Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)

1 Қыркүйек, 2025

Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды

1 Қыркүйек, 2025

Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті

1 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)
  • Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды
  • Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті
  • Алматыда бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды
  • Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты
  • Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды
  • Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды
  • «5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 2 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматы облысында автокомпоненттер шығаратын жаңа зауыт ашылды

Алматы облысында автокомпоненттер шығаратын жаңа зауыт ашылды

22 Тамыз, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қазыбек бек ауылында «QazElastoPlast» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің автокомпоненттер мен автоаксессуарлар шығаратын жаңа зауыты іске қосылды. Жоба толықтай жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Аумағы 1000 шаршы метр болатын кәсіпорын құрылысына 600 миллион теңге инвестиция салынды. Зауыт жылына 300 мыңнан астам жиынтық өнім шығаруға қауқарлы. Негізгі өнімдер қатарына термоэластопласттан жасалған кілемшелер, резеңке тығыздағыштар, балшыққағарлар және өзге де автокомпоненттер кіреді.

Қазіргі уақытта кәсіпорын Hyundai маркасының үш моделіне арналған бөлшектерді шығаруда, алдағы кезеңде өнім түрлерін кеңейту көзделіп отыр.
Зауыт директоры Абылай Жәкішевтің айтуынша, бұл – Қазақстандағы автокомпонент өндіруді алғаш қолға алған кәсіпорын.

«Қазіргі таңда біз көліктерге арналған кілемшелерді шығарудан бастадық. Модельдік қатар әзірге үш үлгіден тұрады. Алдағы жылы олардың санын 100-ге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», – деді ол.

Салтанатты шараға «Астана Моторс» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов қатысып, қызыл лентаны қиды. Сондай-ақ екіжақты меморандумға қол қойылып, зауытта өндірілген өнімді отандық автокөлік құрастыратын зауыттарға жеткізу жөнінде келісім жасалды.

«Астана Моторс» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев бұл серіктестіктің маңызына тоқталды.

«Бұл бастама бізге қажетті бөлшектерді шетелден әкелмей, өз елімізде өндірілген өнімді қолдануға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта іске қосылатын жаңа зауыттарымыз үшін де қажетті бөлшектерді осы жерден алуды жоспарлап отырмыз», – деді ол.

Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ақниет Тұматаев зауыттың өңір экономикасына қосар үлесін атап өтті.

«Бұл өндіріс орны ауданымыздың өнеркәсіп саласын дамытуға серпін береді. Қазыбек бек ауылдық округінде жалпы көлемі 960 гектарды құрайтын индустриялық аймақ құру жоспарлануда. Қазіргі уақытта оның инфрақұрылымын тарту бойынша конкурс жарияланды», – деді ол.

Бүгінде зауытта 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, олардың орташа айлық жалақысы 200 мың теңгеден басталады. Алдағы уақытта жұмыс орындарының саны ұлғаяды деп күтілуде. Сонымен қатар кәсіпорын шикізатты Ресейден ғана емес, Өзбекстаннан да жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл қадам логистикалық шығындарды азайтып, өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңа зауыттың іске қосылуы аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттырып қана қоймай, импортты алмастыруға және отандық автоөнеркәсіптің дамуына тың серпін бермек.

Оқылып жатыр

Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды

Достық пен өзара тиімді ынтымақтастық рухы: Алматы облысы Қытаймен жеті меморандумға қол қойды

Алматы облысының әкімі Пхёнтхэк қаласының мэрімен Қонаевта кездесті

Алматы облысында 150 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген

Алматы облысында ҚР Президентінің тапсырмасы аясында 76 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Алматы облысының аграрлық секторы өсім мен жаңа мүмкіндіктерді көрсетуде

Соңғы жазбалар

Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)

1 Қыркүйек, 2025

Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды

1 Қыркүйек, 2025

Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті

1 Қыркүйек, 2025

Алматыда бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды

1 Қыркүйек, 2025

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

1 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды

1 Қыркүйек, 2025

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

1 Қыркүйек, 2025

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады

1 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.