Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Жылан терісінен жасалған ұлттық аспап. Жарты келі алтын таққан әйелдер. Құрғақ көкеністің тоқсан түрі»: Қашқардағы ұйғыр ұлтының тұрмысынан фоторепортаж

17 Тамыз, 2025 Қытай
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Олег Белов

Қашқар (Карши — қытай атауы) 700 мың тұрғыны бар, ауыл шаруашылығымен аты шыққан, соңғы он жылдықта технология түрін барлық салаға кеңінен енгізіп жатқан көне қала. Қытай билігі қиыр батысындағы Қашқар өлкесіне ішкі жақтан инвесторларды көп тартып, өндірісті ұлғайтып жатыр. Тянь—Шань, Памир және 7 мың метрлік Кунлун тауларының ортасында орналасқан ыстық өлке ауыл шаруашылығымен, еш жерде жоқ, қайталанбас көкеніс өнімдерімен кеңінен танымал. Todayinfo тілшісі байырғы бұқара ұйғыр ұлтының тыныс—тіршілігімен танысып, қиырда болса да туристер ағыны азаймаған қаланың келбетін оқырманға көрсету үшін арнайы барды.

Фото: Олег Белов

Фото: Олег Белов

Қашқарға ұшақ Үрімші қаласынан 1,5 сағаттан сәл аса жетеді. Барып-қайту билетінің құны адам басына бір мыңнан екі мың юань (140 мың теңге дейін) аралығында. 500 жолаушы мінген алып лайнер екі қаланың аралығына жиі ұшады.

Фото: Todayinfo

Қашқарлықтар қонақжай, оны ағылған туристердің көптігінен де, сауда жасап, кафе, мейрамхананы толтырған қонақтардың жүзінен де байқауға болады.Тамақтану орындарында қызмет көрсетіп жүрген ұйғыр жастары көп. Ағылшынша, орысша немесе қазақшаны мүлдем түсінбейді. Қытай немесе ұйғыр тілін білмегендерге аудармашы ауадай қажет. Архитектуралық келбетін сақтаған ұйғыр ұлттық асханасы аз емес. Баға қолжетімді, европалық асханадан қарағанда кауап, манты, лағман мен өзгеде ашты тағамдары, қоспалары, қауын-қарбыз молынан. «Қашқарды көрмесең Үрімшіге келдім деп айтпа» деген тәмсіл бар..

Туристердің көп келетін орындарының бірі, қаладан он шақырым жердегі Шу Фу (Көне шаһар деп аталады) ауылы. Шу Фуда ұйғыр ұлттық аспартарын жасайтын және олардың музыка өнерін паш ететін үлкен орталық пен саябақ бар.

Мемлекеттің қорғауындағы орталықта көненің көзін көрген шеберлер тұрады және туристерге ұлттық аспаптарын сатады. Ішкі қытайдан да, шетелден де ағылған саяхатшылар аз емес.

 

Фото: Олег Белов

Фото: Олег Белов

Фото: Олег Белов

 

Фото: Олег Белов

Именжан Ушур ақсақал 76 жаста. Айтуынша, осында ұйғырдың ұлттық музыка аспаптарын жасап келе жатқанына 56 жыл болған. Рабап ( рухтың үні) пен дуттарды (ду- екі, тар.- ішек) жасаулың хас шебері. Шертпеден бөлек үрлемелі де, даңғыр, ұрмалы аспаптардың да түр түрін жасап, сатады.

Фото: Олег Белов

«Дуттардың ең арзаны жүз доллар. Туристер көп болған кезде күніне 7-8 данасы сатылады. Айына шамамен 8 мың юань табам ( 600 мың теңгеге жуық. Төрт баламды асырадым осы кәсіппен, мектептегі немерем де осы іспен айналысады. Ұлттық мұрамыз саналатын аспаптардың елу шақты түрін жасаймыз», — деді Именжан ақсақал.

Қария қытай тілін мүлдем түсінбейді. Тек ана тілінде ғана сөйлейді, таңнан кеше дейін ісімен тоқтаусыз айналысады.

Фото: Олег Белов

Туристерді қызықтырған тағы бір дүние — жылан терісінен жасалған аспаптар. Орталықта питондардың кептірілген, ұзындығы үш-төрт метр, ені жарты метрге жететін терілері ілініп тұр. Шеберлер оны барабан, таб пен дуттардың бетіне қолданады. Жыланның терісі қалың болғандықтан берік келеді, аспап шыдамды, әрі дыбыс анық шығады.

