Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері

4 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда

4 Қыркүйек, 2025

Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров

4 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері
  • Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда
  • Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров
  • «Құны 2,4 миллион теңге»: «Қазақстан халқына» қорының төрайымы қымбат костюммен ел алдына шығып, сынға ұшырады
  • Балаева бірқатар шенеуніктің ұсталғанын жоққа шығарды
  • «Куәгер ретінде қаралып жатыр»: Қаржылық мониторинг агенттігі Нұрлан Нығматулиннің ісі тоқтатылғанын айтты
  • «Қазаққа жат жаңа дәстүр »: Алматыда имам тек 350 еркекке ғана той жасап, қызын ұзатты
  • Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 4 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Формализм және бюрократия: елімізде полицияның адалдығына сенбейтін адамдар саны азаймаған

Формализм және бюрократия: елімізде полицияның адалдығына сенбейтін адамдар саны азаймаған

27 Тамыз, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Елімізде сақшылардың адалдығына сенбейтін адамдар саны азаймай отыр. Әсіресе жастар полицияның жұмысына сенбейді. Оған Ұлттық статистика бюросының құқық қорғау органдарына халықтың сенімін анықтайтын сәуір-мамыр айларында жүргізілген зерттеу қорытындысы дәлел, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. 
Мемлекет басшысы Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде құқық қорғау жүйесі – мемлекеттігіміздің берік негізі және елдегі тұрақтылықтың басты кепілі екенін атап өтті. 

«Сіздер елімізді жан-жақты жаңғыртуға зор үлес қоса аласыздар. Билік пен қоғамның арасына дәнекер болу – өте маңызды міндет. Азаматтармен қарым-қатынастың жаңа мәдениетін қалыптастыру қажет. Сондай-ақ, қызмет сапасын жақсарта түсу керек.   Полиция өз жұмысын барынша ашық жүргізіп, халыққа жақын болуға тиіс. Бюрократиядан арылатын уақыт әлдеқашан жетті. Бұл саяси кесел халықпен тікелей жұмыс істеуге кедергі келтіреді. Тұрғындардың орынды сын-ескертулерін  дұрыс қабылдаған жөн.  Олардың тиімді ұсыныстарын және бастамаларын мұқият қарау қажет», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқев.

Неміс публицисі және әдебиет сыншысы Людвиг Берненің  «Бостандықты сүймейтін адам жоқ, бірақ әділ адам  оны – барша жұрт үшін, әділетсіз адам – өзі үшін ғана талап етеді» дегеніндей соңғы жылдары әлеуметтік желіде полиция қызметкерлеріне  қатысты  түрлі  аудио, видежазбалар мен әртүрлі хабарламалар жиі жариялануда. Оның ішінде  тәртіп сақшыларының заңсыз әрекетіне шағымданушылар да, кейде өзінің құқық бұзушылықтарын жасырып, жұртшылыққа жалған ақпарат жариялап, полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі жасап, оларды негізсіз айыптаушылар да аз емес. Кейбірі полиция қызметкерлері тергеп-тексерусіз ешкімді қылмыскер деп айыптай алмайтынын, адамның кінәлі не кінәсіз екенінін тек іс сотқа дейін жеткен жағдайда судья ғана анықтайтынын ескермейді.  Біреулер өз құқығын білмегендіктен кім не айтса да соған сеніп, біреулердің мақсатты түрде дайындап, таратқан қауесет-әңгімелерін әлеуметтік желіде одан ары  қарай таратушыға айналғанын өзі де аңғармай, артынан сан соғып қалып жатады. Сондықтан жалған ақпарат таратушыларды анықтап, олардың құқықтық жауапкершілігін айқындауда әлі де олқылықтар аз емес. Негізсіз жала жауып, жалған ақпарат таратып, құқық қорғау органдарының абыройы мен беделіне нұқсан келтірушілерге қатысты  жаза туралы ақпарат аз. Жұрт  көп жағдайда тек өз кінәсін мойындап, кешірім сұрағандардың ғана бейнежазбалары көріп, ал олардың қандай жазаға тартылғанынан хабарсыз қалып отыр.

