Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Орал қаласында «Ақ бидай» VIII облыстық ауыл спорты ойындары басталды

6 Тамыз, 2025 БҚО
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Орал қаласында «Ақ бидай» VIII облыстық ауыл спорты ойындарының салтанатты ашылуы өтті. Жарысқа Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарынан келген спортшылар қатысуда, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Аталған шараның мақсаты – ауылдық жерлерде бұқаралық спортты дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау.

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, ауыл спортының дамуына мемлекет тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп отырғанын атап өтті.

«Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Спортты насихаттау, оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу – ұлт саулығының кепілі. Соңғы жылдары мемлекет қолдауының нәтижесінде балалар спорты қарқынды дами бастады» деп спорттың дамуына баса назар аударған болатын. Осы орайда өңірімізде спорттың дамуына жан-жақты жағдай жасалып келеді. 2024 жылға дейін облысымыздың барлық аудан орталықтары заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешендерімен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өңірге жұмыс сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес өткен жылы  Орал қаласында — «Жайық Арена» көп функционалды спорт кешені ел игілігіне берілді. Ендігі кезекте облыстың ірі ауылдары 14 спорт нысандарымен қамтылатын болады», – деді аймақ басшысы.

Спартакиада бағдарламасына қазақ күресі, волейбол, көкпар, асық ату, садақ ату, тоғызқұмалақ және өзге де спорт түрлері енгізілген. Жалпы саны 1000-нан астам спортшы қатыспақ.

«Ақ бидай» ауыл спорты ойындары 9 тамызға дейін жалғасады. Жеңімпаздар командалық және жекелей есепте анықталатын болады. Шараны ұйымдастырушылар – облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен аудан әкімдіктері.

«Ақ бидай» ауыл спорты ойындары Батыс Қазақстан облысында 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. Жарыс бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамытуға, сондай-ақ өңірішілік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Жалпы бүгінде облыста дене шынықтыру және спортпен тұрақты шұғылданушылардың жалпы саны 286 мың адамды, ол облыс халқының 41,2 % құрайды. 2029 жылы дейін бұл көрсеткішті 50%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл мақсатта облыс көлемінде 1563 спорттық құрылым жұмыс істейді.

Оқылып жатыр

БҚО Қытаймен әріптестікті күшейтті: жалпы құны 134 млрд теңге болатын 14 меморандумға қол қойды

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Ұстаздар күніне орай Батыс Қазақстан облысында мерекелік шара өтті

Еңбекпен өрілген өмір

Орал қаласында «VETAGROSKILLSHUB» Құзыреттілік орталығы ашылды

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.