Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қазақтілді кино қайраткерлері жүйелі түрде назардан тыс қалып отыр ма?

24 Шілде, 2025 Руханият
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ақпері Ахметтің Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған посттын қазақшаға еркін стильде аударып назарларыңызға ұсынамыз.

***

«Қазақфильм» АҚ президенті мен студия басшылығына ашық хат

Құрметті Айдар Омаров мырза және студия басшылығы!

Сіздерге қарапайым, бірақ көпқабатты сұрақ қойғым келеді: неліктен сіздер қазақ тілінде сөйлейтін Қазақстан киносының кей өкілдерінің жетістіктерін жүйелі түрде елемейсіздер?

Жақында режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі Еуропадағы бірнеше фестивальден бірден үш Гран-при жеңіп әкелді. Журналистер сіздерге: «Неліктен ресми құттықтау болмады?» деген сұрақ қойғанда, сіздер: «Біз жеңімпаздарды тек ай соңында құттықтаймыз, бұл оқиға кестеге сәйкес келмеді» деп жауап бердіңіздер. Бірақ бар дерек бойынша, ай соңында да, кейін де қарапайым «құттықтаймыз» деген сөз айтылған жоқ.

Одан кейін, маусым айының ортасында «Әбіл» фильмінің басты актері Ерлан Төлеутай Бішкекте өткен III Халықаралық кинофестивальде «Үздік актер» атанды. Бірақ «Қазақфильм» тарапынан не мақтау қағазы, не жылы сөз айтылған жоқ. Әлде тағы да «график» кедергі болды ма?

Енді, арада бір ай өтпей жатып, осы фильмдегі Шынара рөлін сомдаған актриса Нұржан Бексұлтанова Вьетнамдағы ең беделді Danang халықаралық фестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» үшін марапат алды. Алайда тағы да үнсіздік. Ешқандай реакция, сайтта хабарландыру, репост та жоқ.

Бірақ, ШЫҰ аясындағы Қытайда өткен шағын фестивальде актер Бахыт Қажыбаев марапат алғанда, сіздер Ұлттық киноны қолдау орталығымен бірлесіп, дереу құттықтау жолдадыңыздар. Неліктен? Себебі бұл «дұрыс» фестиваль ме? Әлде ол актер «өз адамдарыңыздан» ба?

Сондықтан тікелей сұрағым келеді: неліктен сіздер бір фильмнің айналасындағы бір топ актерлер мен қазақтілді авторларды қатарынан үшінші мәрте елемей отырсыздар? Бұл жай сәйкестік пе? Әлде олар қандай да бір бейресми қара тізімде ме? Егер иә болса, оның негізі бар ма? Ол заңмен бекітілген бе? Әлде ішкі субъективті сүзгілермен ғана шектелесіздер ме?

Мұнда ең мазасыз мәселе — мойындаудың жоқтығы емес, құрметтің болмауы. Байқасақ, «Қазақфильмдегі» кәсіби тану критерийі – ережелер не стандарттар емес, сіздердің жеке көзқарастарыңыз сияқты. Ал «Қазақфильм» — бұл жеке меншік емес, ұлттық байлық.

Егер сіздер қазақ тілін білмесеңіздер — бұл соншалықты үлкен мәселе емес. Бірақ егер сіздер өзіңіз басқарып отырған халықтың тілін үйренуді қажет деп санамасаңыздар — бұл этика мен жауапкершілік мәселесі. Бұл заң туралы емес, ар-ождан, абырой мен мәдениет туралы мәселе. Өйткені үлкенге құрмет, кішіге ізет, адамға жанашырлық — бұл қызметтік нұсқаулық емес, адамшылықтың негізі. Егер мұның бірде-бірі болмаса, онда адам жаны мен жадына негізделген өнер саласында не істеп жүрсіз?

Сондықтан сіздер бұл сөздерді орыс тілінде айтып отырғаныма мән беріңіздер — есту үшін. Егер сіздер қоғамның тілін, жүрегін, қуанышы мен қасіретін сезінбейтін болсаңыздар, қандай кино түсірмекшісіздер? Кімге? Жер бетіне енді ғана келгендерге ме? Әлде басқа ұлтқа ма? Жоқ, бұл есеп беру үшін жиналатын статистика емес, бұл — ұлттың тірі тамыры!

Егер жеке басқа қатысты қандай да бір түсініспеушілік болса, ашық айтыңыздар. Бірақ егер сіздер жеке мен кәсібилікті ажырата алмасаңыздар, бұл лауазымда отырудың мәні қандай?

Өнер әлемі — тазалық пен құрмет әлемі. Басқа студияның не бәсекелестің жеңісі болса да, оны мойындау — әлсіздік емес, кемелдік белгісі.

Сіздердің қазіргі ұстанымдарыңыз қоғамда бір күдікті ой қалыптастырып жатыр: «Қазақ тілі, ұлттық сезім мен өз-өзіне құрмет — «Қазақфильмде» артық дүние ме?» деген. Шынымен солай ма?

Сіздер өз беделдеріңізді өздеріңіз қалыптастырасыздар. Және сіздердің қазақтілді өнер иелерінің халықаралық жетістіктеріне байланысты тұрақты үнсіздіктеріңіз кез келген сөзден де қатты әсер етеді.

Өкінішке қарай, қазіргі таңда тікелей келіп, «Сіздер неге Қазақфильмді бөлшектеп отырсыздар? Неліктен ұлттың бір қабатына менсінбеушілік танытып отырсыздар?» деп ашық сұрайтын журналист аз. Бірақ сондай журналист табыла қалса, абай болыңыздар. Себебі әр сөзіңіз, әр пікіріңіз — қоғам алдындағы бетбейнеңіз. Ал ол бейне дәл қазір көңіл көншітпейді.

Біз өтініп жатқан жоқпыз, талап қойып жатқан жоқпыз. Біз тек сұрақ қойып отырмыз. Мәдениет атынан. Ақыл-парасат атынан. Әлі де адал, шынайы, әділ киноға сенетіндер атынан. Бұл сұрақ ашық күйінде қалады. Оған жауап бересіздер ме, жоқ па — тек өз еркіңізде.

(Фотода — «Әбіл» фильміндегі Шынара рөлін сомдаған Нұржан Бексұлтанова. Ол «Ең үздік әйел рөлі» үшін марапат алды! Шын жүректен құттықтаймын! Бұл — бүкіл елге ортақ қуаныш!)

Айдар Омаров Ерлан Төлеутай Қазақфильм Әбіл

Оқылып жатыр

«Балаларға ырым-тыйымдар үйретілмейді»: құқықтық сауаттылықтың қайнар көзі назардан тыс қалған

Билік пен бұқара, көрінбеген министр, Берік Уәлидің қабілеті, Лопестің мойнына қонған шегіртке – өнертанушы Абайдың 180 жылдығына шолу жасады

«Есікті ит те күзетеді, арбаны есек те сүйрейді»: Омар Жәлел күзетші, арбакештердің намысына тиді

«Ақысын төлесе, боқысын шығарады»: Ерлан Төлеутай қазақтың дәстүрін арабқа теліген Әлия Әшімнің жалдамалы блогер екенін жазды

Кенесарының шөпшегі Шәді төре һәм жиені Шәмші Қалдаяқов

Туннельдің қазақша атауы табылды

Соңғы жазбалар

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.