Мәселен, Ұлттық статистика бюросының құқық қорғау органдарына халықтың сенімін анықтайтын сәуір-мамыр айларында жүргізілген зерттеу қорытындысына қарағанда, полицияға сенетіндердің үлесі елімізде 64,4 пайызды, ішінара сенемін дейтіндері –  26,6 пайыз болып отыр.  Ал сенбейтіндері –  2,9 пайыз; сенбейтін сияқтымын деп күмәнданатындары – 4,4 пайыз және жауап беруге қиналатындары  –  1,7 пайызды құраған.

Бұл бір қарағанда  қалыпты нәрсе сияқты көрінуі мүмкін. Алайда оның астарына тереңірек үңілген кезде Президент атап көрсеткен мәселелердің жайдан-жай айтылмағанын да аңғаруға болады. ъ

Мәселен, полицияға сенбеу себептері ретінде респонденттер – оларды  сыбайлас деп санаймын  (27,9 пайыз):

қызметі халықты қорғауға емес көбінесе жазалау (25,2 пайыз);

бұдан бұрын кездестік және оң нәтиже болмады (20,8 пайыз);

әуре-сарсаңға салу, формализм және бюрократия (20,38 пайыз);

мен қорқамын, араласпаған дұрыс (18,5 пайыз);

бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ)  мәліметтері (14,1 пайыз);

бұл құрылыммен ешқашан кездескен емеспін   (11,3 пайыз);

азаматтарды емес, мемлекеттік органдарды қорғайды (9,5 пайыз);

мемлекеттік органның жабықтығы (8,6 пайыз) деп көрсеткен. Мұнда аталғандардың ешқайсысы жеке-жеке түсіндіруді қажет етпейін, халыққа да, билік органдарына да бұрыннан таныс жағдайлар. Сондықтан  құқық қорғау органдарыныа сенімсіздік дәрежесінің төмендігін атап көрсеткеткендерді жас ерекшелігіне мән берген жөн шығар. Мәселен, әуре-сарсаңға салу, формализм және бюрократия дейтіндердің үлесі 10,7 (15-19 жас) бен 26 (60-80 жас) пайыз аралығында болса, қызметі халықты қорғауға емес көбінесе жазалау дейтіндердің  үлесі 20,8 (20-24 жас) бен 32,7 пайыз (15-19 жас), ал оларды сыбайлас деп санаймын дейтіндер 18,5 (15-19 жас) бен 36,7 (25-29 жас)  аралығында  болып отыр.  Яғни құқық қорғау органдарының жұмысын жандандыру және оған халық сенімін арттыруда жастар маңызды рөл атқарады. Тек бұл жұмыс науқандық шаралармен шектелмей, қоғамдық комиссиялар құрамына оларды да тартқан жағдайда ғана нәтижелі болуы мүмкін.

Фото: polisia.kz

Оқылып жатыр

Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері

Ақмоладағы 4 банктің кредит дауы: Қаржыгерлер қауымдастығы мәлімдеме жасады

Қарағанды кландарының айқасы: Ахметовты түрмеге «тыққан» Нығматулинге тықыр таянды

Шығын 200 млн теңге: Алматыда Макс Корждың концертіне әкімдік рұқсат бермеді

«Жүрегімде қасірет бар»: Маңғыстау облысының әкімі тастап кеткен экс-депутат жан жарасы жайлы жазды

«Астыртын жоспар»: Трамп Бейжіңдегі әскери парадтан кейін Ресей, Қытай және Солтүстік Кореяны айыптады

Соңғы жазбалар

Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері

4 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда

4 Қыркүйек, 2025

Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров

4 Қыркүйек, 2025

«Құны 2,4 миллион теңге»: «Қазақстан халқына» қорының төрайымы қымбат костюммен ел алдына шығып, сынға ұшырады

4 Қыркүйек, 2025

Балаева бірқатар шенеуніктің ұсталғанын жоққа шығарды

4 Қыркүйек, 2025

«Куәгер ретінде қаралып жатыр»: Қаржылық мониторинг агенттігі Нұрлан Нығматулиннің ісі тоқтатылғанын айтты

4 Қыркүйек, 2025

«Қазаққа жат жаңа дәстүр »: Алматыда имам тек 350 еркекке ғана той жасап, қызын ұзатты

4 Қыркүйек, 2025

Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті

4 Қыркүйек, 2025

«Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесудің бәрі ширк»: Желіде салт-дәстүрлерді жоққа шығарған әйел дау туғызды (ВИДЕО)

4 Қыркүйек, 2025

«Аяғын сүйгізген»: Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды азаптаған

4 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.