Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 17 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«6 жасар қызымның әурет жерін ұстаған»: Белгілі қоғам белсендісі бұрынғы қайын атасын азғындық жасады деп айыптады (ВИДЕО)

6 Тамыз, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстандық қоғам белсендісі әрі блогер Сырым Абдрахманов 6 жасар қызының бұрынғы қайын атасы тарапынан азғындық әрекетке ұшырағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бүлдіршін бұл жайтты алғаш болып өз апасына айтқан, кейін полицияға да баяндаған. Алайда, күдікті қазірге дейін бостандықта жүр, ал жәбірленуші сол үйде тұрып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Абдрахманов бұл туралы Instagram парақшасында жазды. Ол қызының әурет жеріне анасының бұрынғы күйеуі – яғни нағашы атасы қол жүгірткенін айтты.

«Балалармен әпкесінің үйіне барғанбыз. Кетер кезде анам қызымнан ‘біреу ренжітті ме?’ деп сұрағанда, қызым нағашы атасының әурет жерінен ұстағанын айтты. Бұл туралы айту маған өте ауыр, бірақ үнсіз қалу мүмкін емес», – деді Сырым.

Оқиғадан кейін 26 шілде күні полицияға жүгінген. Сол күні жедел-тергеу тобы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы оқиға орнына барған. Қыздың анасының қатысуымен жауап алынған. Сырымның сөзінше, полицейлер бала оқиғаны видеотіркеу құрылғысының алдында растағанын жеткізген.

27 шілдеде Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігі бойынша (он алты жасқа толмаған балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау) іс қозғалған.

Дегенмен, Абдрахманов күдіктінің әлі күнге дейін жауапқа тартылмағанына, ал қызының сол үйде тұруын жалғастырып жатқанына алаңдаулы.

«Қызым әлі күнге дейін нағашы атасының үйінде, сол адамның қарауында қалуда. Бұл барып тұрған сорақылық емес пе?», – деді ол.

Осы жайтқа байланысты Ақтөбе облыстық полиция департаменті тергеу жүріп жатқанын растады.

«Іс жан-жақты, объективті тергелуде. Қазіргі таңда кәмелетке толмаған баланың анасымен бірге басқа жерге көшірілуі қамтамасыз етілді. Қылмыстық істі бақылауға алғанбыз. Балаға қатысты мәліметтерге байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – делінген ведомство жауабында.

азғындық Сырым Абдрахманов қайын ата қоғам белсендісі

Оқылып жатыр

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.