Астанадан Вьетнамның Нячанг қаласына бағыт алған VietJet Air әуе компаниясының жолаушылар ұшағы әуеге көтерілген соң бір сағатқа жуық уақыт бойы Қарағандының үстін айналып жүрді, сағат 23.23- те елорда әуежайына қайта келіп қонған, деп хабарлайды Todayinfo.
Астана әуежайының баспасөз қызметі NewTimes.kz редакциясына берген ресми түсініктемесінде:
«Экипаж командирі әуе кемесін ұшқан аэродромға қайтару туралы шешімді авиациялық ережелерге қатаң сәйкес және жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі мүддесінде қабылдады. Әуежай ұшақты қабылдау үшін барлық қажетті жағдайды қамтамасыз етті: қону штаттық режимде өтті, әуе кемесін күтіп алу мен қызмет көрсетуге қажетті барлық қызметтер жұмылдырылды», – деп хабарланған.
Оқиғаның нақты себептері әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.
Айта кетсек, көктемде вьетнамдық Sovico Group компаниясы Qazaq air әуе компаниясын сатып алған. Жаңа бренд қазіргі күні Vietjet Kazakhstan деп аталады.
Фото: Freepik