Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Абай облысында жалпы өңірлік өнім 3,2 трлн теңгеге жетті: Берік Уәли халыққа есеп берді

20 Шілде, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Облыс әкімі Берік Уәли Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы жоспарлар туралы халыққа есеп берді. Жиында алдымен Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов ауданның 2024-2025 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады. Бұдан кейін баяндама жасаған аймақ басшысы өңірдің жалпы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, Абай ауданында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Облыс бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер оң өсіммен сақталып отыр. Жалпы өңірлік өнім көлемі 4,3 пайызға артып, 3,2 трлн теңгені құрады. Өсімнің негізгі бөлігі өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік салаларына тиесілі. Өңірге тартылған инвестиция көлемі 575,4 млрд теңгеге жетті, оның 75,8 пайызы – жеке инвестиция.

«Туған жерге туыңды тік» акциясы аясында Абай ауданына 1,5 млрд теңге инвестиция тартылады. Меценат Бектас Медғатовтың бастамасымен Абайдың 180 жылдығына орай құны 1,2 млрд теңгені құрайтын «Этно ауыл Жидебай» кешені салынады. Аудан орталығында Семей ядролық сынақ полигонының зардабын тартқан азаматтарға қолдау көрсету мақсатында жаңа оңалту орталығы ашылды. Абай ауданы аумағын интернетпен толық қамту үшін Жидебай музей-қорығы мен Бөрілі елді мекенінде антенна-діңгекті құрылғы орнатылуда.

Абай облысында 408 шақырым жылу желісінің 242 шақырымы ауыстыруды қажет етеді. Оның 25 пайызы Абай ауданында орналасқан. Қарауыл ауылына 1,3 шақырым жылу желілерін салуға құжат әзірленіп, Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім жолданды. Биыл Абай ауданы бойынша «Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар», «Семей-Қарауыл», «Қарауыл-Архат» бағыттарындағы жолдың бірнеше учаскелері жөнделеді. Бұдан бөлек Тоқтамыс ауылы мен Қарауыл ауылындағы көшелерге асфальт төселеді. Аудандағы Архат, Кеңгірбай би, Құндызды ауылдарында су құбырларын қайта жаңғыртуға қаржы бөлінді.

Биыл ауданда 8 мектепке жөндеу жүргізіліп, 3 мектепке пәндік кабинеттер мен автобус сатып алынады. Кеңгірбай би ауылындағы балалар лагерінің құрылысы жалғасуда. Ауданда әлеуметтік осал топтар үшін 43 пәтер беріледі. Саржал мен Көкбай ауылдарында спорттық модуль құрылысы жүріп жатыр. Аудандық мәдениет үйіне жөндеу жүргізілуде.

Облыс әкімі Абай ауданын дамыту бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

«Абай ауданына үшінші рет келіп отырмын. Өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешіледі. Алдымызда тұрған үлкен міндет – Абайдың 180 жылдық мерейтойы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, мерейтойды жоғары деңгейде өткізуіміз керек. Баршаңызды атаулы мерейтойға атсалысып, өңірдің биік мәдениеті мен елдігін көрсетуге шақырамын», – деді аймақ басшысы.

Кездесу соңында тұрғындар аудан орталығына қазандық салу, Семей сынақ полигоны аумағындағы халыққа жеңілдік жасау, полигон жерін ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға беру, жедел жәрдем қызметін ауданға қайтаруға, жедел жәрдем көлігін алуға, Жидебай музей-қорығының материалдық-техникалық базасын жаңартуға, жылыжай салуға қатысты сұрақтарын қойды. Облыс әкімі кездесуде көтерілген мәселелердің, айтылған ұсыныстардың ескерілетінін, ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын айтты.

Оқылып жатыр

Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр

Бесқарағай ауданында жүзу бассейнінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бородулиха ауданының Михайличенково ауылында өрт сөндіру пункті ашылды

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Шәріптоғайда заманауи емхана ашылды

Көкпекті аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізілді

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.