Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақстанда ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салынуы мүмкін

2 Қыркүйек, 2025

Алматы қаласында Бас редакторлар клубының ресми өкілі тағайындалды

2 Қыркүйек, 2025

Бейжіңдегі энергетикалық диалог: Қазақстан мен Қытай жаңа стратегиялық жобаларды бастады

2 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақстанда ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салынуы мүмкін
  • Алматы қаласында Бас редакторлар клубының ресми өкілі тағайындалды
  • Бейжіңдегі энергетикалық диалог: Қазақстан мен Қытай жаңа стратегиялық жобаларды бастады
  • «Мойынсұнғыш, ұялшақ»: Психолог Димашты отбасының айтқанынан шыға алмайтын адамға теңеді (ВИДЕО)
  • Бейжіңде Қазақстанның мәдениет орталығы салтанатты түрде ашылды
  • Байқоныс ауылында жаңа мектеп ашылды
  • «Екінші рет өмірге келдім»: Алматылық дәрігерлер ұшақта жолаушыны бір өлімнен аман алып қалды
  • Бауыржан Байбектің қазір немен айналысып жүргені белгілі болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 3 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматыда негізгі көшелердің жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматыда негізгі көшелердің жөндеу жұмыстары аяқталды

2 Қыркүйек, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы қаласында қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін магистральдық көшелерде жүргізілген орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Қалалық мобильділік басқармасының дерегінше, ұзындығы 40 шақырым болатын 15 негізгі көше жаңартылды. Бұл көшелердің қатарында Қабанбай батыр, Қажымұқан, Жұбанов, Ұлықбек, Майлин, Бұқтырма, Мөңке би, Бекмаханов, Дулати, Серкебаев, Жароков, Төле би, Бөгенбай батыр, Тілендиев көшелері және Назарбаев даңғылы бар.

Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 117 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар 123 көшеде де жөндеу жұмыстары аяқталған. Қазіргі таңда 120 шақырым болатын 188 көшеде жұмыс жалғасуда. Оның 60%-дан астамы қыркүйек айының соңына дейін, ал қалған бөлігінің құрылысы қазанның 20-сына дейін тәмамдалмақ.

Қалалық мобильділік басқармасы биыл 277 шақырымды қамтитын 326 көшені жөндеу жоспарланғанын атап өтті. Бұл көрсеткіш бастапқы межеден 23 шақырымға қысқарған — себебі бірқатар учаскелерде жер асты инженерлік желілерді ауыстыру қажеттілігі туындап, олар уақытша тізімнен алынды.

Сапа – басты назарда

Жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау және тексеру мақсатында «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» Алматы қалалық филиалы белсенді жұмыс атқаруда. Ұйым мамандары асфальт төсеу, жол төсемесінің біркелкілігі мен материал сапасын жүйелі түрде тексеріп, тиісті сараптамалар жүргізді.

Филиал басшысы Мәулен Әліпов жол сапасына қойылатын талаптардың жылдан жылға қатаңдап келе жатқанын атап өтті:

«Қаланың көше-жол желісін жөндеу кезінде әр материал, әр қабат – қатаң бақылауда. Жөнделген учаскелерден сынамалар алынып, олар зертханалық жағдайда тексеріледі. Сапа – жай талап емес, бұл — тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығының кепілі», — деді ол.

Қазіргі таңда Алматыда Алғабас, Шұғыла, Ақжар, Боралдай, Жас Қанат және Рахат-Мәдениет шағынаудандарында жаңа жолдар салу жұмыстары да жалғасуда. Сонымен қатар, магистральдық және радиалды көшелерді өзара байланыстыру бойынша да ірі жобалар іске асырылуда.

Оқылып жатыр

Алматы метросы «Алтын орда» базарына қарай дамиды

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

МӘМС: Алматыда жыл басынан бері 19 мыңнан астам бала дүниеге келді

Дархан Сатыбалдының тың жобасы: Алматыда УЕФА-ның төртінші санатына сай алып стадион салынады

Жаңа мектептерде оқу тілін таңдауда барлық баланың құқықтары ескеріледі – Алматы қаласының Білім басқармасы

Алматыда бірінші сыныпқа баратын балалардың 42 пайызы орыс мектептерін таңдаған – Басқарма басшысы

Соңғы жазбалар

Қазақстанда ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салынуы мүмкін

2 Қыркүйек, 2025

Алматы қаласында Бас редакторлар клубының ресми өкілі тағайындалды

2 Қыркүйек, 2025

Бейжіңдегі энергетикалық диалог: Қазақстан мен Қытай жаңа стратегиялық жобаларды бастады

2 Қыркүйек, 2025

«Мойынсұнғыш, ұялшақ»: Психолог Димашты отбасының айтқанынан шыға алмайтын адамға теңеді (ВИДЕО)

2 Қыркүйек, 2025

Бейжіңде Қазақстанның мәдениет орталығы салтанатты түрде ашылды

2 Қыркүйек, 2025

Байқоныс ауылында жаңа мектеп ашылды

2 Қыркүйек, 2025

«Екінші рет өмірге келдім»: Алматылық дәрігерлер ұшақта жолаушыны бір өлімнен аман алып қалды

2 Қыркүйек, 2025

Бауыржан Байбектің қазір немен айналысып жүргені белгілі болды

2 Қыркүйек, 2025

Қазақстандағы кейбір көп балалы отбасыларға мемлекет көмек көрсетуді тоқтатады

2 Қыркүйек, 2025

Бір тәулік күту: Қазақстанда кредит беру тәртібіне жаңа талап енгізілді

2 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.