Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Біздің ұжымға сынақ түсті»: Бір топ театр актерлары халықтан көмек сұрады

5 Қыркүйек, 2025

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын субсидиялауға 90 млрд теңге бөлінеді

5 Қыркүйек, 2025

Алматыда оқушы өзіне қол жұмсап, көз жұмды

5 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Біздің ұжымға сынақ түсті»: Бір топ театр актерлары халықтан көмек сұрады
  • Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын субсидиялауға 90 млрд теңге бөлінеді
  • Алматыда оқушы өзіне қол жұмсап, көз жұмды
  • «Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі»: Астанада республикалық конференция өтті
  • ШҚО-дағы шырғалаң: Заңды некедегі әйелін «зорлап» түрмеге түскен экс-полиция тергеушіні де жаламен қаматып жіберді
  • Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
  • Моңғолия – Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктесіміз – Тоқаев
  • 4 автокөлік, 4 пәтер пен жеке үй: Перизат Қайраттың мүлкі аукционда сатылады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 6 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын субсидиялауға 90 млрд теңге бөлінеді

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын субсидиялауға 90 млрд теңге бөлінеді

5 Қыркүйек, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында 2026-2028 жылдары су үнемдеу технологияларын енгізуді субсидиялауға шамамен 90 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жетісай және Мақтаарал аудандарының шаруаларымен кездесіп, Түркістан облысындағы суару маусымын қорытындылады.

Ведомство басшысы шаруаларға ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру шаралары туралы айтып берді. Биыл Су ресурстары және ирригация министрлігіне берілген жаңа функциялар аясында 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы трансферттер есебінен алдағы үш жылда Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын енгізу мен суармалы су беру қызметтерін инвестициялық субсидиялау үшін шамамен 90 млрд теңге қарастырылған.

Айта кетейік, былтыр министрлік су үнемдеу технологияларын сатып алуға, орнатуға және инфрақұрылымды жүргізуге жұмсалған шығындарды өтеу үлесін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты. Сонымен қатар суармалы суға сараланған субсидиялар енгізілді. Егер су үнемдеу жүйелері қолданылса, субсидия көлемі 85%-ға дейін өседі.

«Аптап ыстық пен жауын-шашынның болмауы Қазақстанның оңтүстігінде күрделі жағдай туғызды. Алайда жедел қабылданған шаралардың арқасында ахуалды тұрақтандырып, суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ете алдық. Министрлік арнайы жұмыс топтарын құрып, оңтүстік облыстардағы су шаруашылығы жағдайына мониторинг жүргізді, суармалы суды әділ бөлуге бақылау жасады, кезекшілік кестелерін бекітті, заңсыз су алуға қатысты тексерістер жүргізді және түсіндіру жұмыстарын атқарды. Болашақта мұндай қиындықтарға жол бермеу үшін су үнемдеу технологияларына белсендірек көшу қажет. Осы мақсатта біз заманауи суару жүйелерін енгізуді субсидиялау шарттарын жетілдірдік»,
– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Шаруалар егістіктерді тұрақты сумен қамтамасыз еткені үшін Су ресурстары және ирригация министрлігіне алғыс білдірді. Сондай-ақ министр Нұржан Нұржігітов Жетісай және Мақтаарал аудандарына су жеткізетін «Достық» мемлекетаралық каналының жұмысымен және жағдайымен танысты.

Түркістан облысының Сауран ауданында егістік алқаптарын қосымша сумен қамтамасыз ету үшін 72 тік дренажды ұңғыма пайдалануға берілгенін еске сала кетейік. Ал Ордабасы ауданында 17 тік дренажды ұңғыма жөндеуден өткізілді.

Сонымен қатар «Достық» мемлекетаралық каналының төменгі ағысындағы шаруа қожалықтарына су беруді жақсарту және «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының каналдарында су деңгейін арттыру үшін «Машиналық әдіспен су көтеру каналында» механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Бүгінде өңірде егістік алқаптарын суаруға шамамен 3,3 млрд текше метр су алынған. «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы шаруа қожалықтарымен 297 мың гектар егістік жерді суаруға 9 724 келісімшарт жасасқан. Оның 133,7 мың гектары мақта.

Қазіргі таңда мақта алқаптарын суару толық аяқталды. 10 қыркүйекке дейін филиал күріш алқаптарын суаруды да толық аяқтауды жоспарлап отыр. Су беру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Оқылып жатыр

Биыл 116,2 мың тонна мақта жиналады: Жетісай, Шардара және Мақтааралдағы науқанға дайындық талқыланды

Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 16 мектеп пайдалануға беріледі

Соңғы жазбалар

«Біздің ұжымға сынақ түсті»: Бір топ театр актерлары халықтан көмек сұрады

5 Қыркүйек, 2025

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын субсидиялауға 90 млрд теңге бөлінеді

5 Қыркүйек, 2025

Алматыда оқушы өзіне қол жұмсап, көз жұмды

5 Қыркүйек, 2025

«Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі»: Астанада республикалық конференция өтті

5 Қыркүйек, 2025

ШҚО-дағы шырғалаң: Заңды некедегі әйелін «зорлап» түрмеге түскен экс-полиция тергеушіні де жаламен қаматып жіберді

5 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

5 Қыркүйек, 2025

Моңғолия – Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктесіміз – Тоқаев

5 Қыркүйек, 2025

4 автокөлік, 4 пәтер пен жеке үй: Перизат Қайраттың мүлкі аукционда сатылады

5 Қыркүйек, 2025

Астанада 10 автокөлік ойнатпақ болған блогерлерге қатысты сот басталды

5 Қыркүйек, 2025

Қазақстан әлемдік мұнай нарығындағы жетекші мемлекеттің бірі — Тоқаев

5 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.