Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Президент 3 жыл ішінде Қазақстанды цифрлық елге айналдыруды тапсырды

8 Қыркүйек, 2025

Тоқаев активтерді қайтару комитетінің атауын өзгертуді тапсырды

8 Қыркүйек, 2025

Жолдау-2025: Қазақстанға тартылған инвестицияға Тоқаевтың көңілі толмайды

8 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Президент 3 жыл ішінде Қазақстанды цифрлық елге айналдыруды тапсырды
  • Тоқаев активтерді қайтару комитетінің атауын өзгертуді тапсырды
  • Жолдау-2025: Қазақстанға тартылған инвестицияға Тоқаевтың көңілі толмайды
  • Тоқаев жолдауы — тікелей эфир
  • Елімізде Жасанды интеллект министрлігі құрылады
  • «Бұл да бір сынақ шығар»: Министр Нұртілеу жұрт алдына шықты (ВИДЕО)
  • «Нәтиже көңіл көншітпейді»: Футболдан Қазақстан құрамасының келесі бас бапкері кім болуы мүмкін
  • Есеп 0:6: Масқара жеңілістен кейін бас бапкер Әли Әлиев өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 8 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Қарағандыда қызық байқау басталды: «Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтқан мұғалімге – көлік, оқушыға – 1 млн теңге

Қарағандыда қызық байқау басталды: «Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтқан мұғалімге – көлік, оқушыға – 1 млн теңге

7 Қыркүйек, 2025 Қарағанды облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысында ел рухын көтеретін, ұлттық мұраға сүйіспеншілікті арттыратын «Тұлпар мініп, ту алған» атты облыстық байқау басталды. Қазақ эпосын жатқа айтудан өтетін бұл байқауға оқушылар ғана емес, оларды дайындаған мұғалімдер де қатысып, миллион теңге, білім гранты мен автокөлік ұтып ала алады. Байқау Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп отыр, деп хабарлайды Todayinfo.

Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай қазақ тілі мұғалімдерінің форумы өтті. Форум аясында жаңа заманға сай қазақ тілін оқыту әдістері, мемлекеттік тілде сөйлеуге қажеттілік қалыптастыру жолдары, жасанды интеллект пен ІТ жобалардың тіл үйретудегі рөлі талқыланды.

Сондай-ақ форум барысында Қарағанды облысы аумағында мектеп оқушылары арасында өтетін «Тұлпар мініп, ту алған» облыстық байқауы таныстырылды. Байқауға қатысушылар «Бөгенбай батыр» жырын (Тастыбай Жағыпарұлы нұсқасы) жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, географиялық жер-су атауларын ажыратып, жас ерекшеліктеріне сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді.

Байқау өскелең ұрпақты халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу мақсатында «AMANAT» партиясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Ұйымдастыру комитеті – «AMANAT MEDIA GROUP» Холдингі мен жергілікті атқарушы органдар (Тілдерді дамыту және Білім басқармасы).

Жобаны қолдаушылар – Қарағанды облысының әкімдігі.

Байқау 2 кезеңнен тұрады:

І кезең — аудандық/қалалық;

ІІ кезең — облыстық.

Байқаудың аудандық/қалалық кезеңінде 1, 2, 3 орын алған жеңімпаздар дайындаған мұғалімдерімен бірге облыстық кезеңге жолдама алады.

Жеңімпаз оқушылар ақшалай сыйақымен марапатталады:

І орын – 150 000 теңге;

ІІ орын – 100 000 теңге;

ІІІ орын – 70 000 теңге;

Байқаудың облыстық кезеңінде жеңім­паз атанғандарға төмендегідей ақшалай жүлде қоры бекітілді:

Оқушылар үшін:

І орын – 1 000 000 теңге және демеуші тарапынан Қарағандыдағы жоғары оқу орнының біріне грант;

ІІ орын – 500 000 теңге;

ІІІ орын – 250 000 теңге.

Ұстаздар үшін:

І орын – 1 000 000 теңге және демеуші тарапынан жеңіл автокөлік;

ІІ орын – 500 000 теңге;

ІІІ орын – 250 000 теңге.

Байқау ережесі мен жырдың толық нұсқасы qazaqepos.com сайтында жарияланды.

Байланыс телефондары: 8 778 283 16 01, 8 7172 24-95-45

Оқылып жатыр

Өндірісі өркендеген Қарағанды: өңірде үш ірі жобаның құрылысы басталды

Гаджеттердің орнына кітап: Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы бастау алды

Ауылға құйылған инвестиция: Қарағанды облысының Нұра ауданында жоғары сапалы қызыл кірпіш өндіріледі

«Жеті жылда жемісін берді»: Қарағанды облысында 500 домбырашы «Балбырауын» күйін шертті

Қарағандыда жаңа туған балаларға домбыра сыйға тартылды

Қарағанды облысында ауылдық денсаулық сақтау нысандарына 70 дәрігер тартылмақ

Соңғы жазбалар

Президент 3 жыл ішінде Қазақстанды цифрлық елге айналдыруды тапсырды

8 Қыркүйек, 2025

Тоқаев активтерді қайтару комитетінің атауын өзгертуді тапсырды

8 Қыркүйек, 2025

Жолдау-2025: Қазақстанға тартылған инвестицияға Тоқаевтың көңілі толмайды

8 Қыркүйек, 2025

Тоқаев жолдауы — тікелей эфир

8 Қыркүйек, 2025

Елімізде Жасанды интеллект министрлігі құрылады

8 Қыркүйек, 2025

«Бұл да бір сынақ шығар»: Министр Нұртілеу жұрт алдына шықты (ВИДЕО)

8 Қыркүйек, 2025

«Нәтиже көңіл көншітпейді»: Футболдан Қазақстан құрамасының келесі бас бапкері кім болуы мүмкін

8 Қыркүйек, 2025

Есеп 0:6: Масқара жеңілістен кейін бас бапкер Әли Әлиев өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді

8 Қыркүйек, 2025

Президент бүгін Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялайды

8 Қыркүйек, 2025

«Президенттеріңіз жақсы адам»: Трамп Тоқаевқа сәлем жолдап, Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты (ВИДЕО)

8 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.