Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері

4 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда

4 Қыркүйек, 2025

Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров

4 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері
  • Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда
  • Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров
  • «Құны 2,4 миллион теңге»: «Қазақстан халқына» қорының төрайымы қымбат костюммен ел алдына шығып, сынға ұшырады
  • Балаева бірқатар шенеуніктің ұсталғанын жоққа шығарды
  • «Куәгер ретінде қаралып жатыр»: Қаржылық мониторинг агенттігі Нұрлан Нығматулиннің ісі тоқтатылғанын айтты
  • «Қазаққа жат жаңа дәстүр »: Алматыда имам тек 350 еркекке ғана той жасап, қызын ұзатты
  • Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 4 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Шотландиялық клубты шақ келтірмеді: шетелдік БАҚ Қайраттың қаһарманы жайлы жарыса жазды

Шотландиялық клубты шақ келтірмеді: шетелдік БАҚ Қайраттың қаһарманы жайлы жарыса жазды

27 Тамыз, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматылық «Қайрат» футбол клубы тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Плей-оффтағы қарсылас – Глазгоның «Селтигі» болды. Шешуші сәтте қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбеков командасын алға сүйреп, басты қаһарман атанды. Бұл туралы Todayinfo  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

26 тамызда Алматыда «Қайрат» футбол клубы мен “Селтик” арасында өткен кездесу негізгі және қосымша уақытта тең аяқталды (0:0). Екі ойын қорытындысы да 0:0 болғандықтан, жеңімпазды пенальти сериясы анықтады.

21 жастағы Темірлан Анарбеков үш бірдей соққыны қайтарды (Адам Айда, Люк Маккован, Дайдзен Маэда). Осылайша «Қайрат» серияны 3:2 есебімен жеңіп, тарихындағы ең ірі жетістігіне қол жеткізді.

Темірлан Анарбеков туралы не белгілі?

Темірлан Анарбеков – «Қайрат» академиясының түлегі. Ол 2003 жылдың 14 қазанында Атырау қаласында дүниеге келген. Карьерасын «Қайраттың» жасөспірімдер құрамында бастап, дарынды қақпашы ретінде көзге түскен.
Ол 2020 жылы, 17 жасында Қазақстан Премьер-лигасында «Таразға» қарсы өткен матчта негізгі команда сапында дебют жасады. Сол маусымда ол үшінші қақпашы болғанымен, жастар құрамында тәжірибе жинақтады.

– 2022 жылы Анарбеков «Қайраттың» жастар командасының (U19 және «Қайрат-Жастар») капитаны болды. Ол Қазақстан Бірінші лигасында және УЕФА жастар лигасында негізгі рөл атқарды.

– 2024/2025 жылғы футбол маусымында алматылық команда Анарбековты елордалық «Жеңіс» клубына жалға берді. Астаналық командада Темірлан негізгі құрамда өнер көрсетті.

– «Жеңісте» өткен нәтижелі кезеңнен кейін 2025/2026 футбол маусымын Темірлан «Қайраттың» құрамында бастады, бірақ екінші қақпашы ретінде командаға қосылды. «Қайраттың» негізгі қақпашысы, бұған дейін елордалық «Астана» сапында өнер көрсеткен Александр Заруцкий Чемпиондар лигасының плей-офф раундында жарақат алды. Осыдан кейін Анарбеков негізгі қақпашыға айналды. Сондай-ақ ересектер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасына да шақыртылды.

Оның клубпен келісімшарты 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін жасалған. Transfermarkt мәліметінше, ойыншының нарықтық құны – 200 мың еуро (124,5 миллион теңге).

Анарбековтің жетістіктерінің ішінде ұлттық біріншіліктегі «Қайраттың» жеңістеріне қосқан үлесін ерекше атап өтуге болады. Ол командасымен бірге 2020/21 маусымында Қазақстан чемпионы атанды. Ал биыл клубқа Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен өтуге көмектесті.

Карьерасында Анарбеков 90 матч өткізіп, оның 24-інде қақпасына гол жібермеген. Пенальтиге келсек, қақпашының биыл маусымдағы барлық үш сейві дәл «Селтикке» қарсы серияда жасалды. Бұл қазақстандық қақпашылар үшін еурокубоктардағы рекорд.

Жалпы карьерасында ол 20 пенальтиге қарсы тұрды (жастар матчтарын қоса алғанда). Соның ішінде 3 соққыны (15%) қайтарды.

“Қайрат” футбол клубы жұлдызының отбасылық жағдайы туралы ақпарат жоқ. Өйткені Темірлан бұл туралы сұхбаттарда да, әлеуметтік желілерде де айтпайды.

Айта кетерлігі, матч аяқталған соң бірнеше минут ішінде Темірлан Анарбековтің Instagram парақшасына 60 мыңға жуық адам жазылды. Бұл сан әлі де өсуі мүмкін. 

Шетелдік БАҚ не дейді?

Темірлан Анареков пенальти сериясында үш бірдей соққыны қайтара алды. Сонай-ақ матч барысында бірнеше сейв жасады. ШотландиялықScotsmanбасылымықазақстандық қақпашыны «Қайраттың қаһарманы» деп атады.

«Өткен маусымның “алтын баласы” Дайзен Маэданың шешуші сәттегі сәтсіздігі “Селтик” үшін заңды сәтсіздік болды. Оның жуырдағы әлсіреуі осы клубтың қазіргі халін айқын бейнелегендей. Жапон ойыншысы 87-минутта матч тағдырын шешетін тамаша мүмкіндікті жіберіп алды. Ал кейін пенальти сериясында шешуші соққыны да жүзеге асыра алмады. Добын тым жақыннан бағыттап, добы «Қайраттың» қаһарманы, 21 жастағы қосалқы қақпашы Темірлан Анарбековтің тура қолына келіп түсті», – деп жазды басылым.

Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің жеребесінен кейін шотландиялық «Селтик» футбол клубы көпшіліктің сүйіктісіне айналған еді. Бірақ шетелдік басылымдар бұл жағдайды “нағыз апат” деп атады. 

Daily Record  басылымы “Селтик” Чемпиондар лигасының джекпотынан – 40 миллион фунттан айырылды» деген тақырыппен мақала жариялады. 

«Мұндайға сену қиын. Кёго, Николас Кун және Йота сияқты ойыншыларды командадан шығарғанымен, олардың орнын басқалары толтыра алмады. Ойыншыларды алмастыруда батыл шешім қабылдамау, клубты ауыр жағдайға әкелді. Келісімшарттардан барынша пайда табуға тырысып, олар 40 миллион фунттан айырылды. Команда жоғары деңгейге көтерілу мүмкіндігін жіберіп алды», – деп жазды басылым.

Ал ирландиялық Irish Times «Селтиктің» сәтсіздігіне ұзақ сапар мен Алматының географиялық жағдайын кінәлады. 

«Селтик Қазақстанға төртінші рет келіп, алғашқы жеңісті иеленгісі келді. Бұл олардың 1967 жылдан бергі ең алыс ресми сапары еді. Ол кезде «Селтик» Аргентинаға барып, «Расинг Клабқа» қарсы Құрлықаралық кубок ойынын өткізген. Алматыдағы ыстық ауа райы мен стадиондағы атмосфера «Селтикке» оңай тиген жоқ. Роджерс шәкірттеріне шабуылдау қиын болды. Өйткені «Қайрат» тығыз әрі тәртіпті ойнады. Допқа иелік етеміз деген шотландтардың жоспары іске аспады. Қарсылас өте ширақ қимылдады. Оның үстіне ылғалды ауа мен биік таулы жағдай шотланд ойыншыларының қарқынын алғашқы матчтан кейін-ақ әлсіретіп тастады», – деп жазды ирландиялық басылым. 

Ал шотландиялықThe Sun басылымы «Селтик» командасын жерден алып, жерге салды.Басылым «Қайрат» футбол клубының шешуші матчқа шығар алдында, құрамдық қиындықтарға тап болғанын айтты.

“Селтик” жанкүйерлері үшін бұл өте ауыр көрініс болды. Алғашқы таймда Джеймс Форрест баспен соққы жасағанда есеп ашуға жақын еді. Бірақ допты “Қайраттың” қосалқы қақпашысы Темірлан Анарбеков қақпадан серпіп жіберді. Дегенмен Роджерстің командасы 21 жастағы қақпашыны лайықты бағаламады. Қазақстандық клуб құрамында негізгі ойыншылар, қақпашы Александр Зарудский, бразилиялық шабуылшы Эдмилсон және «Челсиден» 4 миллион фунтқа ауысқан жас Дастан Сәтпаев болмады. Бұл олардың құрамына ауыр соққы болды. Алайда алаңда 23 мың жанкүйер өз батырларын қолдап отырды. Дегенмен олардың жасаған атмосферасы құрам сапасымен салыстырғанда әлдеқайда күшті болды. Дәл осы фактор “Селтиктің” ойынын тіпті масқара етті», – деп жазады басылым.

Айта кетейік, 26 тамызда алматылық «Қайрат» пен Шотландияның “Селтигімен” бақ сынасты. Плей-офф раундында алматылықтар екі кездесудің қорытындысы бойынша Шотландияның «Селтик» клубынан мықтырақ болды. Глазгода және Алматыда өткен ойындар 0:0 есебімен аяқталды, ал пенальти сериясында қазақстандық команда 3:2 есебімен жеңіп кетті.

Фото: instagram/f.c.kairat

Оқылып жатыр

Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров

«Құны 2,4 миллион теңге»: «Қазақстан халқына» қорының төрайымы қымбат костюммен ел алдына шығып, сынға ұшырады

Балаева бірқатар шенеуніктің ұсталғанын жоққа шығарды

«Куәгер ретінде қаралып жатыр»: Қаржылық мониторинг агенттігі Нұрлан Нығматулиннің ісі тоқтатылғанын айтты

«Қазаққа жат жаңа дәстүр »: Алматыда имам тек 350 еркекке ғана той жасап, қызын ұзатты

«Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесудің бәрі ширк»: Желіде салт-дәстүрлерді жоққа шығарған әйел дау туғызды (ВИДЕО)

Соңғы жазбалар

Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері

4 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда

4 Қыркүйек, 2025

Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров

4 Қыркүйек, 2025

«Құны 2,4 миллион теңге»: «Қазақстан халқына» қорының төрайымы қымбат костюммен ел алдына шығып, сынға ұшырады

4 Қыркүйек, 2025

Балаева бірқатар шенеуніктің ұсталғанын жоққа шығарды

4 Қыркүйек, 2025

«Куәгер ретінде қаралып жатыр»: Қаржылық мониторинг агенттігі Нұрлан Нығматулиннің ісі тоқтатылғанын айтты

4 Қыркүйек, 2025

«Қазаққа жат жаңа дәстүр »: Алматыда имам тек 350 еркекке ғана той жасап, қызын ұзатты

4 Қыркүйек, 2025

Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті

4 Қыркүйек, 2025

«Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесудің бәрі ширк»: Желіде салт-дәстүрлерді жоққа шығарған әйел дау туғызды (ВИДЕО)

4 Қыркүйек, 2025

«Аяғын сүйгізген»: Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды азаптаған

4 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.