Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қыркүйекте Бестөбе кентінде 300 орындық жаңа мектеп ашылады

30 Шілде, 2025 Ақмола облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ақмола облысында сапалы білім беру мен спортты дамытуға жағдай жасау жұмыстары қарқынды жалғасуда. Соңғы бір жылда өңірде балалар мен жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік нысандар саны артып келеді. Соның бір мысалы – Степногорск қаласы, мұнда заманауи мектептер мен спорт кешендерін салу жобалары жүзеге асырылуда. Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов бірқатар нысандардағы құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Өңірлік саясаттың басым бағыттарының бірі – балаларды тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы біліммен тең дәрежеде қамту. Облыс әкімі атап өткендей, аудандық және ауылдық елді мекендердің оқушылары да астана мен ірі қалалардағы балалар сияқты бірдей стандарттар бойынша білім алуы тиіс.
Осы орайда, Степногорск қаласына қарасты Бестөбе кентінде 300 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Мектеп заманауи талаптарға сай салынып жатыр. Кешен құрамында оқу сыныптары мен зертханалар, спорт залы, оқу-өндірістік шеберханалар, кітапхана, акт залы ретінде қолдануға болатын трансформер сыныптар, сондай-ақ 110 орындық асхана қарастырылған. Нысанды 1 қыркүйекке дейін аяқтап, Білім күні оқушылар жаңа мектептің табалдырығын аттайды деп жоспарлануда. Сапар аясында Марат Ахметжанов кент әкіміне балаларды жарыстар мен олимпиадаларға апару үшін шағын автобус сыйға тартты.

Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Байқуанышева мәліметінше, мектеп құрылысы соңғы кезеңде тұр: технологиялық жабдықтарды орнату, ішкі әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттың жалпы ауданы – 6,6 мың шаршы метрден асады.

Бестөбеде екі ірі спорт жобасы да жүзеге асырылуда. Біріншісі – 209 шаршы метр аумақтағы, 148 орынға есептелген ашық спорт кешені. Нысан құрамына футбол алаңы, жүгіру жолақтары және воркаут алаңы кіреді. «ГрадСтройСервис» ЖШС мердігерлік ұйымының мәліметінше, құрылыс биылғы жылдың 1 қазанына дейін аяқталады.

Екінші спорт нысанының құрылысы мерзімнің созылып кетуіне байланысты облыс әкімінің сынына ілікті.

«Біз бұл нысанға бірнеше рет келдік, мердігермен кездесіп, мерзімдерді және жұмысты жеделдету қажеттілігін талқыладық, алайда әлі күнге дейін нақты ілгерілеу жоқ. Қысқа мерзімде біз ауқымды жобаларды іске асырамыз, ал мұнда барлық уәделерге қарамастан жағдай өзгермей тұр. Егер көмек қажет болса, айтыңыздар – біз қосалқы мердігерлерді тартуға, техника мен адамдар беруге дайынбыз. Әйтпесе, біз шартты бұзып, компанияны адал емес мердігерлер тізіліміне енгізуге мәжбүр боламыз. Бұл жобаны аяқтау мүмкіндігі беріліп отыр, алайда оның орындалуын бақылау қатаң болады, – деп атап өтті», Марат Ахметжанов.

Әкім тиісті басқарма басшыларына мәселені ерекше бақылауда ұстап, мердігердің жұмысты бекітілген бюджеттен тыс түзетулерсіз және мерзімінде аяқтауын қамтамасыз етуді тапсырды

Оқылып жатыр

Ақмоладағы Серафимовка ауылында сумен жабдықтау жүйесіне жөндеу жұмыстары аяқталды

Ақмола облысында электрмен жабдықтау жүйесінің жай-күйі мен дамуы

Аймақтың цифрлық дамуы: стартаптар мен жасанды интеллектке басымдық

Ақмола облысында «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.