Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жемқорлық биліктің түбіне жетті»: наразы халық бұрынғы премьер-министрдің әйелін өлтірді

9 Қыркүйек, 2025

«Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты

9 Қыркүйек, 2025

«Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жемқорлық биліктің түбіне жетті»: наразы халық бұрынғы премьер-министрдің әйелін өлтірді
  • «Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты
  • «Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)
  • Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
  • «Елдің сөзін құлағына да ілмеді»: Алматыда автобусты тоқтатып қойып, намаз оқыған жүргізуші жолаушының наразылығын тудырды (ВИДЕО)
  • «Көргенсіздік көрсетіп отырғандардың дені – әйелдер»: Света Айтбаева қоғамдық орындарда айқай-шу шығаратын әйелдердің бар екенін растады
  • Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр
  • Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 9 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Елдің болашағы жарқын болғай!»: депутат Ринат Зайыт Жолдауды тәпсірлеп, сөзін батамен аяқтады

«Елдің болашағы жарқын болғай!»: депутат Ринат Зайыт Жолдауды тәпсірлеп, сөзін батамен аяқтады

9 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Перзидент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауын талдау басталды. Депутаттар мен қоғам белсенділері Президенттің жолдауында айтылған кейбір саяси, һәм астарлы сөздер мен тікелей тапсырмалар жайлы ойларын білдіріп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.
Депутат Жолдауда айтылған мәселелер бойынша әркім өзіне қажеттін алып, жұмыс істеу керектігін ескертті.
— Бұл Жолдауда әдеттегідей, әрине, әркім өз түсінгеніше әртүрлі талқылап, әртүрлі тәпсірлеп жатыр. Сол жиналысқа тікелей қатысқан адам ретінде менің де сөзарасы түсінгендерім бар, соны айта кетуге рұқсат етіңіздер. Ескерте кететін бір жайт, кез-келген Мемлекет басшысы ешқашан ресми сөздері мен жолдауларында өзінің негізгі жоспарлары мен негізгі қадамдарын ашық айтпайтындығы анық. Бірақ егер «ым-ды» — түсіне алсақ Президент айтқан екі сөйлемнің ішінде қазақтың келешегіне бағыт-бағдар беретін тәуір-ақ ойлар жатыр. Біріншісі, Президент өз жолдауында «Әлемде жаңа геосаяси тәртіп орнауда» — деп айтты, бұл дегеніміз сол жаңа геосаяси тәртіпте Қазақстан қалай да ұпай жоғалтып алмай жаңа тәртіпте екінші қатарлы, үшінші қатарлы мемлекет емес, озық, дамыған мемлекет ретінде орын алуға ұмтылуы тиіс деп түсінемін. Ол үшін біз кәзіргі таңда, өзіміздің өндірісіміз бен өңіріміздегі барлық потенциалды пайдаланып, алға жеделдеп ұмтылуымыз керек деген сөз., — деді депутат.
Ол жаңа геосаяси тәртіп орнаған тұста, әгәрәки Қазақстан өзіне тиесілі, өзіне лайықты орын ала білсе, бұл деген Қазақстанның болашағы кемінде тағы елу немесе жүз жылға қамтылады деп санайды.
— Екіншісі, Президент өз Жолдауында «бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек» — деген өте маңызды ой айтты. Түсінген адамға «бір ұлт болып, табанды еңбек ету» дегеніміз – бір ел болып, бір қауым болып, әуелі бір тудың, бір тілдің, бір мемлекеттің, бір мақсаттың айналасында шоғырлану. Бір ұлт дегеніміз – бұл этникалық қатысы емес, бұл мемлекетшілдік тарапынан өлшенуі керек. Ұлт дегеніміз – белгілі бір мемлекеттің тағдырына алаңдайтын шоғырланған қауым деп түсінсек, демек, бізде Қазақстанда табанды еңбек ететіп, жаңа геосаяси тәртіпте өз орнымызды алу үшін, әуелі бір ұлттық ұстанымға бекіп алуымыз керек. Бір ұлтта ешқандай тілдік, діни немесе ұлтаралық, қызметаралық, тіпті әлеуметтік жағдайына қарай алалау болмауы тиіс. Түсінген адамға осының өзі де жеткілікті, — деді Ринат Зайыт.
Әрине, Жолдауда көптеген маңызды мәселелер айтылды, бірақ ол мәселелер әзірге жоспар және тапсырма түрінде.
— Нақты ұстаным – ақтық бағытты мен өз басым осы екі сөйлемнен көріп тұрмын.
Жолдауда айтылған ең үлкен мәселелердің тағы бірі ол – Жалғызпалаталы Парламентке ұмтылу. Бұл жағдайдың айтылып жүргені бүгін ғана емес, сондықтан оның қаншалықты дұрыс, қаншалықты маңызды екендігін мен айтпай өздеріңіз де түсініп жатырсыздар, түсінбегендерге түсіндіріп жатқан адамдар да бар. Қорытындылай келгенде айтқым келмегі, біз әр Жолдауды әңгіме қылып қана қоймай, әр ойдың ішінен өзімізге қатыстысын алып, сол бағытта жұмыс істесек қана Жолдаудың орындалмағы анық.
Елдің болашағы жарқын болғай!, — деп тәпсірледі «AMANAT» фракциясының депутаты Р. Зайыт. 

Оқылып жатыр

«Жемқорлық биліктің түбіне жетті»: наразы халық бұрынғы премьер-министрдің әйелін өлтірді

«Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты

«Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)

«Елдің сөзін құлағына да ілмеді»: Алматыда автобусты тоқтатып қойып, намаз оқыған жүргізуші жолаушының наразылығын тудырды (ВИДЕО)

Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр

«Мешітте азан шақырады»: Бас Имам әкесін cоққыға жыққан адамға қатысты мәлімдеме жасады

Соңғы жазбалар

«Жемқорлық биліктің түбіне жетті»: наразы халық бұрынғы премьер-министрдің әйелін өлтірді

9 Қыркүйек, 2025

«Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты

9 Қыркүйек, 2025

«Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

9 Қыркүйек, 2025

«Елдің сөзін құлағына да ілмеді»: Алматыда автобусты тоқтатып қойып, намаз оқыған жүргізуші жолаушының наразылығын тудырды (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

«Көргенсіздік көрсетіп отырғандардың дені – әйелдер»: Света Айтбаева қоғамдық орындарда айқай-шу шығаратын әйелдердің бар екенін растады

9 Қыркүйек, 2025

Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр

9 Қыркүйек, 2025

Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады

9 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

9 Қыркүйек, 2025

Хазірет ауылына көгілдір отын жетті

9 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.