Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Таза қазақстан» экологиялық жобасы: Аралда ескі үйлерге де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

30 Шілде, 2025 Қызылорда облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында Қызылорда облысының Арал ауданында санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Соңғы жылдары аудан аумағында қолға алынып жатқан ауқымды жобалармен қатар құрылыс жұмыстары да қарқынды жүруде. Олардың дені бүгінде халық игілігіне пайдалануға берілді. Сонымен қатар, бюджет қаражаты есебінен Арал қаласындағы көпқабатты тұрғын үй, кіре беріс қақпа күрделі жөндеуден өтіп, жаңаша кейіпке енді.

Соңғы үш жылда 104,0 млн. теңгеге қаладағы көппәтерлі 6 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Соның ішінде тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 16 пәтерлі тұрғын үйді жөндеу жұмыстары биыл аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, қаланың кіре беріс қақпасын қайта жаңғыртуға 15 млн. 700 мың теңге қаралып, ескі қақпаның сыртқы бөлігі қайта жаңартылды. Жарық шамдары қайта орнатылып, қазақы оюмен әрленді.
Ауданға қарасты елді мекендер ішінде санитарлық тазалық пен абаттандыруға мән беріп, тұрғындар үшін жайлы өлкеге айналған үлгілі елді мекендер қатарында Аманөткел ауылы алғашқылардың бірі болып аталады. 2024 жылы аймақта өткен «Үлгілі елді мекен» конкурсында «Үлгілі ауыл» номинациясы бойынша III орын иеленді.

Ауыл халқының негізгі кәсібі балық және мал шаруашылығы болып табылады. Қазіргі таңда, заманауи тенологиямен тамшылатып суару арқылы егін шаруашылығы қарқынды дамуда. Тоғыз жолдың торабында орналасқан елді мекеннің 5 көшесіне асфальт жолдары төселген және 7 көшесіне түнгі жарық шамдары орнатылған. Әлеуметтік-экономикалық дамуы, өсу қарқыны, географиялық орналасу жағдайына орай келешегі де бар.

Елді мекендегі 7 мыңға жуық қаратал, терек және жеміс-жидек ағаштары бар саябақ бүгінде ауыл тұрғындарының демалыс орнына айналған. Орталығындағы «Тағзым» алаңы мен «Нұртуған» кесенесі аумағына отырғызылған 300-ден астам терек, қаратал ағаштары күтіп бапталуда. Биылғы жылы елді мекендегі әлеуметтік нысандардың аумақтары толық абаттандырылып, барлығы 1000-ға жуық ағаш көшеттері егілді.

2025 жылы Арал ауданындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойында жасыл белдеулер құру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. Осыған сәйкес, Аманөткел елді мекеніне кіре беріс автомобиль жолының бойында аумағы 0,5 гектарды құрайтын жасыл белдеу құру жоспарлануда.

Онда 200 түп терек және қара тал ағаштары отырғызылды. Жоба 2025-2026 жылдың көктем және күз айларында демеушілік есебінен жалғасын табатын болады.

Қазіргі таңда қаладағы тарихы және архитектуралық сәулеті жөнінен ескі ғимарат саналатын Арал теңізі станциясының вокзал ғимараты күн тәртібінде тұр. Ғимарат мемлекет меншігіндегі тарихи-мәдени нысан саналғандықтан оның құрылыс жұмыстарын жүргізу алдағы уақытта нақтыланатын болады.

Оқылып жатыр

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді

Президент саябағындағы нысандар құрылысы қарқынды

ҚҰРЫШ ҚОЛДЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

Қазақстанда интернет-алаяқтық өршіп тұр: олармен күресудің жаңа тетіктері енгізіліп жатыр

Энергетика саласындағы лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды

Соңғы жазбалар

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.