Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)

1 Қыркүйек, 2025

Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды

1 Қыркүйек, 2025

Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті

1 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)
  • Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды
  • Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті
  • Алматыда бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды
  • Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты
  • Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды
  • Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды
  • «5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 2 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматы облысында жастарға арналған жүйелі қолдау қалай жүзеге асып жатыр

Алматы облысында жастарға арналған жүйелі қолдау қалай жүзеге асып жатыр

7 Тамыз, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысында жастар саясаты жүйелі түрде іске асып, шынайы нәтижелермен ерекшеленіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыс құр уәдемен емес, нақты жобалар мен қолдауға негізделген. Білім, жұмыс, баспана, еріктілік сияқты маңызды салалар бойынша жастарға арналған ауқымды мүмкіндіктер ұсынылуда. Todayinfo жастар саясатының назар аударарлық 10 ерекшелігінің тізімін жасады.

Облыстағы әрбір үшінші тұрғын – жас

Алматы облысында 14 пен 35 жас аралығындағы 432,6 мың жас бар, бұл – өңір халқының үштен біріне жуығы. Олардың 85%-дан астамы ауыл жастары. Сондықтан облыс басшылығы мүмкіндіктерге тең қолжетімділікке баса назар аударады.

Аудандар мен қалалардағы Жастар орталықтары

Қонаев, Кеген, Райымбек және Балқаш аудандарында заманауи коворкинг-орталықтар жұмыс істейді. Жыл аяғына дейін дәл осындай орталық Қарасай ауданында ашылады. Мұнда жастар интернетті тегін пайдаланып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес алып, түрлі оқулар мен шеберлік сабақтарына қатыса алады.

«Қонаевтағы жастар орталығына 12 мыңнан аса адам келеді. Бұл орталық идея мен адамдарды тоғыстырған мекенге айналды», – дейді жастар істері жөніндегі басқарма өкілдері.

NEET-жастар саны азайды

Яғни оқымайтын және жұмыс істемейтін жастар саны азайған. 2025 жылдың ІІ тоқсанындағы мәлімет бойынша NEET деңгейі 6,2%-ға дейін түскен. Бұл бір жылда 5925 адамға азайғанын көрсетеді. Әр ауданда жастарды белсенді өмірге тарту үшін арнайы жоспарлар мен көрсеткіштер белгіленген.

Еңбек келісімшартсыз жұмыс істейтін жастарға арналған «Мүмкіндіктер керуені»

Бұл жоба бейресми түрде жұмыс істейтін жастарды қамтыды. Облыстағы 22 базарға QR-кодтар орнатылып, 578 адамға кеңес берілді. Нәтижесінде 112 жас ресми түрде жұмысқа орналасты.

100 жас отбасы баспаналы болды

«Алатау жастары» аймақтық бағдарламасы аясында 100 жас отбасы өз баспаналы болды. 2025 жылдан бастап бағдарлама кеңейеді, Жастар үшін арнайы квота қарастырылған. Жоба «Отбасы банкпен» бірлесе жүзеге асырылады.

«Жасыл ел»: жұмыс пен табиғатты қорғау мүмкіндігі

Кейінгі үш жылда 3 мыңнан астам жас «Жасыл ел» жобасына қатысып, жұмыс істеді. 2025 жылы бұл жоба аясында тағы мыңнан аса жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр, оның ішінде басымдық ауыл жастарына беріледі.

Бастамаларға қолдау: стартап пен қолөнерге арналған гранттар

Жастардың идеялары нақты қолдауға ие болып жатыр:

«Тәуелсіздік ұрпақтары» бағдарламасы аясында 30 млн теңгеге 10 грант берілді;

«Zhas Project» арқылы тағы 20 жоба 20 млн теңгемен қолдау тапты.

Мысалы, 20 жастағы Берік Әжімбай ауылында ат әбзелдерін жасайтын шеберхана ашып, бүгінде жергілікті жастарды осы кәсіпке баулып жүр.

Еріктілер қозғалысқа айналды

ЖРО жанындағы еріктілер фронт-офисі жүздеген белсенді жасты біріктірді. Іске асқан жобалар қатарында:

  • «Ардагерді ардақтайық»,
  • «Жан жылуы»,
  • «Таза өлке».

Айдын мен Алмира есімді ерлі-зайыпты тамаша мысал бола алады. Олар апта сайын ауыл балаларын ағылшын тілі мен графикалық дизайнға тегін үйретіп келеді.

Қауіпсіздік, тәрбие және экология – барлығы бірге қамтылған

2025 жылдан бастап іске қосылған жаңа жобалар:

  • «Saqtan» жобасы 800 адамды қамтып, 250 есірткі жарнамасы жойылды;
  • Талғар ауданы мектептерінде «Заң және тәртіп» атты факультатив енгізілді;
  • 300 сенбілік өткізіліп, 16 мың экологиялық ерікті қатысты;
  • 1000 құс үйшігі орнатылып, 800 ардагерге көмек көрсетілді.

Ізгі істер бойынша көшбасшы

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматы облысы республикалық «Ізгі істер» марафонында бірінші орын алды. Қазір өңірде 10 жастар ресурстық орталығы мен ауылдық жерде 136 нұсқаушы қызмет атқарып, жастармен жұмыс жасаудың бірыңғай стандартын енгізіп жатыр.

Ең маңыздысы, сөзбен емес, іспен дәлелденеді

Алматы облысында жастар жай ғана «саясат объектісі» емес, олар – өңірді алға сүйрейтін негізгі күш. Сол үшін оларға нақты қолдау, шынайы мүмкіндіктер мен жақсы жағдай жасалып жатыр. Ең бастысы, мұнда құр уәде берілмей, іспен дәлелденеді.

Оқылып жатыр

Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды

Достық пен өзара тиімді ынтымақтастық рухы: Алматы облысы Қытаймен жеті меморандумға қол қойды

Алматы облысының әкімі Пхёнтхэк қаласының мэрімен Қонаевта кездесті

Алматы облысында 150 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген

Алматы облысында автокомпоненттер шығаратын жаңа зауыт ашылды

Алматы облысында ҚР Президентінің тапсырмасы аясында 76 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Соңғы жазбалар

Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)

1 Қыркүйек, 2025

Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды

1 Қыркүйек, 2025

Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті

1 Қыркүйек, 2025

Алматыда бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды

1 Қыркүйек, 2025

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

1 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды

1 Қыркүйек, 2025

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

1 Қыркүйек, 2025

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады

1 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.