Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Өмір үшін арпалыс: баласын құшақтап теңізге секірген әке өртенген кеме мен судағы адамдарды әлемге көрсетті (видео)

21 Шілде, 2025 Оқиғалар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Индонезия теңізінде өртенген паромнан аман қалған Абдул Рахмад Агу есімді жолаушы қолындағы баласымен бірге теңізге секіріп, трагедияны тікелей эфирде әлемге көрсетті, деп хабарлайды Todayinfo сайты Anyqtime сайтына сілтеме жасап.

Құтқару кеудешесін киген ол ашық теңізде жүздеген адаммен бірге жан сақтау үшін арпалысып жатқан сәтін Facebook-та жариялады. Қазірге дейін 3 адамның қаза тапқаны анықталды. 150 жолаушы құтқарылған. Алайда кемеде 280 адам болғандықтан, тағы 130 адам іздестіріліп жатыр.

«Көмектесіңіздер, кеме өртеніп жатыр. Бортта әлі адамдар бар!» – деп ұзақ уақыт бойы сөйлеген Абдул.

Ол қолындағы сәбиді құшақтап, өзге жолаушыларды сабырға шақыруға тырысқан. Эфир 28 минутқа созылған. Өрт KM Barcelona VA паромында жексенбі күні күндіз басталған. Алдымен кеменің төменгі бөлігінен қою түтін шығып, артынша жолаушылар үреймен суға секіре бастаған. Құтқару кеудешесін киген адамдардың айқайлап, көмек сұрап жатқан видеолары әлеуметтік желіде тарап кетті.

Кемеден тұтас от шығып, аспанды қап-қара түтін жауып кетті. Экипаж мүшелері жолаушыларға құтқару кеудешелерін киіп, суға секіруге көмектескен. Құтқару жұмыстарына арнайы кемелермен қатар, жергілікті балықшылар мен тұрғындар да жұмылдырылған. Олар өз қайықтарымен адамдарды судан шығарып алған. Өрттен кейін кеменің қаңқасы ғана қалған.

KM Barcelona VA – Талауд аралдарынан Манадо қаласына жолаушылар тасымалдайтын паром. Ол Талисе аралына жақын маңда өртеніп кеткен. Кеме Манадо портына жетуге шақ қалған сәтте өрт тұтанған. Іздестіру-құтқару штабы жақын маңдағы Ликупанг портында құрылды. Жолаушылардың туыстары сабыр сақтап, ресми ақпаратты күтуде.

«Қосымша ақпарат береміз. Ең бастысы – барлық жолаушыларды аман алып қалу», – деді Манадо қаласындағы іздеу-құтқару қызметінің жетекшісі Джордж Ранданг.

Автор: Ерлан Айқынұлы

Оқылып жатыр

«Бейбітшілік үшін ұлы күн»: Трамп үшінші дүниежізілік соғысты тоқтатты

Трамп қысқа мерзімді сапармен Израильге барды

Газада соғыс тоқтады: ХАМАС пен Израиль келісімге келді

AZAL әуе компаниясы ұшағының апатына украиналық дрон да себеп болған – Путин

Дональд Трамп Газа секторына баруы мүмкін

Сириядан қашқан Башар Асадқа Мәскеуде у берді

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.