2025 жылы 7 қыркүйек күні RT бас редакторы Маргарита Симоньянға «қорқынышты ауыр дерт» диагнозы қойылды. Ол бұл туралы «Россия-1» арнасындағы тікелей эфирде айтып, 8 қыркүйекте оған ота жасалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Мен шындықты айтуға тиіспін және дәл сондай шындықты бастан кешіп жатқан адамдарды жігерлендіргім келеді… Осы аптада маған ауыр диагноз қойылды. Ертең мені операция күтіп тұр», – деді.
Ол денсаулығына қарамастан, эфирге шыққанын айтты.
Симоньян сондай-ақ күйеуі, режиссер Тигран Кеосаян туралы айтты: ол 2024 жылдың желтоқсан айының соңынан бері комада жатыр. 2025 жылдың жазына дейін оның жағдайында айтарлықтай өзгеріс болмаған, дәрігерлердің болжамы да әлі белгісіз.
“Күйеуім 9 ай болды, комада ес-түссіз жатыр. Енді өзім де ауыр дертке шалдықтым. Өте ауыр дерт анықталды. Ертең маған ота жасайды”, — дейді.
Ақпарат көздері Симоньянның айықпас дертке шалдыққанын жазуда. Пропагандист барлық қызметінен кетуі мүмкін.