Әлеуметтік желіде қазақстандық Тұрарбек Құсайын есімді азамат Украина Президенті Владимир Зеленскийді Нобель сыйлығына ұсынғанын хабарлады, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, бір ай бұрын жолданған өтінішке Ослодағы Нобель институтынан жауап келген. Хатта Нобель сыйлығына кандидаттарды ұсынуға құқығы бар тұлғалардың тізімі көрсетілген. Олардың қатарында жоғары оқу орындарының профессорлары да бар екені айтылған.
Құсайын отандық профессорларды Зеленскийдің кандидатурасын қолдауға шақырды.