Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Талғар трагедиясы: қыз зорлап, адам атып өлтірген қылмыскерге полицейлер машина боятып жүрген

7 Қыркүйек, 2025

Талғарда адам ұрлау мен кісі өлтіру: полицейлердің әрекетсіздігіне байланысты іс қозғалды

7 Қыркүйек, 2025

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

7 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Талғар трагедиясы: қыз зорлап, адам атып өлтірген қылмыскерге полицейлер машина боятып жүрген
  • Талғарда адам ұрлау мен кісі өлтіру: полицейлердің әрекетсіздігіне байланысты іс қозғалды
  • «Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған
  • «Мені қатты ашуландырды»: Бажкеноваға шара қолданылып, Orda.kz басылымынан аластатылмақ
  • «Крышасымен»: Ақордаға кіргеніне мақтанған әнші Айқын Төлепберген сынға қалды
  • Талғардағы трагедия: қылмыскер ағасын атып өлтірген келіншекпен төсектес болған
  • Президент деңгейінде ғана шешіледі: Азбал Құспан кедендік түсім еке есеге азайып, қылмыстың көбейіп кеткенін жазды
  • Қарағандыда қызық байқау басталды: «Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтқан мұғалімге – көлік, оқушыға – 1 млн теңге
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 7 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Биыл 116,2 мың тонна мақта жиналады: Жетісай, Шардара және Мақтааралдағы науқанға дайындық талқыланды

Биыл 116,2 мың тонна мақта жиналады: Жетісай, Шардара және Мақтааралдағы науқанға дайындық талқыланды

5 Қыркүйек, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков мақта саласының өзекті мәселелерін қарастыру үшін аудан әкімдері, диқандар, мақта өңдеу зауыттарының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қатыстырумен мәжіліс өткізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Жетісай ауданы әкімінің мәлімдеуінше, биыл 116,2 мың тонна мақта жиналуы күтілуде. Күзгі науқанға 715 трактор, 897 тіркеме, 61 дәрілегіш ОВХ агрегаты және 222 комбайн дайындалған. Аудан аумағында 7 мақта өңдеу зауыты мен 77 мақта қабылдау бекеті қызмет атқарады.

Шардара ауданы әкімінің орынбасары Жұмасұлтан Бердешов ауданда 16 814 гектар алқаптан 42 мың тоннадан астам өнім жинау жоспарланғанын хабарлады. Қазіргі таңда мақта қабылдау бекеттерінің дайындығы пысықталуда.

Мақтаарал ауданында егілген мақта алқабы 35,1 мың гектарды құрап, гектарына 27,1 центнер өнім жиналуы болжануда.

Мәжіліс барысында шаруалар өзекті мәселелерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Мақта өңдеу зауыттарының өкілдері де биылғы жұмыс жоспарларын таныстырды.

Нұрбол Тұрашбеков аудан әкімдіктеріне шитті мақтаны сатып алу немесе терең өңдеу үшін инвестор тартудың маңыздылығын ескертті. Сонымен қатар, зауыттардың мүмкіндіктерін зерделеу және мақта қабылдау қуаттылықтарының болжамын ұсыну тапсырылды.

«Шаруалардың құқығын қорғау үшін бірыңғай сату-сатып алу келісім-шарт үлгісін енгізу қажет. Келісім-шартта қаржы төлеу мерзімі нақты көрсетілуі тиіс. Ортақ жұмысты күш қылмай, ақылға сай жүргізейік», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Мақта науқаны барысында туындайтын мәселелерді жүйелі шешу үшін арнайы құрылған жұмысшы топ зауыттар мен қабылдау бекеттерінің жұмысын тұрақты түрде бақылап отырады.

Оқылып жатыр

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын субсидиялауға 90 млрд теңге бөлінеді

Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 16 мектеп пайдалануға беріледі

Соңғы жазбалар

Талғар трагедиясы: қыз зорлап, адам атып өлтірген қылмыскерге полицейлер машина боятып жүрген

7 Қыркүйек, 2025

Талғарда адам ұрлау мен кісі өлтіру: полицейлердің әрекетсіздігіне байланысты іс қозғалды

7 Қыркүйек, 2025

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

7 Қыркүйек, 2025

«Мені қатты ашуландырды»: Бажкеноваға шара қолданылып, Orda.kz басылымынан аластатылмақ

7 Қыркүйек, 2025

«Крышасымен»: Ақордаға кіргеніне мақтанған әнші Айқын Төлепберген сынға қалды

7 Қыркүйек, 2025

Талғардағы трагедия: қылмыскер ағасын атып өлтірген келіншекпен төсектес болған

7 Қыркүйек, 2025

Президент деңгейінде ғана шешіледі: Азбал Құспан кедендік түсім еке есеге азайып, қылмыстың көбейіп кеткенін жазды

7 Қыркүйек, 2025

Қарағандыда қызық байқау басталды: «Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтқан мұғалімге – көлік, оқушыға – 1 млн теңге

7 Қыркүйек, 2025

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

6 Қыркүйек, 2025

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

6 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.