Фото: Олег Белов

Фото: Олег Белов

Фото: Олег Белов

Фото: Олег Белов

  Алтын мадам

Туристердің көзіне ерекше түсетін тағы бір көрініс — әшекейлі ұлттық киімдерімен билеген ұйғыр қыздары. Ал ортадан жоғары жастағы әйелдер салмағы көп алтын тағумен ерекшеленеді. Мойыннан бастап кеуделерін түгел алтын алқа жапқан әйелдерін мереке немесе той күндері көп кездестіруге болады.

Фото: Олег Белов

Фото: Олег Белов

Қытайлықтар алтынмен түгел апталған ұйғыр әйелдеріне қарап, олардың күйеуі көпес, саудагер, ауқатты екенін бірден біледі. Бір әйелдің таққан алтын әшекейлерінің құны пәтердің бағасымен пара пар деп болжайды. 240 грамм алтын алқа таққан Зубаида ханым әдемі, әрі бағалы әшекейімен қонақтарды қарсы алып, тойда жиі көзге түсті.

Фото: Олег Белов

Қашқарды өзгеше қылып тұрған тағы бір ерекшелік — сан түрлі көкеніс пен құрғақ жемістер. Өңірдің басты символы — анар. Халық анардың ішкі жемісіндей бір бірімен тығыз тату болсын деген ұғып қалыптасқан. Қашқарға күн молынан түседі, су қоры аз. Соған қарамастан, ұшан теңіз даланы егіс алқабына айналдырып, жеміс пен көкеніс, егінді молынан алудың жолын жұрт жақсы меңгерген. Жерасты су қорын көтере білген едің құмды далада өсірген бақша, алқабы жайналып көзге түседі. Алынған өнімнің дәмі де өзгеше.

Фото: Олег Белов

Фото: Олег Белов

Фото: Олег Белов

Фото: Олег Белов

Фото: Олег Белов

Қала сыртында Чангураго атты ( Шыңжаңның әдемі жемістері атауына ие) алып зауыт бар. Дәмді, әрі қоспасыз, боямасыз өнімдерімен күллі қытайға танылған. Зертханадағы лаборанттар, жоғары білімді ғылыми қызметкерлерін, жұмысшыларын қоса алғанда 350 адам жұмыс істейді. Құрғақ көкеністің ондаған түрін шығарады. Сапалы өнім, сәнді қорап, қолжетімді бағаны үйлестіре білген компания алдағы жылы табыс пен айналым көлемін 100 млрд юаньға жеткізуді жоспарлапты. Зауыттың ашылғанына он жыл толмаса да экспорт пен ішкі қытай нарғын жаулап алған.

Фото: Олег Белов

Фото: Олег Белов

Көне қалаға келмесең Қашқарды түсінбейсің…

Бұл тәмсіл Қашқардың ішінде орналасқан, 2100 жылдық тарихы бар көне аудан, қолөнер шеберлерінің қалашығына арналып айтылған.

Фото: Олег Белов

Қалашықта тіршілік қайнаған, 20 мың отбасы, 40 мыңдай адам тұрақты өмір сүреді. Тарихи жер бай мәдениетімен, қолөнер шеберлерімен, алуан түрлі кәдесыйларымен танымал.

Фото: Олег Белов

Көне орталық мемлекет қорғауында. Аспан астындағы ашық музей қалашық ежелгі дәуірге сапарлатып, тарихтан тағылым алдырады. Алты ұрпақ ауысқан темір ұсталар көрік қыздырып, әлі күнге таға соғады, мыстан мәнді де бағалы бұйымдар жасайды.

Шоқан Уәлихановтың табаны тиген, зерттеу жүргізген қалашықта 1759 жылдың өзінде темір ұсталарының орталығы болыпты. Қашқар өлкесі темір рудасына да бай.

Фото: Олег Белов

 

Фото: Олег Белов

Кірсең құр қол шыққың келмейтін, жыл бойы туристер тоқтаусыз келіп, сауда жасайтын алып қалашықты түрлі дәрілік шөп шай дүкенімен аяқтап, таңданысқа толы эмоцияны тоқтата алмай, сапардың бір бөлігін қимастықпен бірақ аяқтайсыз.

Фото: Олег Белов

Қиырдағы Қашқар сапарының алғашқы үш күнінен таныстырылым осымен тәмам

фоторепортраж Қашғар Қашқар Қытай Қытай сапары ұйғыр ұлты

Оқылып жатыр

Қазақстан-Қытай қатынастары: Шыңжаң арқылы өтетін мүмкіндіктер көпірі

Сарапшы: Шыңжаң – Еуразияның жаңа алтын дәлізі

Қытай мен Қазақстан суретшілері Байшифэн тауында достық картинасын салды

Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді

Си Цзиньпиннің жаһандық басқару бастамасы: үш метафора арқылы түсіндіру

«Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.