Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

30 тонна қымыз, 70 мың адам: Саржалдың сары қымызы – Астанада өткен республикалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

21 Шілде, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Астанада ел тарихында тұңғыш рет ұлттық сусын – қымызға арналған ірі гастрофестиваль «BaiQymyz – бапталған қымыз» өтті деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы.

Фестивальдің алғашқы күнінде, елордада жаңа рекорд тіркелді – еліміздің түкпір-түкпірінен қатысушылар Астанаға 30 тоннадан астам қымыз әкелді. Мұндай ауқымдағы шара Қазақстанда бұрын-соңды өткізілмеген.

Ал, Абай облысы үшін жағымды жаңалық!

Астана әкімдігі ұйымдастырған «Бай қымыздың» жеңімпаздары белгілі болды. Алғаш рет республикалық деңгейде өткен “Бай қымыз” гастрофестивалінде Абай облысының Саржал ауылы бас жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіншіледі.

“Саржалдың сары қымызы – көптен бері ел аузында жүрген, талай жұрттың таңдайын қақтырған табиғи өнім. Бірақ бүгінгі жеңіс тек дәм арқылы емес, әділ де ашық дауыс беру нәтижесінде анықталды. Демек, бұл – халықтың өзі берген әділ баға!” – деп жазды өңір басшысы.

Әкімнің айтуынша, бұл жеңіс – өңірдің әлеуетін, табиғи өнімге деген адалдығы мен дәстүрге деген құрметін паш еткен маңызды оқиға. Әсіресе, Абайдың 180 жылдығы қарсаңында мұндай жетістік ерекше символдық мәнге ие.

 Іс-шараның алғашқы күні-ақ 70 мыңнан астам қонақ келіп, фестивальге қатысушылар арасында тек астаналықтар мен Қазақстанның өңірлерінен келген тұрғындар ғана емес, алыс-жақын шетелден келген туристер де болды, дейді Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Берік Уәли аталмыш марапаттың ішкі туризм мен өңірлік брендтерді дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ, қымыз өндірушілерге, ұйымдастырушыларға және дауыс берген жұртшылыққа алғыс айтты.

“Жеңіс құтты болсын, жерлестер!” – деп түйіндеді Абай облысының әкімі.

Айта кетейік, фестиваль 19-20 шілде күндері Астанадағы «Қазанат» атшабарында өтті. Қымыздан дәм татумен қатар, келушілер ұлттық тағамдардан ауыз тиіп, фольклорлық өнерді тамашалап, қолөнер жәрмеңкесін аралап, концерттер мен жылқы көрмесіне қатыса алады.

«Ең үздік қымыз» байқауының жеңімпаздары:
• І орын – Абай облысы, Саржал ауылы, «Жаныс» шаруа қожалығы – 20 млн теңге;
• ІІ орын – Қарағанды облысы, Қарқаралы қымызы, «Қарынши» шаруа қожалығы – 15 млн теңге;
• ІІІ орын – Ақмола облысы, Қымызнай қымызы, «Қабдулин» шаруа қожалығы – 10 млн теңге.
Zhanykulov Foundation қоры тағайындаған арнайы номинациялар бойынша да үздіктер марапатталды:
• «Алтын күбі» номинациясы – Қарағанды облысы, «Батыр рух» – 1 млн теңге;
• «Алтын қор» номинациясы – Ұлытау облысы, Жаңарқа, «Nomad milk» – 1 млн теңге;
• «Күміс торсық» номинациясы – Абай облысы, Қарауыл ауылы, «Әділ қымыз» – 500 000 теңге;
• «Текті сусын – Күміс шара» номинациясы – Ақмола облысы – 500 000 теңге.
Фестиваль аясында өткен маңызды шаралардың бірі – «Ер Қанаты» атты тұңғыш жылқы көрмесі болды. Бұл көрмені 3 000-нан астам адам тамашалады.

Келушілер назарын элиталы тұқымдар – гонновер, таза қанды ағылшын, орыс желісті, ахалтеке жылқылары мен қазақы тұқымдар: жабы, мұғалжар, қостанай, бесқарағай және «Ұлы Дала Жорығы» бәйгесінің чемпиондары ерекше аудартты.

Көрме жеңімпаздары:
• «Қазақтың ең сұлу жылқысы» номинациясы – мұғалжар тұқымы;
• «Қазақтың ең жүйрік жылқысы» номинациясы – қостанай тұқымы.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөздерінде ұлттық жылқы шаруашылығын қолдаудың маңыздылығын бірнеше рет атап өткен болатын. «Ер Қанаты» жобасының авторы және ұйымдастырушысы Әділ Орынбасарұлы бұл бастама жастарды ұлттық дәстүрлерге баулып, қазақтың ат мәдениетін сақтау жолындағы маңызды қадам екенін айтты.

«Ер Қанаты – бұл жай көрме емес, бұл – қазақтың ат мәдениетін сақтап қалу жолындағы қозғалыс», – деді Әділ Орынбасарұлы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Ер Қанаты» жыл сайынғы дәстүрлі шараға айналады, ал келесі көрме Қазақстан Республикасының күніне орайластырылып өткізілмек.

BaiQymyz гастрофестивалі 19-20 шілде күндері «Қазанат» ипподромында өтті. Аталған жоба елордалықтар мен қала қонақтары тарапынан үлкен қолдауға ие болды.

Оқылып жатыр

Астанада ұстаздарға арналған «Ustaz Brend» заманауи кабинеті ашылды

Қарттар күніне орай Астанада ақсақалдар шахмат ойнап жарысты

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

«Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты

Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр

Бесқарағай ауданында жүзу бассейнінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.