Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

6 Қыркүйек, 2025

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

6 Қыркүйек, 2025

Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті

6 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
  • Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты
  • Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті
  • СҚО-да бірін бірі көлікпен соғып өлтірген полицейлердің аты-жөндері белгілі болды
  • Талғарда тағы трагедия: қыз зорлаған күдікті оның ағасын атып өлтіріп, әйелдің екі жастағы баласын ұрлап кетті (видео)
  • «Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды
  • Доп кеудесіне тиген: Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды
  • Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 6 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Исламға құрметсіздік пе?»: Алматыда танымал сауда үйіндегі есікке қойылған белгі жұрттың ашуын тудырды

«Исламға құрметсіздік пе?»: Алматыда танымал сауда үйіндегі есікке қойылған белгі жұрттың ашуын тудырды

4 Қыркүйек, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығы кіреберісіне бетін жауып тұратын киім үлгілеріне қатысты арнайы жапсырма ілінді. Бұл жапсырма әлеуметтік желіде үлкен талқы тудырып, қолданушылардың арасында екі түрлі пікірге себеп болды: кейбіреулер мұны Исламға құрметсіздік деп бағаласа, енді біреулері орталықтың шешімін қолдады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Dostyk Plaza әкімшілігі түсініктеме беріп, мұндай белгі 2025 жылы қабылданған қоғамдық орындарда бетті толық жабуға тыйым салатын жаңа заңға байланысты қойылғанын айтты.

«Бұл жапсырмалар хиджабқа тыйым салмайды және діни нышандарға еш қатысы жоқ. Шектеу тек адамның беті толық жабылып, жеке басын анықтау мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданылады», – делінген хабарламада.

Жапсырмада рұқсат етілген орамал тағу үлгілері жасыл түспен, ал тыйым салынғандары қызыл түспен көрсетілген.

Сауда орталығы әкімшілігінің мәліметінше, сауда орталығының әрекеті заң аясында және дінге қарсы бағытталмаған.

«Сауда орталығының әрекеті заң аясында және дінге қарсы бағытталмаған. 12 шілдеде қоғамдық орындарда бетін толық жабатын киім киюге тыйым салатын заң қабылданды. Біз тек осы заңның талабын орындадық, одан артық ештеңе емес. Хиджаб киюге рұқсат», — деді сауда орталығының әкімшілігі.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 30 маусымында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық орындарда адамның бетін тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салуды көздейтін заңға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, адамның бетін толық жауып, жеке тұлғасын анықтауға мүмкіндік бермейтін барлық киім түрлері мен аксессуарларға тыйым салынады. Тек заңда көзделген ерекше жағдайлар ғана бұған кірмейді — мысалы, медициналық маска тағу, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану немесе кәсіби қызметке байланысты киім кию.

Бұл заң қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қажет болған жағдайда азаматтарды оңай анықтауға бағытталған.

Оқылып жатыр

Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті

Талғарда тағы трагедия: қыз зорлаған күдікті оның ағасын атып өлтіріп, әйелдің екі жастағы баласын ұрлап кетті (видео)

«Енді мені ұра алмайсыңдар»: Шымкентте сыныптастарынан үнемі таяқ жеген 14 жастағы бала өзіне қол салды

Жер дауын түсіруге барған: Журналист Мирболат Мырзатайұлы сот санкциясымен екі айға қамалды

Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Моңғолия – Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктесіміз – Тоқаев

Соңғы жазбалар

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

6 Қыркүйек, 2025

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

6 Қыркүйек, 2025

Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті

6 Қыркүйек, 2025

СҚО-да бірін бірі көлікпен соғып өлтірген полицейлердің аты-жөндері белгілі болды

6 Қыркүйек, 2025

Талғарда тағы трагедия: қыз зорлаған күдікті оның ағасын атып өлтіріп, әйелдің екі жастағы баласын ұрлап кетті (видео)

6 Қыркүйек, 2025

«Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды

6 Қыркүйек, 2025

Доп кеудесіне тиген: Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды

6 Қыркүйек, 2025

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

6 Қыркүйек, 2025

Бестөбеде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды экологиялық акция өтті

6 Қыркүйек, 2025

Елеске айналған экс-сенатор: прокуратура қашқын Қожамжаровтың үстінен қылмыстық іс қозғады

6 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.