Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

3 Қыркүйек, 2025

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

3 Қыркүйек, 2025

Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды

3 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды
  • Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді
  • Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды
  • «Шаңырақ құрғанын тойлатты»: Димаштың күйеу баласы көкпар беріп, елдің батасын алды
  • Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды
  • Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді
  • Си Цзиньпиннің жаһандық басқару бастамасы: үш метафора арқылы түсіндіру
  • «Жемқорлыққа қатысы бар-жоғын тексеруге тиіспіз»: Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап етті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 4 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

3 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысының тұрғыны, әнші Азода Тұрсынмұрадова полицияға арыз жазып, әділ тергеуді талап етеді, деп хабарлайды Todayinfo.

Әнші тойда ән шырқап тұрғанда, бір ер адам келіп, ұра жөнелген. Әйел орнына тұра алмай қалған.

“Оқиға 31 тамыз күні кешкі Захамбар тойханасында болды. Ештеңе ойламадым, ән айтып тұрған кезде адамдар көп болды. Маған қалай келіп қалғанын байқамадым. Екі қадам басқанда түсініп үлгермедім, соққы тиді. Сол тойханада өз-өзіме келе алмай жарты сағат жаттым. Кім ұрғанын білмедім. Ертеңінде видеодан қарап білдім. Сөйтсем бұрынғы күйеуімнің әкесі екен”, – дейді ол.

Азода бұрынғы күйеуімен төрт ай ғана тұрған. Ең соңғы бір айда күйеуі Павлодарға жұмысқа кеткен.

“Ішіп келіп, ұрғаны бар. Баласы менің атымнан несие алған кезде менің балам кредит алуына сен себепшісің деп ұрсып, шапалақпен ұрған болатын. Күйеуім екіқабат кезімде ішімнен теуіп, 12 рет ұрған. Санап тұрғанмын. Сол кезде шыдай алмай ағамды шақырып, кетіп қалғанмын. Қазіргі кезде ол бостандықта жүр. Негізі күйеуі әйелін ұрса қамайды ғой. Ал ол бостандықта жүр. Мені қоғамдық орында адамдардың көзінше ұрды. Әкесі де бостандықта.  Заң бойынша шара қолданылсын. Ешкім жұмыс жасап жатқан жоқ. Сол үшін адвокат жалдадым”, – дейді жәбірленуші.

Азода іс бойынша ешқандай сараптама тағайындалмағанына наразы. Бұрынғы күйеуінің әкесіне Қылмыстық кодекстің 108-109 бабы бойынша айып таққалы отыр. Алайда жәбірленуші оған келіспейді, өйткені қоғамдық орында ұрғаны үшін 293-ші баппен соттауды сұрайды.

“Мені ұрғаннан кейін ағам көмекке келді, ағамды да ұрды. Қасымдағы әкімшіні де сол жерде біреулер жабылып ұрып жатқан. Ағамды экс-қайын атам ұрды. Бұрын 4-5 жыл тұрған кезде екі күннің бірінде ішіп келіп, шу шығаратын”, – дейді ол.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша «ұрып-соғу» бабымен қылмыстық іс қозғалған. Күдікті анықталып, полицияға жеткізілген.

“Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды. Полиция кез келген заңсыз әрекеттерге заң аясында жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді”, – деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Оқылып жатыр

Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды

Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды

«Жемқорлыққа қатысы бар-жоғын тексеруге тиіспіз»: Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап етті

«Ішіп келіп аяусыз ұрды»: Тойда бұрынғы қайын атасынан таяқ жеген әнші тағы да екі қонақтың зардап шеккенін айтты (ВИДЕО)

«Шешуші кезең»: Әскерде жарақат алған Ербаян емдеудің екінші кезеңінен өту үшін Ыстамбұлға кетті (ВИДЕО)

Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

Соңғы жазбалар

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

3 Қыркүйек, 2025

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

3 Қыркүйек, 2025

Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды

3 Қыркүйек, 2025

«Шаңырақ құрғанын тойлатты»: Димаштың күйеу баласы көкпар беріп, елдің батасын алды

3 Қыркүйек, 2025

Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды

3 Қыркүйек, 2025

Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді

3 Қыркүйек, 2025

Си Цзиньпиннің жаһандық басқару бастамасы: үш метафора арқылы түсіндіру

3 Қыркүйек, 2025

«Жемқорлыққа қатысы бар-жоғын тексеруге тиіспіз»: Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап етті

3 Қыркүйек, 2025

«Ішіп келіп аяусыз ұрды»: Тойда бұрынғы қайын атасынан таяқ жеген әнші тағы да екі қонақтың зардап шеккенін айтты (ВИДЕО)

3 Қыркүйек, 2025

«Шешуші кезең»: Әскерде жарақат алған Ербаян емдеудің екінші кезеңінен өту үшін Ыстамбұлға кетті (ВИДЕО)

3 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.