Түркияда турист қызға ел туы тігілген бағанада би билегені үшін түрмеге қамалуы мүмкін. Оған мемлекеттік рәмізді қорлады деген айып тағылды, деп хабарлайды Todayinfo Baza Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Каппадокияда шетелдік қыз Түркия туы ілінген флагштокта акробатикалық трюктерді орындаған. Жергілікті тұрғындар оның әрекетін мемлекеттік рәмізді қорлау деп бағалап полицияға шағымдана бастаған. Нәтижесінде прокуратура қылмыстық іс қозғады.
«Ту – біздің ар-намысымыз, көзіміздің нұры. Біз Каппадокияға келген туристерді әрдайым қонақжайлықпен қарсы алдық. Алайда ұлттық және рухани құндылықтарымызға мұндай құрметсіздік мүлде жол берілмейді», – деді жергілікті партия депутаты Эмре Чалышкан.
Фото: скрин