Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жаңа километрлер – жаңа жайлылық: Жарқайың ауданындағы жолдарды жөндеу

25 Шілде, 2025 Ақмола облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ақмола облысының Жарқайың ауданында автомобиль жолдарын жөндеу және салу бойынша жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Жұмыстар қала аумағын да, ауылдық елді мекендерді де қамтиды. Басты мақсат жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, көлік қатынасының қолжетімділігін жақсарту және тұрғындардың өмір сапасын көтеру, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Державинск қаласында жалпы ұзындығы 3,2 шақырымды құрайтын төрт негізгі көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Комсомол көшесінде қосымша тротуар төселіп, Н.Крупская атындағы мектептің жанында автотұрақ салынды, жол кедергілері (жасанды бұдырлар) орнатылды. Бұл — жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты шаралар.

Сонымен қатар, қала ішінде 8 мың шаршы метр аумақта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер – «Пейко» ЖК, келісімшарт сомасы — 63 миллион теңге. Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың тамызына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

«Жол сапасы — бұл жайлылық қана емес, бұл — тұрғындардың қауіпсіздігі. Қазір көріп отырған нәтиже — жүйелі жұмыстың бастауы ғана», — деді Державинск қаласының әкімі Смағұлов Заур Жамбылұлы.

«Жақсы — Державинск» облыстық маңыздағы автомобиль жолында 2024 жылы ұзындығы 12 шақырым болатын учаске жөнделді. 2025 жылға тағы 12 шақырым жол жөндеу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 8 шақырымы асфальтталып, қалған бөлігінде жұмыстар жалғасуда.

«Жезқазған — Петропавл» республикалық маңыздағы автожолдың 445–490 шақырым аралығында ұзындығы 45 шақырым болатын орташа жөндеу жүргізілуде. Қазіргі таңда 15 шақырым жолға асфальт төселді. Жұмысты «Қазақ жолы — 2050» ЖШС жүзеге асыруда. Жобаның жалпы құны — 5,4 миллиард теңге. Аталған жол бөлігі Есіл ауданымен шекаралас аумаққа дейін жетеді.

Ауыл жолдары да назардан тыс қалмай отыр. «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Отрадное және Кенское ауылдарында 3,1 шақырым жол жөнделіп жатыр. Жобаның құны — 210 миллион теңге, мердігер — «Пейко» ЖК. Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың үшінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланған.

«Автомобиль жолдарын жөндеу, бұл — тұрғындардың күнделікті өміріне әсер ететін маңызды қадам. Жолда жүру уақыты азаяды, қауіпсіздік артады, ауылдардың көркі жақсарады», — деп атап өтті Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Мұқашев Ербол Сәкенұлы.

Аудан көлемінде көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Жаңартылған жолдар — қала мен ауылды, өткен мен келешекті байланыстыратын маңызды көпір, бұл өңірдің тұрақты дамуының негізі болмақ.

Оқылып жатыр

Ақмоладағы Серафимовка ауылында сумен жабдықтау жүйесіне жөндеу жұмыстары аяқталды

Ақмола облысында электрмен жабдықтау жүйесінің жай-күйі мен дамуы

Аймақтың цифрлық дамуы: стартаптар мен жасанды интеллектке басымдық

Ақмола облысында «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.