Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды

17 Қазан, 2025

«Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді

17 Қазан, 2025

Футболдағы жемқорлық туралы «Offside» сериалы өшірілді: Қазақстандық продюсер қысым жасалып жатқанын айтты

17 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды
  • «Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді
  • Футболдағы жемқорлық туралы «Offside» сериалы өшірілді: Қазақстандық продюсер қысым жасалып жатқанын айтты
  • Трамп пен Путин тағы кездеседі
  • Белгілі ақын, журналист Мұрат Тастағанов өмірден өтті
  • «Қайраттың» тәрбиеленушісі болған: 19 жастағы қазақстандық футболшы матч кезінде көз жұмды
  • «Туған анасы мен өгей әкесі мәжбүрлеп ұзатқан»: Қарағандыда 15 жасар қызды әйел қылып алған 37 жастағы ер адам сотталды
  • Қазақстанның бірнеше облысында қатты жел мен үсік, төтенше өрт қаупі күтіледі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 17 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Астана Аренада» Дженнифер Лопестің концертінің соңы экологиялық акцияға ұласты

2 Тамыз, 2025 Астана қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

1 тамыз күні «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі америкалық әнші Дженнифер Лопестің үлкен концерті өтті. Кеш аяқталған соң көрермендер ерекше мәдениет пен жауапкершілік үлгісін көрсетті. Олар трибуналардан асығыс кетіп қалмай, стадион аумағында қалған қоқысты жинауға кірісті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл бастама кездейсоқ емес. Концерт барысында көрермендер назарына бұрыннан елге таныс ерекше кейіпкер — Тазабек алып қуыршағы ұсынылды. «Тазалықты қолдасаң, құшақтасайық!» деген жазуы бар плакат ұстаған Тазабек стадионды аралап, қонақтарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырды. Қала тұрғындары мен қонақтары экологиялық кейіпкермен суретке түсіп, әлеуметтік желілерде сторис бөлісіп, акцияға қолдау білдірді.

Әсіресе шетелдік қонақтар бұл бастаманы жылы қабылдап, Қазақстандағы экологиялық мәдениеттің дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Көрермендердің белсенділігі Тазабектің мақсатын толық ашып берді — табиғатты қорғау қиын емес, керісінше, көңілді әрі ортақ құндылық екенін көрсетті.

Концерт аяқталған соң стадионда қалып, тазалыққа үлес қосқан көрермендер әрекеті әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, көпшіліктің оң бағасына ие болды. Бұл кеш тек музыкалық шоу ғана емес, азаматтық белсенділік пен экологиялық жауапкершілік мерекесіне айналды.

Айта кетейік, Тазабек экологиялық қозғалыстың символы ретінде бұған дейін де елорданың түрлі қалалық іс-шараларында бой көрсеткен болатын. Ол қала тұрғындарына қарапайым әрекеттер арқылы үлкен өзгеріс жасауға болатынын үнемі еске салып келеді.

Фото: gov.kz

Оқылып жатыр

Астанада ұстаздарға арналған «Ustaz Brend» заманауи кабинеті ашылды

Қарттар күніне орай Астанада ақсақалдар шахмат ойнап жарысты

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

«Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты

«Келешек мектептері»: Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды

Астанада әр демалыс сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

Соңғы жазбалар

Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды

17 Қазан, 2025

«Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді

17 Қазан, 2025

Футболдағы жемқорлық туралы «Offside» сериалы өшірілді: Қазақстандық продюсер қысым жасалып жатқанын айтты

17 Қазан, 2025

Трамп пен Путин тағы кездеседі

17 Қазан, 2025

Белгілі ақын, журналист Мұрат Тастағанов өмірден өтті

17 Қазан, 2025

«Қайраттың» тәрбиеленушісі болған: 19 жастағы қазақстандық футболшы матч кезінде көз жұмды

17 Қазан, 2025

«Туған анасы мен өгей әкесі мәжбүрлеп ұзатқан»: Қарағандыда 15 жасар қызды әйел қылып алған 37 жастағы ер адам сотталды

17 Қазан, 2025

Қазақстанның бірнеше облысында қатты жел мен үсік, төтенше өрт қаупі күтіледі

17 Қазан, 2025

Бағалар, айыппұлдар, ипотека бойынша шұғыл шешімдер: Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралар жарияланды

17 Қазан, 2025

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.