Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ақмола төрінде ұлы Абай рухына тағзым етілді

10 Тамыз, 2025 Ақмола облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Көкше жерінде қазақ руханиятының шамшырағы, ұлттың ұлы ұстазы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» атты мәдени арбат өтті. Шараға Ақмола облысы әкімдігінің басшылығы, зиялы қауым өкілдері мен қонақтар қатысты. Ашық аспан астында, қаланың көркем жағалауында өткен бұл мереке ұлттық болмыс пен заманауи өнердің тоғысын паш етіп, мыңдаған  көрермен мен қатысушыны бір алаңға тоғыстырды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Мәдени арбат ақынның әні де шықалып, өлеңдері оқылды. Әрбірі Абай мұрасының бір қырын ашып, қалың жұртты өнер мен ойдың биігіне жетеледі. «Ұлттық әуен аймағында» өткен «Абай дана, Абай дара» фольклорлық ансамбльдер фестивалі сахна төрінде қазақтың бай музыкасын жаңғыртты. «Әнді сүйсең, менше сүй» вокалдық алаңы жас орындаушыларға Абай әндерін дәстүрлі, академиялық және эстрадалық жанрларда шырқатса, «Қазақша караоке» көпшілікті думанға бөледі.

Әдебиет сүйер қауым «Өлең сөздің патшасы» аймағында ақындар мүшәйрасын тамашалап, кітап көрмелері мен жәрмеңкелерден рухани азық алды. «Даналық бастауы – Абай» театр алаңы мен «Жыл мезгілдері» бейнелеу өнері байқауы кемеңгер ойшылдың даналық сөздері мен поэзиясын сахна мен қылқалам тілімен сөйлетті. «Шеберлер шаһарында» ұлттық қолөнер бұйымдары ұсынылса, бас сахнада Кенжебек Күмісбеков атындағы оркестр мен Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері, «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары салтанатты концерт қойды.

Облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев Абайдың Көкше өңірі үшін маңызын ерекше атап өтті.

«Көкше өңірі – ән мен жырдың, сал-серілердің қасиетті мекені. Осы өлкеде Біржан сал мен Абай Құнанбайұлының кездесуі – тарихта қалған айрықша оқиға. Абайдың әнге ғашық болып, табиғат лирикасы мен адам жанына үңілетін әндер жазуына Біржан салдың ықпалы тигенін айтуға болады.Абай армандаған кемел қоғамды бірге құрайық», – деді ол.

Біржандай өнердің асқақ тұлғасын көргенде шабыт алып, шығармашылық биікке ұмтылмау мүмкін емес. Бір дәуірде өмір сүрген бұл ұлы тұлғалардың туындылары халықтың жан-дүниесімен үндесіп, болмысымен біте қайнасты. Облыс көлемінде Абай жылына орай өткізілген конференциялар, әдеби байқаулар мен көрмелер – өскелең ұрпақты рухани байлыққа жетелейтін игі істердің айғағы. Сондай ақ мереке аясында М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана да өз үлесін қосып, ақынының шығармаларын көпшілік назарына ұсынды.

«Біздің кітапхана ұлы ақынның 180 жылдығын атап өтуге белсенді қатысып отыр. «Мәдени арбат» аясында Абай шығармашылығының әртүрлі кезеңдері мен жанрларын қамтитын кітап көрмесін ұйымдастырдық. Сондай-ақ, алдын ала өткізілген шығармашылық байқаудың үздік жұмыстарын көпшілік назарына ұсынып, бүгін оның қорытындысын жарияладық. Байқауға өңіріміздің түкпір-түкпірінен қатысушылар келді», – деп атап өтті кітапхана қызметкері Жадыра Әубакирова.

Осылайша, Көкше төрінде өткен «Абай әлемі» мерекесі ақын мұрасын ұлықтаумен қатар, елдің мәдени бірлігін, рухани жаңғыруын дәріптеген ұлы думан ретінде есте қалды.

Қала  тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік шара кешке сағат 19:00 Абайдың әндерімен жалғасады.  Жаңа жағалауда өтетін ән кешіне баршаңызды шақырамыз!

Оқылып жатыр

Ақмоладағы Серафимовка ауылында сумен жабдықтау жүйесіне жөндеу жұмыстары аяқталды

Ақмола облысында электрмен жабдықтау жүйесінің жай-күйі мен дамуы

Аймақтың цифрлық дамуы: стартаптар мен жасанды интеллектке басымдық

Ақмола облысында «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.