Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты

9 Қыркүйек, 2025

«Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

9 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты
  • «Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)
  • Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
  • «Елдің сөзін құлағына да ілмеді»: Алматыда автобусты тоқтатып қойып, намаз оқыған жүргізуші жолаушының наразылығын тудырды (ВИДЕО)
  • «Көргенсіздік көрсетіп отырғандардың дені – әйелдер»: Света Айтбаева қоғамдық орындарда айқай-шу шығаратын әйелдердің бар екенін растады
  • Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр
  • Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады
  • Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 9 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қауіпсіздік – қала әкімінің бақылауында

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қауіпсіздік – қала әкімінің бақылауында

1 Шілде, 2025 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар бойынша жиын өтті.
Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, жауапты бөлім басшылары, сондай-ақ прокуратура, полиция қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде Кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыспен құқық бұзушылықтың профилактикасы, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жұмыстарының жайы және жазғы шомылу маусымындағы оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша мәселелері қаралы.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Түркістан қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Ахан Сапарбеков баяндама жасап, қала аумағындағы кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалған құқықбұзушылықтардың жай-күйіне тоқталды.
Баяндамашының мәліметінше, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында жүргізілген кешенді шаралардың нәтижесінде жасөспірімдер тарапынан жасалған қылмыстар 63,6 пайызға төмендеген.
Қала аумағында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 140 сарбаздан тұратын Ұлттық ұлан күштері 47 жаяу бағытта кезекшілікке тартылған. Сонымен қатар, үш ауысыммен жұмыс істейтін 13 автопатрульдік полиция тобы шолу жұмыстарын жүргізуде.
Құқық қорғау қызметкерлері білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып, 209 түсіндіру шарасы өткізген. Оқушылар мен ата-аналарға құқықтық сауаттылықты арттыру, ерте жүктіліктің, нашақорлықтың және суицидтің алдын алу тақырыптарында дәрістер мен кездесулер ұйымдастырылған.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Асқар Сейсенов жазғы шомылу маусымындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
1 маусымнан бастап республика көлемінде шомылу маусымы ресми түрде басталғаны белгілі. Осыған байланысты Түркістан қаласы аумағында су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан қала аумағындағы шомылуға арналған 15 бассейнге бақылау жүргізіліп, олардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі қадағаланып отыр. Қазіргі таңда әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларын тегін шомылдыру және жүзуге үйрету мақсатында 7 бассейнмен меморандум жасалып, 67 отбасының 200-ден астам баласы қамтылған.
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жиын соңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін ескертіп, жауапты сала өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
«Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік – ерекше жауапкершілік талап ететін кезең. Әр маман өз құзыреті аясында белсенділік танытып, жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігін арттыруы тиіс. Қауіпсіздікке салғырт қарауға жол жоқ», – деп атап өтті қала әкімі.
Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда. Жауапты мекемелер мен сала мамандарына нақты міндеттер жүктеліп, алдағы уақытта профилактикалық шаралар одан әрі жандандырылады.

Оқылып жатыр

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Түркістанда қоғамдық көліктер жаңа автобустармен толықты

Соңғы жазбалар

«Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты

9 Қыркүйек, 2025

«Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

9 Қыркүйек, 2025

«Елдің сөзін құлағына да ілмеді»: Алматыда автобусты тоқтатып қойып, намаз оқыған жүргізуші жолаушының наразылығын тудырды (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

«Көргенсіздік көрсетіп отырғандардың дені – әйелдер»: Света Айтбаева қоғамдық орындарда айқай-шу шығаратын әйелдердің бар екенін растады

9 Қыркүйек, 2025

Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр

9 Қыркүйек, 2025

Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады

9 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

9 Қыркүйек, 2025

Хазірет ауылына көгілдір отын жетті

9 Қыркүйек, 2025

Байғанин ауданында халық игілігіне бағытталған жаңа жобалар қолға алынды

9 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.