Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 17 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Алаяқтардың анасы»: Перизат Қайрат пен оның анасына сот үкімі шықты

25 Шілде, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сотының баспасөз қызметі «Biz Birgemiz Kazakhstan 2030» қоры аясында жүргізілген ірі алаяқтық ісіне қатысты сот процесінің шешімін шығарды. Қайырымдылық ұранымен қаражат жинаған Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға бірқатар ауыр айыптар тағылып отыр,деп  хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Судья Перизатты 10, анасын 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Соңғы жарыссөз кезінде прокурор Перизат Қайратты 10 жылға, ал анасын 8 жылға соттауды сұрады. Айыптау тарапының мәліметінше, бұл алаяқтық елде төтенше жағдай кезінде жасалған, ал бұл факт қылмысты ауырлататын мән-жай болып табылады. Прокурордың айтуынша, жазаны жеңілдететін бірде-бір негіз анықталмаған.

2021–2024 жылдар аралығында «Biz Birgemiz Kazakhstan 2030» атауын пайдалана отырып, аталған тұлғалар шамамен 3,5 миллиард теңге жинаған. Бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге, ауыр дертке шалдыққан балаларға және Палестина халқына көмек ретінде бағытталуы тиіс болған.

Алайда тергеу деректеріне сүйенсек, жиналған қаражаттың едәуір бөлігі жеке мақсатта жұмсалған. Атап айтқанда:

  • элиталы автокөліктер,

  • қымбат жылжымайтын мүлік,

  • дизайнерлік киімдер мен аксессуарлар,

  • бес жұлдызды қонақүйлерде демалыс.

Прокурор заңсыз әрекеттерді заңды қайырымдылық қызметі ретінде көрсетуге мүмкіндік берген негізгі схеманы да атады:

  1. «BizBirgemiz» сияқты танымал ұранмен ұйым тіркеу;

  2. Қаражат жинау үшін мұқтаж жандарды тарту;

  3. Халықтың назарын аударатын іс-шаралар мен аукциондар өткізу;

  4. Әлеуметтік желі мен БАҚ арқылы сенімге ие қайырымдылық бейнесін қалыптастыру;

  5. Қаражаттың аз бөлігін шын мұқтаждарға беру арқылы әрекеттерін заңдастыру.

Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға келесі баптар бойынша айып тағылып отыр:

  • ҚР ҚК 190-бабы, 4-бөлім, 2-тармақ — аса ірі көлемдегі алаяқтық;

  • ҚР ҚК 218-бабы, 2-бөлім, 1-тармақ және 3-бөлім, 3-тармақ — қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру.

Айыпталушылар өз кінәсін мойындамай отыр. Перизат Қайрат қаражат шын мәнінде қайырымдылыққа жұмсалғанын айтса, анасы қаржы операцияларына қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Оқылып жатыр

Түркия түркі халықтарына «шетелдік» мәртебесін алып тастады

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.