Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қайғылы хабар: Түркістан өңірі абыз ақсақалымен қоштасты

18 Тамыз, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

15 тамыз 2025 жылы Өңірдің абыз ақсақалы, ел ағасы, қоғам және мемлекет істеріне белсене араласқан қайраткер, Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы, Түркістан облысының Құрметті азаматы, сондай-ақ Түркістан қаласы мен Сауран ауданының Құрметті азаматы, елге сыйлы ақсақал, ардақты азамат – Әзіретбергенұлы Жарылқасын дүниеден өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Жарылқасын атамыз – бүкіл саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған, ұлт болашағы үшін еңбек еткен ардақты тұлға. Оның өмір жолы – тұтас бір дәуірдің көрінісі, халқына қызмет етудің жарқын үлгісі.

Ол 1939 жылы 29 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Түркістан облысы, Жайылма ауылында дүниеге келген. Балалық шағы сұрапыл соғыстан кейінгі ауыр жылдарға тап келсе де, білімге құштарлығы мен еңбекке адалдығы оны ерте танытты. 1946-1947 оқу жылында мектеп табалдырығын аттап, 1957 жылы Түркістан педагогикалық училищесін тәмамдайды.

Еңбек жолын қарапайым мұғалімдіктен бастап, өмірінің әр кезеңінде халыққа қызмет етудің биік үлгісін көрсетті. 1968-2001 жылдар аралығында Амангелді атындағы колхозда партия комитетінің хатшысы, кейін колхоз төрағасы қызметін абыроймен атқарды. Қай қызметте де әділдігімен, адалдығымен, іскерлігімен ел құрметіне бөленді.

2002-2008 жылдары Н.Оңдасынов атындағы мұражайдың директоры қызметінде өңір тарихының терең насихатталуына, ұлттық құндылықтардың сақталуына зор үлес қосты.

Ал 2001 жылдан 2018 жылға дейін Түркістан қалалық Ақсақалдар алқасының төрағасы қызметін атқарып, 2018 жылдан өмірінің соңына дейін Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасын басқарды.

Кеңестік дәуір мен Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде де мемлекет тарапынан еңбегі лайықты бағаланып, көптеген марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, «Еңбек ерлігі үшін», «В.И. Лениннің 100 жылдығы» медалі, Тәуелсіздік кезеңіндегі «Барыс» және «Парасат» ордендерімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Егемен Қазақстанның 10 жылдығы» және тағыда басқа бірнеше медальдары мен марапатталған. «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» марапаты – осының дәлелі.

Жарылқасын атаның артында елге үлгі болған ұрпақтары, өнегелі ісі, ұлағатты сөзі мен парасатты болмысы қалды. Ол – ұстаз, басшы, ақылман, тұлға ретінде талай жасқа бағыт-бағдар берген, артында өшпейтін із қалдырған азамат.

Бүгінгі Түркістан – ардақты ағасының бейнесін ұмытпайды.
Ел мүддесін бәрінен биік қойған, әр сөзінде ұлт болашағы мен руханияты тұрған Жарылқасын Әзіретбергенұлы – халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.

Барша туған-туыстарына, бала-шағасына, дос-жарандарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтамыз.

Түркістан қаласы әкімдігінің атынан!

абыз ақсақал Түркістан қоштасу әкімдік

Оқылып жатыр

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

Түркістан облысында ауқымды «Аq-dala» мақташылар фестивалі өтті

Түркістан облысында тұмау мен жрви-ге қарсы екпе салу жұмыстары жүріп жатыр

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай Түркістанда сенбілік өтті

Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылып, қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтті

Соңғы жазбалар

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.