Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Алтын домбыра» иегері Айбек Қалиевке Астанадан үй берілді

19 Қазан, 2025

Павлодарда мұғалімге қол көтерген оқушының ата-анасы жауапқа тартылды

19 Қазан, 2025

«Болашаққа сенімді нығайтатын маңызды мереке»: Алматыда Республика күнінің ерекшелігін дәріптейтін патриоттық жиын өтті

19 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Алтын домбыра» иегері Айбек Қалиевке Астанадан үй берілді
  • Павлодарда мұғалімге қол көтерген оқушының ата-анасы жауапқа тартылды
  • «Болашаққа сенімді нығайтатын маңызды мереке»: Алматыда Республика күнінің ерекшелігін дәріптейтін патриоттық жиын өтті
  • Трампқа қарсы жаппай наразылыққа 7 млн адам қатысты
  • Ақтауда қыз биік үйден құлап, қаза тапты
  • Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ардагерлері Жетісуда жолдастық кездесу өткізді
  • «Ажал іздеген ауғандар»: Әуе шабуылынан 70 адам ажал құшты
  • «Анамызды ұрып, бізге қатал болды»: Ақтөбеде бір үйдің 5 қызы көмек сұрады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 19 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Қиналып тапқан ақшаң бір сәтте жоқ болады»: Жазушы Қанат Тілеухан той жасай беретін қазақтарды сынға алды

8 Тамыз, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жазушы әрі журналист Қанат Тілеухан қазақ қоғамында тойлардың шамадан тыс көбейіп кеткеніне назар аударды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды todayinfo.kz

Қанат Тілеуханның айтуынша, «Той — қазақтың қазынасы» деген сөз шындыққа жанаспайды.

«Той — қазақтың қазынасы деген бір бишара сөз бар. Қайдағы қазына? Қиналып тапқан ақшаң бір сәтте жоқ болады. Сосын қалтаң босап, несиең қысып, тағы да жетпей жатады. Біздің бала күнімізде тойдың екі-ақ түрі болатын — үйлену тойы және әскерге шығарып салу. Соңғысы қызықты өтетін, тіпті шақырмаса да баруға тырысатынбыз. Қазір сүндет той, тілашар, 30 жас, 40 жас, 45 жас, 50 жас — қысқасы, түрі сансыз. Тойға барып, шаршап қайтамын. Соған қарамастан, тойханалар күн сайын көбейіп жатыр», — деді ол.

Жазушының бұл пікіріне әлеуметтік желі қолданушылары әртүрлі реакция білдірді:

«Әншілердің ғана қазынасы», «Толық келісемін», «Той — ысырап», «Заманның озығы да, тозығы да бар», «Тамадалар көңілден шықпайды», «Бұрын тойда кедей де, бай да разы болатын, қазір бәсеке ғана» деген сынды пікірлер қалдырған.

Тақырыпқа актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс та араласты. Ол Қанат Тілеуханның сөзіне келіспейтінін жеткізді:

«Той — қазақтың қазынасы» дегенді «бишара сөз» деп айту — ұлттық дәстүр мен танымды үстірт түсінудің белгісі. Тойды кемсіту — тамырды қиып, бүр жарған бәйтеректі «неге жапырақ жайдың» деумен бірдей. Әрине, бүгінгі кейбір тойлардың жасанды даңғаза, ысырапшыл, дарақы тұстары бар. Бірақ бұл — тойдың емес, оны ұйымдастырушылардың талғамы мен тәрбиесіне қатысты мәселе», — деп жазды ол.

Фото: kitap.kz

той-думан Қазақтар Қанат Тілеухан

Оқылып жатыр

«Алтын домбыра» иегері Айбек Қалиевке Астанадан үй берілді

Павлодарда мұғалімге қол көтерген оқушының ата-анасы жауапқа тартылды

Трампқа қарсы жаппай наразылыққа 7 млн адам қатысты

Ақтауда қыз биік үйден құлап, қаза тапты

«Анамызды ұрып, бізге қатал болды»: Ақтөбеде бір үйдің 5 қызы көмек сұрады

Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге барды

Соңғы жазбалар

«Алтын домбыра» иегері Айбек Қалиевке Астанадан үй берілді

19 Қазан, 2025

Павлодарда мұғалімге қол көтерген оқушының ата-анасы жауапқа тартылды

19 Қазан, 2025

«Болашаққа сенімді нығайтатын маңызды мереке»: Алматыда Республика күнінің ерекшелігін дәріптейтін патриоттық жиын өтті

19 Қазан, 2025

Трампқа қарсы жаппай наразылыққа 7 млн адам қатысты

19 Қазан, 2025

Ақтауда қыз биік үйден құлап, қаза тапты

19 Қазан, 2025

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ардагерлері Жетісуда жолдастық кездесу өткізді

18 Қазан, 2025

«Ажал іздеген ауғандар»: Әуе шабуылынан 70 адам ажал құшты

18 Қазан, 2025

«Анамызды ұрып, бізге қатал болды»: Ақтөбеде бір үйдің 5 қызы көмек сұрады

18 Қазан, 2025

«Қазақфильм» қазақстандық полицейдің ерлігін арқау еткен фильмнің премьерасын өткізеді

18 Қазан, 2025

Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге барды

18 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.