Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)

1 Қыркүйек, 2025

Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды

1 Қыркүйек, 2025

Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті

1 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)
  • Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды
  • Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті
  • Алматыда бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды
  • Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты
  • Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды
  • Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды
  • «5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматылық бизнесмендер «Aitu» ұлттық мессенджерін қолдады

Алматылық бизнесмендер «Aitu» ұлттық мессенджерін қолдады

28 Тамыз, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

2025 жылғы 28 тамыз күні Алматы қаласында MOST IT HUB алаңында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының (РПП «Атамекен») өңірлік кеңесінің және Креативті индустриялар мен IT салалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Бұл алаң IT-секторды нығайту және цифрлық экономиканы дамыту бойынша бірлескен қадамдарды айқындайтын маңызды диалог алаңына айналды. Шараға бизнес өкілдері, технологиялық компаниялар, инвесторлар және индустриялық серіктестер қатысты.

Қатысушылар Қазақстандағы IT-саласының дамуының негізгі мәселелерін талқылады: өнеркәсіптегі цифрландыру мен B2B-шешімдерден бастап венчурлік қаржыландырудың перспективалары мен қаржы секторының ынтымақтастығына дейін.

Жеке сессияда Aitu мессенджеріне назар аударылды. Атап айтқанда, BTS Digital компаниясының өкілдері сервис туралы таныстырылым өткізіп, оны Қазақстанның цифрлық экожүйесіне ықпалдастыру мүмкіндіктерін таныстырды.

Жарқынбек Азаматов, BTS Digital бас директорының міндетін атқарушы:

«Қазақстанның болашағы – технологиялық прогресте, ал Aitu-дың дамуын біз осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі деп санаймыз. Біздің жұмысымыздың өзегінде – пайдаланушы тұр. Aitu күнделікті өмірде ыңғайлы әрі пайдалы болуы маңызды. Біз платформаны азаматтар, бизнес және мемлекеттік құрылымдар үшін құрал ретінде дамытып жатырмыз. Бүгінде суперапп аясында компаниялар үшін чат-боттар мен колл-орталықтармен ықпалдастырудан бастап, мини-қосымшаларды іске қосуға дейінгі шешімдер қолжетімді. Бұл – өсу мен серіктестіктер үшін жаңа мүмкіндіктер», — деп атап өтті.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Даурен Сартаев қаржы секторындағы цифрландыру тәжірибесімен бөлісіп, Aitu мессенджері жайлы да пікір білдірді:

«Бүгін отандық Aitu мессенджерін дамытудағы ілгерілеулермен танысудың пайдасы зор болды. Қазірдің өзінде іске асырылған функциялар жиынтығы сервисті одан әрі дамытуға берік бәсекелік негіз бола алады. Әсіресе шетелдік баламалармен бәсекелестік жағдайында. Бұл – елдің цифрлық егемендігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам», — деді ол.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Шоканов қорытынды сөзінде:

«Мемлекет Басшысы елімізде цифрлық экожүйенің толыққанды дамуына жағдайды жүйелі түрде қалыптастырып келеді, әрі оның еліміздің бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер ететінін үнемі атап өтеді. Бизнес пен азаматтар ретінде біздің рөліміз – «цифрлық тұтынушылық патриотизмді» қалыптастыру. Яғни, отандық өнімдер мен сервистерге қолдау көрсетіп, олардың дамуына және әлемдік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беру», — деді.

Сондай-ақ, жиында BYB Production инвестициялық қорының басқарушы серіктесі А.Белисбеков, «Omir Group Ltd» Директорлар кеңесінің мүшесі Д.Кунаев сөз сөйлеп, отандық IT-нарығын дамыту, қазақстандық өнімдерді, соның ішінде Aitu мессенджерін әзірлеу және ілгерілету маңыздылығын атап өтті.

Оқылып жатыр

Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)

Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды

Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті

Алматыда бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды

«Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады

Щучинскдегі шу: Бурабайда жерге таласқан халық митинг өткізбек

Соңғы жазбалар

Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)

1 Қыркүйек, 2025

Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды

1 Қыркүйек, 2025

Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті

1 Қыркүйек, 2025

Алматыда бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды

1 Қыркүйек, 2025

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

1 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды

1 Қыркүйек, 2025

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

1 Қыркүйек, 2025

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады

1 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.