Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Жамбыл облысында 6 жасар туған қызын зорлаған ер адамға үкім шықты

4 Қыркүйек, 2025

Берік Нәжімиденов Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

4 Қыркүйек, 2025

«Исламға құрметсіздік»: Алматыда танымал сауда үйіндегі есікке қойылған белгі жұрттың ашуын тудырды

4 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Жамбыл облысында 6 жасар туған қызын зорлаған ер адамға үкім шықты
  • Берік Нәжімиденов Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды
  • «Исламға құрметсіздік»: Алматыда танымал сауда үйіндегі есікке қойылған белгі жұрттың ашуын тудырды
  • Шымкенттегі басқарма басшысына қатысты ҰҚК түсініктеме берді
  • Ақмоладағы 4 банктің кредит дауы: Қаржыгерлер қауымдастығы мәлімдеме жасады
  • Тимур Турлов: Қазақстанды жоғары инфляция мен теңгенің әлсіреуі күтіп тұр
  • «Әлі жаспыз»: Путин мен Си Цзиньпин 150 жасқа дейін өмір сүру және мәңгілік өмір туралы сөйлесті
  • Қарағанды кландарының айқасы: Ахметовты түрмеге «тыққан» Нығматулинге тықыр таянды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 4 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Қазақстан ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталық құру бастамасын қолдайды — Тоқаев

Қазақстан ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталық құру бастамасын қолдайды — Тоқаев

1 Қыркүйек, 2025 AQORDA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бұдан бұрын Мемлекет басшысы ШЫҰ жарғылық құжаттарының негізгі қағидаттарын берік ұстана отырып, Қазақстан «үш зұлымдыққа», яғни, терроризмге, сепаратизмге және діни экстремизмге қарсы күресте күш-жігер біріктіруді өте өзекті санайтынын айтты.

Қазақстан Президенті ШЫҰ-ны дамытудың басым бағыттары жөніндегі көзқарасын жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.

Ең бірінші басымдық — Ұйым аясындағы стратегиялық серіктестік пен өзара қолдауды нығайту.

— Геосаяси қақтығыстардың ушығуы, технологиялық бәсеке, қаржы-экономикалық санкция, экологиялық және техногенді апаттар белең алған кезеңде ШЫҰ саяси ықпалдастықты кең ауқымда үйлестіруге, халықаралық қоғамдастықтың өзара сенімін нығайтуға, гуманитарлық ынтымақтастық пен өркениетаралық диалогты дамытуға арналған тұрақты алаңға айналуға тиіс. Осы орайда Қытай Төрағасының жаһандық даму, жаһандық қауіпсіздік, жаһандық өркениет және жаһандық басқару жөніндегі бастамаларын оң бағалаймыз. Біз бүгін қабылдайтын ШЫҰ-ның онжылдыққа арналған даму стратегиясын толық жүзеге асыру аса маңызды, — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың мәнін атап өтті. Оның айтуынша, халықаралық терроризм, діни экстремизм, есірткі тасымалы, заңсыз көші-қон, киберқылмыс және басқа да деструктивті үрдістер дендеп тұрған уақытта бұл бағыттың мәні арта түседі.

— Халықаралық қауіпсіздікке төнген мұндай сын-қатерлерге, соның ішінде «үш зұлымдыққа» қарсы бірлесіп қана күресе аламыз. Сондықтан Қазақстан ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталық құру бастамасын қолдайды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара сенім шаралары жөніндегі кеңес арасында іскерлік байланыстарды күшейту маңызды деп ойлаймыз. ШЫҰ елдерін Ауғанстанға гуманитарлық, техникалық көмек көрсетуді жалғастыруға шақырамын. Сол арқылы аталған мемлекетті қалпына келтіріп, өңірлік және экономикалық процестерге қатыстыра аламыз. Қазақстан Ауғанстанның бірқатар инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларының құрылысына кірісті. Бұл ШЫҰ мемлекеттері арасындағы өзара байланысты күшейтуге мүмкіндік береді. Тамыз айының басында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының қатысуымен Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталық ресми түрде ашылды. ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерге барлық басым бағытта белсенді аймақтық байланыс орнату және күш-жігерді үйлестіру үшін аталған Орталықтың әлеуетін бірлесе пайдалануды ұсынамыз, — деді Президент.

Бұдан бұрын Мемлекет басшысы ШЫҰ жарғылық құжаттарының негізгі қағидаттарын берік ұстана отырып, Қазақстан «үш зұлымдыққа», яғни, терроризмге, сепаратизмге және діни экстремизмге қарсы күресте күш-жігер біріктіруді өте өзекті санайтынын айтты.

Фото: Ақорда

Оқылып жатыр

Ақмоладағы 4 банктің кредит дауы: Қаржыгерлер қауымдастығы мәлімдеме жасады

Қарағанды кландарының айқасы: Ахметовты түрмеге «тыққан» Нығматулинге тықыр таянды

Шығын 200 млн теңге: Алматыда Макс Корждың концертіне әкімдік рұқсат бермеді

«Жүрегімде қасірет бар»: Маңғыстау облысының әкімі тастап кеткен экс-депутат жан жарасы жайлы жазды

«Астыртын жоспар»: Трамп Бейжіңдегі әскери парадтан кейін Ресей, Қытай және Солтүстік Кореяны айыптады

Бейжіңде Қазақстанның мәдениет орталығы салтанатты түрде ашылды

Соңғы жазбалар

Жамбыл облысында 6 жасар туған қызын зорлаған ер адамға үкім шықты

4 Қыркүйек, 2025

Берік Нәжімиденов Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

4 Қыркүйек, 2025

«Исламға құрметсіздік»: Алматыда танымал сауда үйіндегі есікке қойылған белгі жұрттың ашуын тудырды

4 Қыркүйек, 2025

Шымкенттегі басқарма басшысына қатысты ҰҚК түсініктеме берді

4 Қыркүйек, 2025

Ақмоладағы 4 банктің кредит дауы: Қаржыгерлер қауымдастығы мәлімдеме жасады

4 Қыркүйек, 2025

Тимур Турлов: Қазақстанды жоғары инфляция мен теңгенің әлсіреуі күтіп тұр

4 Қыркүйек, 2025

«Әлі жаспыз»: Путин мен Си Цзиньпин 150 жасқа дейін өмір сүру және мәңгілік өмір туралы сөйлесті

4 Қыркүйек, 2025

Қарағанды кландарының айқасы: Ахметовты түрмеге «тыққан» Нығматулинге тықыр таянды

4 Қыркүйек, 2025

Шығын 200 млн теңге: Алматыда Макс Корждың концертіне әкімдік рұқсат бермеді

4 Қыркүйек, 2025

Шығыс Қазақстанда танымал шенеуніктің ұлы жол апатынан қайтыс болды

4 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.