.Жанайдаров, Г.Сүлейманова мен анестезиолог Ж.Шолаховтың қатысуымен консилиум өтті.

Нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісі Данияр Сәбденалиевтің айтуынша, баланың жағдайын, жұлындағы жарықтың жарылып, ағзаға инфекция таралу қаупін ескере отырып ота жасау туралы шешім қабылданды. Операциялық микроскоптың көмегімен жұлындағы жарық алып тасталды, төңірегіндегі тіндермен пластика жасалды.

Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін жасалды. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет тарапынан сақтандырылатын 15 санатқа жатады.

«Жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Жұлындағы сұйықтықтың жарадан сыртқа ағып кету қаупі сейілді, қазір жара орны жазылып келеді. Аяқтардың қозғалысы сақталып қалды, яғни теріс динамика жоқ. Пневмония ауруынан да жазылып келеді. Тағы бір қуантатыны, миына компьютерлік томография жасалды, гидроцефалия белгілері байқалмайды. Әдетте, мұндай ота жасалған балалардың миына сұйықтық жиналады. Жалпы, алдағы уақытта бақылауда ұстау керек. Қазір жасанды тыныстау аппаратынан алынды, бала өзінше тыныс алады. Алдағы уақытта тұрғылықты жеріндегі Облыстық балалар ауруханасына ауыстыру жоспарланып отыр», — деді нейрохирург.

Сәбидің анасы кішкентай пациентке күрделі ота жасап, өмірін сақтап қалған №2 БҚКА дәрігерлеріне алғысын жаудырды.

Оқылып жатыр

SABA Group компаниясы Республика күніне арналған мерекелік шара өткізді

«Өту билеті»: Ұлттық компаниялардың «басым құқығы» бәсекелестікті қалай жойып отыр?

Әлем алпауыттарынының ішінен Ұлттық мүддені қорғаудың ең тиімді жолы көпвектролы жолды жалғастыру – Думан Жекенов 

«Заң үстемдігі биік болсын»: Жемқорларға қарсы күресумен аты шыққан заңгер марапатталды

АҚШ-тың «Томагавк» зымырандарын Украинаға жеткізуден бас тартуы: саясаттың астарында не бар?

«Тынышталыңдар!»: Маңғыстауда ҚТЖ басшылығы жұмысшылар жиналысына «криминал» өкілдерін әкелген (видео)

Соңғы жазбалар

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

25 Қазан, 2025

Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды

25 Қазан, 2025

Алматы облысында Республика күні кең ауқымда аталып өтті

25 Қазан, 2025

SABA Group компаниясы Республика күніне арналған мерекелік шара өткізді

25 Қазан, 2025

Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне 600-ден аса тұрғын қатысты

25 Қазан, 2025

Қызылорда облысында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті

25 Қазан, 2025

Республика күніне орай Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды

25 Қазан, 2025

Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

25 Қазан, 2025

Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде ақмолалықтар 500 тоннаға жуық өнім саудалады

25 Қазан, 2025

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты

25 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.