Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • «Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Қазақстандық тауарды алып тастап, Ресейдікін толтырып қойған»: Магнумға қатысты тағы бір былық әшкере болды

4 Тамыз, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

коллаж todayinfo.kz.

Журналист, PR менеджер Айбар Олжай еліміздегі Магнум гипермаркеттерінің тағы бір былығын әшкерелеп, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды todayinfo.kz.

Оның айтуынша, тек Алматы қаласының бюджетінен 13 миллиард теңге алған сауда желісі отандық өнімдерді алып тастаған.

«Магнум Қазақстандық майонезді алып тастап, орнына Ресейдің «Макеев» майонезін толтырып тастаған. Бұған дейін де, жармалар мен сұйық май позицияларында Магнумның отандық емес, ресейлік тауарларды көбірек өткізуге тырысатындығын байқап жүрген болатынмын. Бірақ бұл жолғысы әбден шектен шықты», — деп жазды журналист.

Сонымен қатар ол бұдан кейін Магнум гипермаркеттерінде қазақстандық майонез сатылмайтынын айтты.

«Магнум жекеменшік бизнес. Ол қазақстандық өнімді мүлде сатпай, сөрелерді Бразилияның бубузеласымен толтырып қойса да өз еркі. Бірақ ондайы бар болатын болса, мемлекеттен не үшін 0,01 пайызбен тегін ақша алып отыр деген сұрақ туындайды. Соңғы 5 жылда Магнум бір Алматының өзінен кемінде 13 миллиард теңге көмек алған. Ал басқа өңірлерді қоса алсақ, жоқ дегенде 17-18 миллиард теңге шығуы мүмкін.     

Сауда министрлігі тарапынан үлкен логикалық қателік бар. Олар Магнум сияқты ірі сауда желілеріне пайызсыз несие таратып отырғанда тек белгілі бір әлеуметтік азық-түлікке бағаны өсірмеу бойынша талап қояды. Бірақ «ол тауар отандық болуы тиіс» деген шарт жоқ. Сондықтан мысалы, «арзан сүт сат» деп талап қойып, мемлекеттік көмек берілгенде, Магнум ол ақшаны алып беларустың арзан сүтін сатып отыра алады. Ол біздің отандық тауар өндірушіні қолдау бойынша экономикалық логикамызға, осы салаға берілетін 8 триллион теңге инвестициямызға мүлде қайшы, қарама-қарсы шешім», — деп ашынды ол.

Қазір Бәсекелістікті қорғау және дамыту агенттігі мен Магнум арасында біршама текетірес бар. Себебі Магнум тауар сатып пайда көрудің орнына, тауар өндірушілерге түрлі жарнамалық, сөредегі орындар бойынша тарифтер қойып, соған қосымша ақша төлеуге мәжбүрлеп, негізгі табысты содан алатын болған. Ал бұл қылығы отандық тауар өндірушілерге ауыр тиюде.   

«Магнум басшылығы стратегиялық жағынан өте таяз ойлап отыр. Олар қазір әлдебір идеологиялық, немесе қысқамерзімді келісімдер есебінен Ресей экономикасына көмектескісі келеді. Осындай шаруалары арқасында Қазақстанның Ресейден алатын азық-түлік импорты 2024 жылы 10 пайызға өсіп кетті. Қазір Ресейден 1,9 миллиард долларға азық-түлік аламыз. Енді осы 2 миллиардтық ақша каналы рубльдің теңгеге ықпалын қамтамасыз етеді де, ертең Ресейде міндетті түрде орын алатын инфляция бізге де әсер береді», — деп қорытындылады журналист.

Айдар Олжай Магнум тауар экономика

Оқылып жатыр

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

Соңғы жазбалар

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.