АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақсы адам екенін айтып, журналистерден оған сәлемін жеткізуді сұрады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Трамп бұл туралы 7 қыркүйек күні ерлер арасындағы теннистен АҚШ ашық чемпионатының финалына бару үшін Ақ үйден шығып бара жатып айтты. Тілшілердің бірі одан Қазақстан туралы не ойлайтынын және “алдағы уақытта Қазақстанға бару жоспарында бар ма?” деп сұрады.
Президент Қазақстанға баруы мүмкі екенін жеткізді. Сондай-ақ ол Тоқаевпен мазмұнды әңгіме өткізгенін айтты.
“Сәлем айтыңыз! Сіздің президенттеріңіз – өте жақсы адам”, – деді Трамп.
Посмотреть эту публикацию в Instagram