Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

3 Қыркүйек, 2025

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

3 Қыркүйек, 2025

Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды

3 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды
  • Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді
  • Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды
  • «Шаңырақ құрғанын тойлатты»: Димаштың күйеу баласы көкпар беріп, елдің батасын алды
  • Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды
  • Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді
  • Си Цзиньпиннің жаһандық басқару бастамасы: үш метафора арқылы түсіндіру
  • «Жемқорлыққа қатысы бар-жоғын тексеруге тиіспіз»: Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап етті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 3 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Жемқорлыққа қатысы бар-жоғын тексеруге тиіспіз»: Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап етті

«Жемқорлыққа қатысы бар-жоғын тексеруге тиіспіз»: Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап етті

3 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Бас прокурор Берік Асыловтың атына сауал жолдап, Алматы іргесіндегі құйқалы телімдерді түгендеуді талап етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz

— Алматы қаласының Медеу, Бостандық және Наурызбай аудандары бойынша менің мемлекеттік органдармен жазғы рейдтерімде тау жоталарын заңсыз бөліп алу, өзендер мен жылғаларды рұқсатсыз бітеу, Іле Алатауының бүкіл бөктеріне жаппай құрылыс салу фактілері анықталды, — деген депутат бірнеше фактіні мысалға келтірді.

Айтуынша, коттедж бен элиталы таунхаустар салу үшін Алатау бөктеріндегі тау жоталарын тегістеп тастаған.

— Тамыз айында мен Алматы Медеу ауданы Көк-Төбе ауданының Көлсай шағын ауданында жергілікті элитаға тиесілі 25 жер учаскесі бойынша Бас прокуратура мен алты уәкілетті органды тексеру керектігі жөнінде бастама көтердім. 80% жағдайда мал бағуға арналған алқаптағы тау бөктері тегістелген, — деген депутат заңға енгізілген өзгеріс іс жүзінде орындалмайтынын атап өтті.

Бақытжан Базарбек «РАМС» компаниясына тиесілі 40 қабатты ғимараттың құрылысын тоқтату үшін қаншама жанжал болғанын еске салды.

Мәжіліс өкілі 3 жыл бұрын сүріп тастау туралы шешім шығарылған «Монблан» және «Швейцария» тұрғын үй кешендері әлі бұзылмағанын айтады.

— Мен Парламентте үш рет оларды бұзу мәселесін көтердім. Әділет министрлігі мен мемлекеттік сот орындаушылары осы істі қолға алу үшін тағы неше рет көтеруім керек?! Әділет министрлігі мен мемлекеттік сот орындаушыларының жұмысына сұрағым бар. Біз әрбір фактіні зерттеп, лауазымды адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар-жоғын тексеруге тиіспіз, — деді ол.

Мәжіліс депутаты Бас прокуратурадан өз сауалында аталған фактілердің бәрін жіті тексеріп, Алматы аумағы мен іргесінде заңсыз құрылыс салдарынан зиян келген алқаптарды түгендеуді талап етті.

— Мүмкіндікті пайдалана отырып, Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалдымен жұмысымыз жолға қойылды. Ол келгелі тау бөктеріндегі заңсыз нысандарды сүру қолға алынды. Құрылысқа жауапты әкімдік басқармалары белсенді жұмыс істей бастады. Заңсыз құрылыстарды анықтап, тоқтатып жатырмыз, жазалаймыз да. Басқаша айтқанда, жұмыс алға басталды. Болашақта да осы қарқынмен тиімді жұмыс істейміз деп үміттенемін, — дейді Бақытжан Базарбек.

Фото: Мәжіліс

Оқылып жатыр

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды

Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды

«Ішіп келіп аяусыз ұрды»: Тойда бұрынғы қайын атасынан таяқ жеген әнші тағы да екі қонақтың зардап шеккенін айтты (ВИДЕО)

«Шешуші кезең»: Әскерде жарақат алған Ербаян емдеудің екінші кезеңінен өту үшін Ыстамбұлға кетті (ВИДЕО)

Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

Соңғы жазбалар

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

3 Қыркүйек, 2025

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

3 Қыркүйек, 2025

Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды

3 Қыркүйек, 2025

«Шаңырақ құрғанын тойлатты»: Димаштың күйеу баласы көкпар беріп, елдің батасын алды

3 Қыркүйек, 2025

Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды

3 Қыркүйек, 2025

Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді

3 Қыркүйек, 2025

Си Цзиньпиннің жаһандық басқару бастамасы: үш метафора арқылы түсіндіру

3 Қыркүйек, 2025

«Жемқорлыққа қатысы бар-жоғын тексеруге тиіспіз»: Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап етті

3 Қыркүйек, 2025

«Ішіп келіп аяусыз ұрды»: Тойда бұрынғы қайын атасынан таяқ жеген әнші тағы да екі қонақтың зардап шеккенін айтты (ВИДЕО)

3 Қыркүйек, 2025

«Шешуші кезең»: Әскерде жарақат алған Ербаян емдеудің екінші кезеңінен өту үшін Ыстамбұлға кетті (ВИДЕО)

3 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.