Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Қазақстанға 1 млн ресейлік турист келген»: Алматы облысының демалыс орындарына Мәскеу билігі қызығушылық танытты

9 Қыркүйек, 2025

«Еркектер отырып, қатын бата бергені несі?!»: Мақпал Жүнісова анасын сынаған оқырманына ұрысып берді (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

Анасының бақыты: Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғышын Англияға аттандырды

9 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Қазақстанға 1 млн ресейлік турист келген»: Алматы облысының демалыс орындарына Мәскеу билігі қызығушылық танытты
  • «Еркектер отырып, қатын бата бергені несі?!»: Мақпал Жүнісова анасын сынаған оқырманына ұрысып берді (ВИДЕО)
  • Анасының бақыты: Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғышын Англияға аттандырды
  • «Елдің болашағы жарқын болғай!»: депутат Ринат Зайыт Жолдауды тәпсірлеп, сөзін батамен аяқтады
  • «Мешітте азан шақырады»: Бас Имам әкесін cоққыға жыққан адамға қатысты мәлімдеме жасады
  • «Жолдау — 2025»: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні
  • «Ракпен ауырған күйеуі де комада»: Ресей әскерін Қазақстанға жіберуді сұраған Симоньян ауыр дерт жұқтырды
  • «Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 9 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

8 Қыркүйек, 2025 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында заң мен тәртіп қағидатын еске салып, қоғамдық орындардағы тәртіп жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол заңды да, әдепті де сақтамайтын, жаға жыртысуға жақын жандардың көбейіп кеткенін сынға алды.

«Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры. Қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным болуға тиіс. Бұл – ең алдымен, ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным. Сондықтан мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысын барынша қолдау қажет. Сонда ғана елімізде құқық бұзушылыққа, озбырлық пен зорлық-зомбылыққа қарсы сана-сезім қалыптасады, қоғамға жат кез келген әрекетке төзбеушілік пайда болады. Ашығын айтуымыз керек, қазіргі таңда адамдарда дөрекі сөйлеп, бір-біріне ерегісіп, жаға жыртысатын әдет бар. Осындай келеңсіз оқиғаларды, әсіресе, қоғамдық орындарда, жол бойында жиі көруге болады», — деді Тоқаев.

Оның айтуынша, олардың ішінде нәзік жандылар да бар. Президент бейбіт өмірді бағалай білуге шақырды.

«Өкінішке қарай, солардың ішінде айқай-шу шығаратын, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзатын әйелдер де бар. Бұл – мәдениетті, өркениетті қоғамға жараспайтын қылық, еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы беделіне зиян келтіретін құбылыс. Озық ойлы ұлт болу үшін мұндай жағымсыз әдеттен түбегейлі арылуымыз керек. Ұлы Абай «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп бекер айтпаған. Мәдениет пен әдеп, тәрбие мен тәлім әрбір азаматтың, әрбір отбасының өзінен басталуы қажет. Қазіргі бұлыңғыр заманда ең басты міндет – еліміздің егемендігін, жеріміздің тұтастығын нығайту. Ол үшін бірлігіміз бекем болуы керек. Халқымыз тату болса, ішкі ахуал тұрақты болса, біз барлық қиындықты жеңеміз. Кез келген кедергіден өтеміз. Сондықтан жұртымызды ел тыныштығын бағалай білуге, сақтай білуге шақырамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқылып жатыр

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

30%-ға қымбаттайды: Елімізде енді бір адам тәулігіне 140 литрден артық су пайдалана алмайды

Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды

Соңғы жазбалар

«Қазақстанға 1 млн ресейлік турист келген»: Алматы облысының демалыс орындарына Мәскеу билігі қызығушылық танытты

9 Қыркүйек, 2025

«Еркектер отырып, қатын бата бергені несі?!»: Мақпал Жүнісова анасын сынаған оқырманына ұрысып берді (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

Анасының бақыты: Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғышын Англияға аттандырды

9 Қыркүйек, 2025

«Елдің болашағы жарқын болғай!»: депутат Ринат Зайыт Жолдауды тәпсірлеп, сөзін батамен аяқтады

9 Қыркүйек, 2025

«Мешітте азан шақырады»: Бас Имам әкесін cоққыға жыққан адамға қатысты мәлімдеме жасады

9 Қыркүйек, 2025

«Жолдау — 2025»: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні

9 Қыркүйек, 2025

«Ракпен ауырған күйеуі де комада»: Ресей әскерін Қазақстанға жіберуді сұраған Симоньян ауыр дерт жұқтырды

9 Қыркүйек, 2025

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

Қытай мен Қазақстан суретшілері Байшифэн тауында достық картинасын салды

9 Қыркүйек, 2025

Вашингтонның визалық талабы: АҚШ-қа барғысы келетін ресейліктер Астанаға ағылатын болды

9 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.