Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)

1 Қыркүйек, 2025

Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды

1 Қыркүйек, 2025

Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті

1 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)
  • Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды
  • Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті
  • Алматыда бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды
  • Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты
  • Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды
  • Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды
  • «5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 2 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » МӘМС: Алматыда жыл басынан бері 19 мыңнан астам бала дүниеге келді

МӘМС: Алматыда жыл басынан бері 19 мыңнан астам бала дүниеге келді

29 Тамыз, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2025 жылдың бірінші жартысында оңтүстік астанада 19 мыңнан астам бала туылған. Жүкті әйелдерді босандыруға кеткен 5,4 млрд теңге толығымен Медициналық сақтандыру қоры тарапынан төленді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Қордың Алматы қалалық филиалы мәліметінше, босандыруға кететін шығындар толығымен МӘМС қаражаты есебінен жабылады. Ал, босану бағасы оның күрделілік деңгейі мен босандыру әдісіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, әйел өз бетінше, асқынусыз босанса тарификатор бойынша 100 мың теңге, кесарь тілігімен босанған жағдайда 1,3 млн теңгеге дейін төленуі мүмкін.

Бүгінгі таңда Алматы қаласында 6 перзентхана жұмыс істейді. Олардың бәрі де қалыпты және күрделі жүктілікпен келген әйелдерді босандыруға, сондай-ақ кесарь отасын жасауға маманданған. Жүкті әйелдер МӘМС жүйесінде бұдан басқа мынадай көмек түрлерін пайдалана алады:

Прегравидті даярлық — жүктілікті алдын-ала жоспарлау, әйелді бала көтергенге дейін тексеріп, емдеп, түрлі дерт салдарынан жүктілік кезінде болатын асқынулардың алдын алу. 2025 жылы бұл бағдарламаға Қор тарапынан 673 млн теңге қарастырылған.

Антенаталды бақылау — жүктілік кезінде акушер-гинекологтың тұрақты бақылауында болу, жоспарлы анализдерді тапсыру, ультрадыбыстық зерттеуден, скринингтерден өту, салалық мамандар көмегіне жүгіну т.б. қызметтер бар. Бұған Қор 3,8 млрд теңге бөлді.

Босандыру – қалыпты босандыру, кесарь тілігімен ота жасау, дәрі-дәрмектермен және қосалқы материалдармен қамтамасыз ету. Оған – 12 млрд теңге қарастырылған.

Босанғаннан кейінгі бақылау — алғашқы күндері ана мен балаға көмек.

Неонатальдық көмек — жас нәрестелерді күту, асқынулар болған жағдайда интенсивті терапия жасау.
Қазақстанда жұмыс істейтін жүкті әйелдерге МӘМС үшін жарнаны жұмыс беруші, жұмыс істемейтіндер үшін мемлекет төлейді. Бала дүниеге келген сәттен бастап 18 жасқа дейін мемлекет тарапынан сақтандырылады.

«Біздің елімізде барлық әйел сақтандырылған. Олардың әрқайсысы тегін босануға хақылы. Босандыруға кететін шығын қанша болса да МӘМС есебінен төленеді», — деп атап өтті Алматы филиалы директорв Ілияс Мұхамеджан.

Фото: pexel

Оқылып жатыр

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

Дархан Сатыбалдының тың жобасы: Алматыда УЕФА-ның төртінші санатына сай алып стадион салынады

Жаңа мектептерде оқу тілін таңдауда барлық баланың құқықтары ескеріледі – Алматы қаласының Білім басқармасы

Алматыда бірінші сыныпқа баратын балалардың 42 пайызы орыс мектептерін таңдаған – Басқарма басшысы

«Қалаға өткізу жұмыстары басталды»: Бағанашылдағы балалар үйіне күрделі жөнедеу келесі жылы жүргізіледі

Никабты күштеп шешкізу батыс өңірлерде дау тудыруы мүмкін — Геосаяси зерттеулер институтының директоры

Соңғы жазбалар

Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)

1 Қыркүйек, 2025

Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды

1 Қыркүйек, 2025

Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті

1 Қыркүйек, 2025

Алматыда бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды

1 Қыркүйек, 2025

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

1 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды

1 Қыркүйек, 2025

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

1 Қыркүйек, 2025

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады

1 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.