Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)

1 Қыркүйек, 2025

Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды

1 Қыркүйек, 2025

Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті

1 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)
  • Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды
  • Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті
  • Алматыда бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды
  • Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты
  • Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды
  • Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды
  • «5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 2 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Ғұмардың елі – жыр әннің елі

Ғұмардың елі – жыр әннің елі

24 Тамыз, 2025 БҚО
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Биыл Ұлы ақын, ағартушы, қоғам қайраткері Ғұмар Қараштың туғанына 150 жыл толып отыр. Осыған орай, Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы, халықаралық байқаулардың лауреаты, әнші Райымбек Каримовтың «Ғұмардың елі – жыр әннің елі» атты ән кеші өтті.
Райымбек Каримовті облыста білмейтін жан кем де кем. Әуезді әндерімен, жағымды дауысымен халықтың жүрегінен орын алып, өнер айдынында бағы ашылған ақжолтай өнер иесі облыс орталығына келіп, қала тұрғындары мен қонақтарына мәнді де мазмұнды кеш сыйлады.
Кеште Райымбектің авторлық әндері, қазақ композиторларының танымал әндері шырқалды.
Концерттің шымылдығын «Сәлем, елім» әнімен ашып, өзін қолдай келген тыңдармандарымен амандасқан өнер иесі артын суытпай, ауылдан өздері көшкенмен, көңілдері көшпеген жерлестердің сағынышын «Ауылға сағыныш» әнімен басты.
Кеште әншінің тыңдармандарына сый жасалып, көптен күткен «Ғұмардың елі – жыр әннің елі» әні мен бейнебаянының тұсауы кесілді. Осы орайда Райымбек Асылбекұлы өнеріне қолдау білдіріп, демеушілік жасаған, әдемі бейнебаянның өмірге келуіне сеп болған аудан әкімдігі мен аудан басшысы Тимур Шиниязовқа зор алғысын айтты.
Әлемді тербеген аналардың ақ жаулығына оралған мамықтай жүректері бойтұмардай қадірлі екенін Абдул Рахметовтың сөзіне жазылған «Анаға сағыныш» әнімен жүректерге жеткізе орындаған әнші ұлдың шығармашылық кешіне әнші әрі композитор, «Мәдениет саласының үздігі», Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Ербол Ақбасов, Қуаныш Қисметов сынды өнердегі ағалары қолдау білдіре келді. Сонымен бірге жастар арасында «Raketa» псевдонимімен кең танымалдыққа ие Рысбек Жанаисов та сахна төрінен табылып, көңілді хит әндерінен орындады.
Райымбек Каримовты патриоттық және ескінің есті әндерін шырқайтын аса дарынды дауыс иесі деп танитын жұртшылық үшін осы кеште әнші басқа қырынан да танылды. Ербол Қарағойшиннің «Сен маған лайықты емессің» әнінің тұсауы осы кеште кесіліп, тұңғыш орындаушысы кеш иесі Райымбек Асылбекұлы болды.
Сонымен бірге әнші алдыңғы буын тыңдармандарын да назардан қалдырмай, көпшілікпен бірге «Жайлау көл кештерін» орындап, көрерменмен рухани байланыс орнатты.
Мұндай әдемі кештердің бишілер мен сазды сүйемелдеушілерсіз көркі қызбас па еді. «Салтанат» би ансамблі мен «TASQYN BAND» вокалды-аспаптық ансамблі кешке әр кіргізіп, өнердегі әріптестерінен кәсіби қолдауларын аямады.
Сонау Ғұмар елінен, шығармашылық кеш иесімен бір сахнаны бөлісіп жүрген жерлес әріптестері, «Мәдениет саласының үздігі» Шынар Каюпова, Әсем Гайнуллина, Асылан Боранбаев арнайы келіп, төрттік «Жайықтың жағалаулары» әнін жүрекке жеткізе орындады.
Кешті әнші туған жеріне деген бар махаббатын сыйдырған, ауданның 100 жылдығына орай өткен «Әнімді саған арнадым – Жәнібек» атты әндер байқауында бас жүлдеге ие болған, «Жәнібегім – мекенім» (сөзі: Әділет Орынбасар, әні: Думан Бекқалиев) әнімен қорытындылады.
Әнші облыс көлеміндегі алғашқы шығармашылық кешін түйіндеп, концерттің жоғары деңгейде өтуіне себепкер болған кеш тізгінін ұстаған журналист әрі Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әділет Орынбасаровқа, Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының қызметкері Данияр Есқалиевке және барша тыңдармандары мен қолдау білдірген жандарға алғысын жеткізді.
Сонымен бірге әншіге жерлесіміз, қазақ музыка мәдениетінде аса көрнекті орын алатын күйші-композитор, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Дәулеткерей Құсайынов жылы лебізін арнап, облыстық басқарма төрағасының құттықтаухаты мен сыйлығын жеткізсе, Жәнібек аудандық мәслихат төрағасы Тахир Қадимов аудан басшысы Тимур Серікұлының алғысхатын табыстап, өнер иесіне шапан жапты.
Осылайша «Жәнібегім» деп жырлаған әнші ұлдың шығармашылық кеші жоғары деңгейде, тыңдармандарының есінде қаларлықтай өтті.

✍️Арай СЕЙФОЛЛА
«ШҰҒЫЛА»

Оқылып жатыр

Конституция – ел тәуелсіздігінің берік тұғыры

БҚО-ның жас мамандарына жол ашқан өңірлік кадр резерві

Ақжайық өңірінде «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсының облыстық кезеңі өтті

Қызмет алушылардың құқығы бұзылса не істеу керек

Оралда «Келешек мектебі» жобасы аясында оқушыларға даярлық курсы өтуде

Оралда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай құрмет көрсетілді

Соңғы жазбалар

Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)

1 Қыркүйек, 2025

Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды

1 Қыркүйек, 2025

Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті

1 Қыркүйек, 2025

Алматыда бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды

1 Қыркүйек, 2025

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

1 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды

1 Қыркүйек, 2025

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

1 Қыркүйек, 2025

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады

1 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.