Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

1 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды

1 Қыркүйек, 2025

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты
  • Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды
  • Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды
  • «5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті
  • Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды
  • «Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады
  • Қазақстан ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталық құру бастамасын қолдайды — Тоқаев
  • «Келешек мектептері»: Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Щучинскдегі шу: Бурабайда жерге таласқан халық митинг өткізбек

Щучинскдегі шу: Бурабайда жерге таласқан халық митинг өткізбек

1 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алдағы күндері Щучинск тұрғындары наразылық митингісіне шықпақ. Аудан әкімдігіне өтініш беріп те қойған. Мақсат – прокуратура мен жер ресурстарын басқару департаменті жиырма жыл бұрын берілген жер учаскелерін тартып алмақшы екенін президент пен үкімет назарына жеткізу деп хабарлайды Todayinfo.kz

Митинг ұйымдастырушысы Сергей Бауэр жағдайды былайша сипаттады:

– Менің басымда екі учаске бар. Біреуі – мұрагерлікпен келген жер. Былтыр өзін жер комитетінің басшысымын деп таныстырған әйел келіп: «Мемлекетке жерді өз еркіңізбен қайтарыңыз, әйтпесе сот арқылы аламыз», – деді. Алғашында қалжың деп қабылдадым. Кейін қызметкерлері үйімнің, көршілерімнің учаскелерін өлшей бастады. Жерді босатуды талап еткен хат барлық тұрғындар мен кәсіпкерлерге жетті. Біз бұл жерге кездейсоқ қоныстанған жоқпыз, қолымызда осыдан 20 жыл бұрын мемлекеттің өзі берген заңды құжаттарымыз бар.

Прокуратураның былтырғы тексерісі бойынша, бұл аумақтар Бурабай ұлттық табиғи паркінің жеріне кіреді-мыс. Қазір сот процестері басталып кеткен.

Алайда заңгер Сапар Құсайынов бұл соттарда заңбұзушылық көп екенін алға тартты:

– Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаментінің сотқа талап арыз түсіруге мүлдем құқығы жоқ. Жер кодексінің 148-бабы бойынша, аталған департамент жеке азаматтар мен әкімдік арасындағы келісімдерді жарамсыз деп тану туралы арыз бере алмайды. Сөйте тұра, сот мұндай заңсыздыққа көз жұмып қарап отыр. Бурабайдың өзінде 1300-ден астам жер иесі бар. Бұдан бөлек Светлый, Зеленый Бор ауылдарындағы тұрғындар да қиындыққа тап болуы ықтимал.

Оның айтуынша, Бурабай ұлттық паркінің жер актісі 2019 жылы ғана алынған. Егер адамдар осы жерді 20 жыл бұрын заңды түрде иемденген болса, кейін бұл жерлердің басқаға берілуі заңға сыймайды. Оның үстіне, үш жылдық талап мерзімі де әлдеқашан өтіп кеткен.

– Жоғарғы соттың нормативтік қаулысына сәйкес, бұл мәселе тек әкімшілік сотта қаралуы тиіс. Бірақ департамент оған барудан бас тартып отыр. Себебі, біріншіден, олар арыз беру мерзімін өткізіп алған, екіншіден, әкімшілік сотта мемлекеттік органның қателігі үшін қарапайым халық зардап шекпейді, – дейді заңгер.

Сергей Бауэр осыдан жарты жыл бұрын жергілікті биліктің уәдесіне сеніп қалғандарын өкінішпен жеткізді:

– Ақпан айында 150-дей тұрғын аудан әкімі, прокурор мен жер бөлімінің мамандарымен кездескен едік. Олар «ешкімнің жерін тартып алмаймыз» деп сендірді. Сол кезде сендік. Қазір бәрі жалған екеніне көзіміз жетті. Сондықтан митингіге шықпақпыз. Шенеуніктер халыққа жағдайды түсіндірсін. 20 жылдан аса заңды иеліктегі жерімізді бір күнде жоғалтып, далада қалғымыз келмейді», дейді ол.

Фото: Боровое

Оқылып жатыр

«Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады

Ақша аударымдарын бақылау мен күшейтілген жаза: 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда маңызды өзгерістер күшіне енді

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

«Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған

Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер

Соңғы жазбалар

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

1 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды

1 Қыркүйек, 2025

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

1 Қыркүйек, 2025

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады

1 Қыркүйек, 2025

Қазақстан ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталық құру бастамасын қолдайды — Тоқаев

1 Қыркүйек, 2025

«Келешек мектептері»: Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

Щучинскдегі шу: Бурабайда жерге таласқан халық митинг өткізбек

1 Қыркүйек, 2025

Ақша аударымдарын бақылау мен күшейтілген жаза: 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда маңызды өзгерістер күшіне енді

1 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.