Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)

1 Қыркүйек, 2025

Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды

1 Қыркүйек, 2025

Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті

1 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)
  • Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды
  • Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті
  • Алматыда бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды
  • Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты
  • Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды
  • Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды
  • «5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 2 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Абай 180 жыл: Түркістанда тұрғындарға «Абай жолы» романы таратылды

Абай 180 жыл: Түркістанда тұрғындарға «Абай жолы» романы таратылды

11 Тамыз, 2025 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Биыл қазақтың ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осы айтулы мерекеге және «Жастар күніне» орай Түркістанда рухани мәні бар іс-шара өтті. Абай ескерткіші маңында ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көшпелі кітап көрмесі өткізілді. Сонымен бірге облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің белсенді жастарымен кездесіп, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабын тапсырды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы әр шаңырақта Абайдың кітабы мен мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы тұруы керек екенін айтқан болатын. Сол бастаманы Түркістан облысында іске асыру мақсатында қонақтарға, жастарға «Абай жолы» романы топтастырылған төрт томдық кітаптарды тапсыруды жөн көрдік. Бұл кітапты әр оқыған сайын жаңа дүниелермен танысасың, жаңаша ой түйесің. Жастарымыз да кітапты оқып, Абай өмірінің тереңіне үңіледі деп ойлаймын, – деді Нұралхан Көшеров.

Белсенді жастар өңір басшысының рухани мәні бар сыйлығына ризашылықтарын білдіріп, Абай мұрасына адал болатындарын жеткізді. Жалпы, 180 жылдыққа 180 кітап топтамасы шығарылып, жастар мен тұрғындарға үйлестірілді.

Айта кетейік, осы күні ұйымдастырылған кітап көрмесінде Абай Құнанбайұлының өмірінен, шығармашылығынан сыр шертетін маңыналы дүниелер ұсынылды. Абай Құнанбайұлы бейнеленген, ерекше шеберлікпен тігілген қабырғаға ілетін кілемше де көпшіліктің қызығушылығын оятты. Бұл сыйлықты кітапханаға «Бал текстиль» компаниясы тарту еткен.
Осылайша, Түркістан жастары «Абай күні» мен «Жастар күні» мерекелерін рухани-танымдық іс-шарамен өрнектеп, ерекше серпіліп қайтты.

Абай жолы кітап кітап тарату Роман Түркістан

Оқылып жатыр

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Түркістанда қоғамдық көліктер жаңа автобустармен толықты

Түркістанда жылына 120 мың шаршы метр ламинат өндіретін зауыт салынып жатыр

Соңғы жазбалар

Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)

1 Қыркүйек, 2025

Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды

1 Қыркүйек, 2025

Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті

1 Қыркүйек, 2025

Алматыда бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды

1 Қыркүйек, 2025

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

1 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды

1 Қыркүйек, 2025

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

1 Қыркүйек, 2025

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады

1 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.