Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Қуанышбек Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Марат Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президент Протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Фото: Ақорда