Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

VI ғасырлық Ид Ках мешіті. Қарияларға қамқорлық. Шығыс медицинасының құдіреті: Қытай қиырдағы Қашғарияны қалай дамытты

19 Тамыз, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Көне тарихи келбетін сақтай отырып қазіргі заманның қажетінен қалыспаған зәулім ғимарат, сәнді үйлері көптеп бой көтерген Қашғарияда көретін орындар өте көп. Әлбетте, көшеден жергілікті жұртының қолтаңба бояуын байқау қиын емес. Қашқар Қытайдың құмды Така -Макан шөлімен ұштасатын батысында бұйығы күйінде қалған өлке болған еді.

Қашғария — Батысында Тянь-Шань, Памир, Кунь-лунь және Бэйшань сынды алып таулармен шектесетін өлке. Ауыл шаруашылығы жағқсы дамыған өлке Ұйғыр ұлтының отаны, орталығы саналады.

Ұлы Жібек жолының орталығы болған қайнаған саудагерлер де ғасыр қойнауына кеткелі өлке өзгешеленіп, тоқырауда жатқан. Қытай билігі соңғы он жылдықта Қашқар аймағын көркейтуге көп көңіл бөлді.

Оған соңғы жылдары салынған бес жұлжызды мейманханалар, қытай мен батыс медицинасын ұштастырған ауруханалар, қариялар мен балаларға қамқорлық көрсететін әлеуметтік орталықтары, өндріс технологиясымен ерекшеленетін зауыттарын айтуға болады. Todayinfo тілшісі Жунго билігінің өз жұртына жасап жатқан мүмкіндіктерін көріп қайтты.

Қытай көп жасайтын қарияларымен қашанда ерекше. Ұзақ өмір сүретін тұрғындарының тұрмыстық жағдайын да, адамға ауру тудыратын басты мәселе, ой-сана психологиясының бұзылмауына да әу бастан назар аударып қойған.

Доңху ауданында әлеуметтік орталық жұмыс істейді, түгел мемлекеттің меншігінде. Мұнда күндіз іші пысқан немесе қараусыз қалған қариялар мен балалар келеді. Ұл-қызы жұмысқа немесе сапарға шыққанда үйдегі үлкендеріне алаңдамас үшін ересектерді осындағы мамандарға ескертсе болды, қызметкерлер қарияларды өздері үйден келіп алып кетеді.

Орталық тек қарияларға ғана емес, ата-аналары жұмысқа кеткен балаларға да қамқор. Спорттың ондаған түрімен айналысу, би билеу, кітап оқу, денсаулығын тексертіп, ем алу, сананы сергітіп, тыныштыққа кенелу сынды сан түрлі кабинеттер бар. Барлығы — тегін. Тек қондырмайды, күндіз ғана орталықта тегін уақыт өткізуге болады.

Тек үш уақыт беретін тамақ қана ақылы, онда да зейнеркерлер жас ерекшелігіне қарай 7-11 юань (650-770 теңге аралығында ақы төлейді. Ал жасы тоқсанға (әрбір төртінші адам тоқсанда) жеткендерге ас толықтай тегін.

Орталықта Қытай иероглифтерін үйренуге болады. Әрбір бунынды сөздері мәнге, мағына ие иероглифтерді салу арқылы адам шыдамдылыққа үйренеді. Оңаша ойға шомып, жазу-сызу өнерін меңгереді.

Қаланың тағы бір жетістігі — Қашқар кәсібиленген көпсалалы және Қытай медициналық емханасы. Мемлекеттің қолдауымен салынған емхана өңірдегі ең үздік емдеу орталығы саналады. Қытайдың ішкі өлкесінен кәсіби дәрігерлер келіп, жергілікті мамандармен бірге халыққа қызмет көрсетеді. Инсульт алған, аяқ-қолын сындырған, өзгеде емделуге келген науқасарды оңалтудан бастап, қытайдың түрлі шөп дәрілерімен және ине қою әдістері арқылы адам жанын сауықтырады.

Туристер көп келетін, мемлекеттің қорғауындағы тағы бір тарихи орын — VI ғасырлық Айтигар мешіті. Оны қытай халқы Ид Ках (Ит «мереке» дегенді білдіреді, парсы тілінде: айт-мейрам, гах -орын, қытайша). Айт мерекесі осы мешіттің алдындағы алаңда тойланады. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың да табаны тиген мешіт.

Имам Мұхамменд Жұманың сөзінше, мешіт іргетасы 1442 жылы қаланған. 580 жылдық тарихы бар киелі орын Қытайдағы маңызды мәдени орындардың бірі саналады.

Айтуынша, тарихта дінді терең талдаған талай ғұламалар мен сан саланы меңгерген ғалымдар осы Айтигар мешітінен дәріс алған.

«1942 жылы мәдениет орталығы болып құрылды. 2001 жылдан бері мемлекеттің қамқорлығында. Аумағы 16 670 шаршы метр, 1,6 гектар жерді алып жатыр. Мешітте 140 дана тірек бар. Әрбір тіректің өрнегі бір біріне ұқсамайды.. Зал 400 шаршы метр, оған 400 адам қатар тұрып намаз оқиды, ал жұма күні аулаға он мың адам сыйып кетеді», — деді мешіт имамы.

Сұрапыл даму үстіндегі Қытай елі батыстағы бұқарасына ауқымды жоспар құрған. Дүр көтеріле, даму үстіндегі көне Қақшар қаласы мен оның айналасы күллі Жунго ғана емес, Шығыс Азия аймағындағы шетелдіктердің толассыз ағынына айналып келеді.

Фото авторы Олег Белов

Жунго журналист Кашгар саяхат Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесі Қашғария Қыта Қытай Әмірболат Құсайынұлы

Оқылып жатыр

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Жанармай дағдарысының жаңа толқыны: Қазақстан 2022 жылғы қаңтардың жолына түсе ме?

Алматыда SHARE KAZAKHSTAN-2025 архитектура және урбанистика бойынша алғашқы халықаралық форумы өтті

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.