Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Жамбыл облысында 6 жасар туған қызын зорлаған ер адамға үкім шықты

4 Қыркүйек, 2025

Берік Нәжімиденов Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

4 Қыркүйек, 2025

«Исламға құрметсіздік»: Алматыда танымал сауда үйіндегі есікке қойылған белгі жұрттың ашуын тудырды

4 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Жамбыл облысында 6 жасар туған қызын зорлаған ер адамға үкім шықты
  • Берік Нәжімиденов Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды
  • «Исламға құрметсіздік»: Алматыда танымал сауда үйіндегі есікке қойылған белгі жұрттың ашуын тудырды
  • Шымкенттегі басқарма басшысына қатысты ҰҚК түсініктеме берді
  • Ақмоладағы 4 банктің кредит дауы: Қаржыгерлер қауымдастығы мәлімдеме жасады
  • Тимур Турлов: Қазақстанды жоғары инфляция мен теңгенің әлсіреуі күтіп тұр
  • «Әлі жаспыз»: Путин мен Си Цзиньпин 150 жасқа дейін өмір сүру және мәңгілік өмір туралы сөйлесті
  • Қарағанды кландарының айқасы: Ахметовты түрмеге «тыққан» Нығматулинге тықыр таянды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 4 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Келешек мектептері»: Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды

«Келешек мектептері»: Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025 Астана қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Білім күні аясында Астанада 28 мың оқушыға (2 ауысымда) арналған жеті жаңа мектеп салтанатты түрде ашылды. Барлығы ұлттық жоба «Келешек мектептері» аясында бой көтеріп, заманауи сыныптармен, зертханалармен және спорт залдарымен жабдықталды, деп хабарлайды Todayinfo  агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Барлық мектеп соңғы технологиялар мен жаңа талаптарға сай жабдықталған. Еске сала кетейік, оқу орындары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр.

Жаңа оқу орындары қауіпсіздік пен цифрландыру талаптарына жауап береді. Олардың басты мақсаты – балаларға жайлы білім беру ортасын құру, үш ауысымды оқытуды жою және мектептердегі шамадан тыс жүктемені азайту.

Жаңа білім ордаларының ашылу рәсіміне ҚР Оқу-ағарту вице-министрлері Еділ Оспан, Майра Мелдебекова және Асылбек Ахметжанов, сондай-ақ Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен мен қалалық Білім басқармасының өкілдері қатысты.

Жаңа оқу жылының басынан бастап елордада 28 мың орынға арналған (2 ауысымда) 7 жаңа жайлы мектеп пайдалануға берілді. Жалпы алғанда, оқу жылы ішінде 15 жаңа мектеп ашу жоспарланып отыр.

Өткен оқу жылында рекордтық көрсеткішпен 66 мың орынға арналған (2 ауысымда) 24 мектеп ашылған еді. Оның ішінде 16-сы – «жайлы мектептер». Бұл шаралар үш ауысымды оқыту мен мектептердегі жүктеме мәселесін кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік беруде.

Айта кетейік, жаңа оқу жылы қарсаңында елордада жалпы саны 206 мектеп жұмыс істеп тұр. Оның 122-сі – мемлекеттік, 77-сі – жекеменшік, 7-еуі – республикалық мектеп. Жалпы қамтылған оқушылар саны 310 мыңнан асады.

2025-2027 жылдарға арналған білім беру жүйесін жаңғырту жоспары шеңберінде 22 мектепті жаңарту бекітілген. 2025 жылы қазірдің өзінде 6 білім ордасына күрделі жөндеу жүргізілді.
Бұдан бөлек, биыл бірінші сыныпқа 31 мың бала барды.

Фото: Астана әкімдігі

Оқылып жатыр

Астанада әр демалыс сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

Астанада кіші Талдыкөлді тазарту жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр

«Астана Аренада» Дженнифер Лопестің концертінің соңы экологиялық акцияға ұласты

30 тонна қымыз, 70 мың адам: Саржалдың сары қымызы – Астанада өткен республикалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Астана мектебінің аумағына 600 түп ағаш отырғызылды

Жаңа LRT жүйесінде орыс тілі жоқ – жолаушылар назары қазақша мен ағылшыншаға бағытталмақ

Соңғы жазбалар

Жамбыл облысында 6 жасар туған қызын зорлаған ер адамға үкім шықты

4 Қыркүйек, 2025

Берік Нәжімиденов Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

4 Қыркүйек, 2025

«Исламға құрметсіздік»: Алматыда танымал сауда үйіндегі есікке қойылған белгі жұрттың ашуын тудырды

4 Қыркүйек, 2025

Шымкенттегі басқарма басшысына қатысты ҰҚК түсініктеме берді

4 Қыркүйек, 2025

Ақмоладағы 4 банктің кредит дауы: Қаржыгерлер қауымдастығы мәлімдеме жасады

4 Қыркүйек, 2025

Тимур Турлов: Қазақстанды жоғары инфляция мен теңгенің әлсіреуі күтіп тұр

4 Қыркүйек, 2025

«Әлі жаспыз»: Путин мен Си Цзиньпин 150 жасқа дейін өмір сүру және мәңгілік өмір туралы сөйлесті

4 Қыркүйек, 2025

Қарағанды кландарының айқасы: Ахметовты түрмеге «тыққан» Нығматулинге тықыр таянды

4 Қыркүйек, 2025

Шығын 200 млн теңге: Алматыда Макс Корждың концертіне әкімдік рұқсат бермеді

4 Қыркүйек, 2025

Шығыс Қазақстанда танымал шенеуніктің ұлы жол апатынан қайтыс болды

4 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.