Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

О баста халықтан сенат керек пе деп сұраған билік болған емес — Досай Кенжетай

8 Қыркүйек, 2025

«Мектепке кедергісіз кірді»: Танымал журналист хиджаппен сабаққа барған Айдана Меденованың қызын сынады

8 Қыркүйек, 2025

«Екінші деңгейлі банктер үлкен жобаларды қойып, тауар сатумен айналысып кетті»: Сырымбек Тау Президент Жолдауы жайлы пікір білдірді

8 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • О баста халықтан сенат керек пе деп сұраған билік болған емес — Досай Кенжетай
  • «Мектепке кедергісіз кірді»: Танымал журналист хиджаппен сабаққа барған Айдана Меденованың қызын сынады
  • «Екінші деңгейлі банктер үлкен жобаларды қойып, тауар сатумен айналысып кетті»: Сырымбек Тау Президент Жолдауы жайлы пікір білдірді
  • «Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады
  • «Маған парламенттік реформа туралы айту оңай емес»: Тоқаев кезінде өзі 10 жыл басшылық еткен сенатты таратуды ұсынды
  • Жұрт әсіре діншілдікті қолдамайды: Тоқаев азаматтарды саналы болуға шақырды
  • «Таза Қазақстан»: Абай ауданында жүзден астам оқушыны экоквест біріктірді
  • «Азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігі – ұят жағдай»: Тоқаев өз өнімдерімізді көбейтуді тапсырды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 8 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Вагондардың сапасы сын көтермейді»: Тоқаев темір жол саласын сынға алды

«Вагондардың сапасы сын көтермейді»: Тоқаев темір жол саласын сынға алды

8 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

«Жұрттың вагондардың жай-күйіне көңілі толмайды. Астанада вагон құрастыратын зауыт іске қосылды. Бұл осы саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін жасалған маңызды қадам болды. Озық халықаралық стандартқа сай жабдықталған заманауи жолаушылар вагонын жасау шетел инвесторының қатысуымен қолға алынады. 

Соңғы жылдары авиация инфрақұрылымын жаңғырту үшін көп жұмыс істелді. Былтыр Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында жаңа терминалдар ашылды. Жақында Зайсанда, Қатонқарағай және Кендірліде әуежай құрылысы аяқталады. Арқалық әуежайы қалпына келтіріліп жатыр», деді Президент.

Бұл жобалар аймақтардың экономикалық белсенділігін арттыруға ықпал етеді, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, басқа да бірқатар саланың дамуына серпін береді. Сондықтан, бұл жұмыс өз жалғасын табады. 

«Жалпы, Торғай аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуы Үкіметтің айрықша назарында болуы керек. 

Тағы бір маңызды мәселе – әуемен жүк тасымалдау ісіне айрықша назар аудару қажет. Бұл саладағы ахуал жақсарып келе жатыр. Дегенмен, оның көлемін арттыра түсуге мол мүмкіндігіміз бар. Мен бұған дейін әуемен тасымалданатын жүк көлемін екі есе ұлғайту жөнінде тапсырма бердім.

Бұған бірінші кезекте, шетелдің ірі инвесторларын тарта отырып Ұлттық жүк тасымалдаушы компания құру арқылы қол жеткізуге болады. 

Электронды сауда-саттық пен озық технологиялық өнімдердің саудасы қызып тұрған қазіргі кезде әуемен жүк жеткізу аса жоғары сұранысқа ие әрі табысы көп тасымал түрі саналады. Сондықтан біз әуе хабтарын белсенді түрде дамытып, олардың жаһандық логистика тізбегіне кірігуін қамтамасыз етуге тиіспіз. 

Сонымен қатар экспресс-жүк тасымалдау саласын ретке келтіру қажет. Бұл қадам тұтынушылардың мүддесін қорғау үшін керек.

Қазір бүкіл әлемде пилотсыз жүк тасымалдайтын арнайы автокөліктер мен дрондар сияқты көлік түрлері дамып жатыр. Үкімет осындай технологиялардың тез арада қолданысқа енгізілуіне барынша жағдай жасауы қажет. Соның ішінде, тиісті құқықтық актілер қабылдауы керек. 

Жалпы, мен бұған дейін бірнеше рет айттым: Қазақстан Еуразиядағы көлік хабы болуға тиіс. Бұл – стратегиялық маңызы зор міндет.

Бұл жұмысқа осы салада табысқа жеткен үздік мамандар мен кәсіпкерлерді тарту керек. Бірақ, негізгі жауапкершілік – Үкіметте. 

Тапсырманың орындалу барысын жылдың басында Үкіметтің жылдық есебінен кейін арнайы жиналыста қараймыз», деді Тоқаев.

Фото: Қазақстан темір жолы

Оқылып жатыр

О баста халықтан сенат керек пе деп сұраған билік болған емес — Досай Кенжетай

«Екінші деңгейлі банктер үлкен жобаларды қойып, тауар сатумен айналысып кетті»: Сырымбек Тау Президент Жолдауы жайлы пікір білдірді

Жұрт әсіре діншілдікті қолдамайды: Тоқаев азаматтарды саналы болуға шақырды

«Азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігі – ұят жағдай»: Тоқаев өз өнімдерімізді көбейтуді тапсырды

Тоқаев: Қазақстанға бір емес, бірнеше АЭС қажет

Президент 3 жыл ішінде Қазақстанды цифрлық елге айналдыруды тапсырды

Соңғы жазбалар

О баста халықтан сенат керек пе деп сұраған билік болған емес — Досай Кенжетай

8 Қыркүйек, 2025

«Мектепке кедергісіз кірді»: Танымал журналист хиджаппен сабаққа барған Айдана Меденованың қызын сынады

8 Қыркүйек, 2025

«Екінші деңгейлі банктер үлкен жобаларды қойып, тауар сатумен айналысып кетті»: Сырымбек Тау Президент Жолдауы жайлы пікір білдірді

8 Қыркүйек, 2025

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

8 Қыркүйек, 2025

«Маған парламенттік реформа туралы айту оңай емес»: Тоқаев кезінде өзі 10 жыл басшылық еткен сенатты таратуды ұсынды

8 Қыркүйек, 2025

Жұрт әсіре діншілдікті қолдамайды: Тоқаев азаматтарды саналы болуға шақырды

8 Қыркүйек, 2025

«Таза Қазақстан»: Абай ауданында жүзден астам оқушыны экоквест біріктірді

8 Қыркүйек, 2025

«Азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігі – ұят жағдай»: Тоқаев өз өнімдерімізді көбейтуді тапсырды

8 Қыркүйек, 2025

«Бәсекеге қабілетіміз әлі де шамалы»: Тоқаев туризм саласын сынға алды

8 Қыркүйек, 2025

«Вагондардың сапасы сын көтермейді»: Тоқаев темір жол саласын сынға алды

8 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.