Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Талғар трагедиясы: қыз зорлап, адам атып өлтірген қылмыскерге полицейлер машина боятып жүрген

7 Қыркүйек, 2025

Талғарда адам ұрлау мен кісі өлтіру: полицейлердің әрекетсіздігіне байланысты іс қозғалды

7 Қыркүйек, 2025

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

7 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Талғар трагедиясы: қыз зорлап, адам атып өлтірген қылмыскерге полицейлер машина боятып жүрген
  • Талғарда адам ұрлау мен кісі өлтіру: полицейлердің әрекетсіздігіне байланысты іс қозғалды
  • «Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған
  • «Мені қатты ашуландырды»: Бажкеноваға шара қолданылып, Orda.kz басылымынан аластатылмақ
  • «Крышасымен»: Ақордаға кіргеніне мақтанған әнші Айқын Төлепберген сынға қалды
  • Талғардағы трагедия: қылмыскер ағасын атып өлтірген келіншекпен төсектес болған
  • Президент деңгейінде ғана шешіледі: Азбал Құспан кедендік түсім еке есеге азайып, қылмыстың көбейіп кеткенін жазды
  • Қарағандыда қызық байқау басталды: «Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтқан мұғалімге – көлік, оқушыға – 1 млн теңге
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 7 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Астанада 10 автокөлік ойнатпақ болған блогерлерге қатысты сот басталды

Астанада 10 автокөлік ойнатпақ болған блогерлерге қатысты сот басталды

5 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Астанада блогер Ерболат Жанәбіловке қатысты сот процесі басталды. Сот отырысы елорданың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Сотқа блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова, сондай-ақ, олардың адвокаттары Анна мен Олег Черновтер келді. Алайда сот блогердің әйелін залдан шығарып жіберді.

Сот отырысы басталған сәтте Эльмира Төлегеноваға судья Малика Ноғайбекова былай деді.

«Сізге қатысты Қылмыстық кодекстің 445-1 6-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Осыған байланысты сіз істің нәтижесіне мүдделі болуыңыз мүмкін. Сондықтан, сот залынан шығуыңызды сұраймын», — деді судья.

Сот отырысының алдында блогер Ерболат Жанәбіловке журналистер курстардан түскен кірістен салық төлейсіз бе деген сұрақ қойды.

«Біз әрдайым төледік, төлейтін де боламыз», — деп жауап берді ол.

Уәкілетті органдардың мәліметінше, блогер Instagram арқылы заңсыз лотерея ретінде саналатын көлік, ақша және бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындарын өткізген.

«Оның (Жанәбіловтің — еск.) (лотерея — еск.) өткізуге рұқсаты жоқ, бірақ оның қажеті де жоқ. Ол оператор арқылы әрекет етуге тиіс емес, олар қызмет көрсеткендіктен, қызметін өздерінің оқу курсы түрінде сатқан болып шығады. Лотерея туралы заңда ұтыс ойыны сатылым мен қызметтерге бағытталған болса, бұл лотерея емес екені нақты айтылған. Бүгінде бәрі ұтыспен айналысады, бірақ қандай да бір себептермен Жанәбіловтерге ерекше назар аударылып отыр»,- деді адвокат Олег Чернов.

Министрліктің Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті өкілінің хабарлауынша, 21 тамыз – 2 қыркүйек аралығында Жанәбіловтің әрекетіне қатысты eOtinish платформасы арқылы сегіз шағым түскен. Бұл деректер іс материалдарына қосылды.

Бұл оқиғадан кейін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов тексеріс жүргізіліп, материалдар сотқа жолданғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, 18-21 тамыз аралығында Instagram-да @Zhanabylov_e және @elt6i аккаунты арқылы танымал блогерлер 10 автокөлік ойнататынын жариялады. Алайда тікелей эфирдің орнына қолданушыларға Zhana Business атты ақылы оқу курсының сілтемесі ұсынылған. Курс құны – 30 мың теңге. Ұтысқа қатысу үшін осы курсты сатып алу қажет болған. Бұл жағдай әлеуметтік желіде сынға ұшырап, мемлекеттік органдарға шағым түсті.

Оқылып жатыр

Талғар трагедиясы: қыз зорлап, адам атып өлтірген қылмыскерге полицейлер машина боятып жүрген

Талғарда адам ұрлау мен кісі өлтіру: полицейлердің әрекетсіздігіне байланысты іс қозғалды

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

«Мені қатты ашуландырды»: Бажкеноваға шара қолданылып, Orda.kz басылымынан аластатылмақ

«Крышасымен»: Ақордаға кіргеніне мақтанған әнші Айқын Төлепберген сынға қалды

Талғардағы трагедия: қылмыскер ағасын атып өлтірген келіншекпен төсектес болған

Соңғы жазбалар

Талғар трагедиясы: қыз зорлап, адам атып өлтірген қылмыскерге полицейлер машина боятып жүрген

7 Қыркүйек, 2025

Талғарда адам ұрлау мен кісі өлтіру: полицейлердің әрекетсіздігіне байланысты іс қозғалды

7 Қыркүйек, 2025

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

7 Қыркүйек, 2025

«Мені қатты ашуландырды»: Бажкеноваға шара қолданылып, Orda.kz басылымынан аластатылмақ

7 Қыркүйек, 2025

«Крышасымен»: Ақордаға кіргеніне мақтанған әнші Айқын Төлепберген сынға қалды

7 Қыркүйек, 2025

Талғардағы трагедия: қылмыскер ағасын атып өлтірген келіншекпен төсектес болған

7 Қыркүйек, 2025

Президент деңгейінде ғана шешіледі: Азбал Құспан кедендік түсім еке есеге азайып, қылмыстың көбейіп кеткенін жазды

7 Қыркүйек, 2025

Қарағандыда қызық байқау басталды: «Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтқан мұғалімге – көлік, оқушыға – 1 млн теңге

7 Қыркүйек, 2025

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

6 Қыркүйек, 2025

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

6 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.