Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Асхат Раздықұлы Оралов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Todaynfo.kz ақпарат агенттігі.
Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.
Еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінде жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы болып бастаған. 2023 жылғы 4 қаңтарда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып, кейіннен 2024–2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы болды.
Фото: Үкімет