Алматыда ауыр жағдай тіркелді. 17 жастағы мектеп оқушысы 3 қыркүйек күні өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo.
Қыз бала 10-сыныпқа көшуге дайындалып жүрген. 1 қыркүйек күні ол мектепке бейресми киіммен келген. Осы үшін мектеп әкімшілігі – директор мен оқу ісі жөніндегі орынбасар – оның сырт келбетін сынап, ескерту жасаған. Арада бір күн өткенде, оқушыны мектептен шығарған. Ал ертесіне жасөспірім өзіне қол жұмсады деген дерек тарады. Қазір бұл фактіге байланысты Алматы қалалық полициясы қылмыстық іс қозғаған.
Фото: pixabay.com