Биыл белгілі әнші Роза Әлқожа мен Айдын Қаба отасқандарына 25 жыл толғанын дүркіретіп атап өтпек. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазған, деп хабарлайды Todayinfo.
«Отағасы Айдын Қаба 45 жасқа толады. Осыған орай ұл-қыздарымызбен ақылдастық. Жанашыр елді жинап, батасын алсақ деп отырмыз. Бас қосқанымызға да 25 жылдың бедері. Алда алтын тойға дейін ғұмыр бар, қызық-қуанышымыз көп болсын дейік! Біреуге құда, біреуге ата болған Айекең – қадірлі қария, абыз ақсақал болсын деп ниет еттік. Тойға келе алмағандар Roza Alkhoja деген YouTube арнамыздан тегін тамашалай алады. Оған әр қуанышымызда атсалысып, балаларын жіберіп, бір жағымнан көтеріп алатын @jenka.studio жауапты! Қалыңдыққа @aidakaumenova_official көйлек тігіп жатыр!», — деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншіге жылы тілектерін жаудырып, күміс тойға қатысты жаңалықты қуана қабылдады.
Фото: коллаж Sn.kz